• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

Жеңімпаздар марапатталды

545 рет
көрсетілді

“Қазақстан Жастарының кон­гресі” мен Білім және ғы­лым ми­нис­трлігі биылғы жыл­дың тамы­зы­нан бастап инно­ва­ция сала­сын­да жас дарынды ма­ман­дарды іздеу жолында және жастар ара­сын­да инно­ва­ция­лық белсен­ді­лік­ті арттыру мақ­сатында “Қа­зақ­станда жа­сал­ған” респу­бли­­ка­лық инно­ва­ция­лық жобаны ұйымдас­тыр­ған­-ды. Жуырда Ас­та­на­да 6 но­­­ми­нация бойынша үздік деп та­был­ған жеңімпаздар мара­пат­­тал­ды. Құрылыс индустриясы жә­не құрылыс материалдарын өн­ді­ру саласындағы үздік жоба бо­йын­ша Жәңгір хан атындағы Ба­тыс Қазақстан аграрлық-тех­ни­калық университетінің аға оқы­тушысы, техника ғы­лым­да­ры­ның канди­даты Нұргүл Әді­ло­ва жеңімпаз деп танылса, Атом өнеркәсібі, атом энер­ге­ти­ка­сы саласындағы жүлдені Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қа­зақ­стан мемлекеттік тех­ни­ка­лық университетінің фи­зика ка­фе­драсының оқыту­шысы, фи­зи­ка-математика ғы­лым­­да­ры­ның кандидаты Әлмира Жыл­қа­шынова еншіледі. Ал агро­өнер­кәсіптік кешен сала­сын­да­ғы үздік жоба иесі М.Х.Ду­лати атын­дағы Та­раз мемлекеттік уни­вер­си­тет­і­­нің “Туризм, тұр­мыс­тық қыз­мет және сервис” ка­фе­драсының аға оқытушысы Ал­тынай Мол­да­шева болса, био­технология сала­сын­дағы жүл­дегер болып Қостанай мем­ле­кеттік педагогикалық инс­ти­ту­ты­ның “Биология және гео­гра­фия” кафедрасының оқыту­шы­сы Же­ңіс­күл Бөжекенова атан­ды. М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мем­лекеттік университетінің “Ком­пью­терлік жүйе” кафедра­сы­ның аға оқы­ту­шысы Жазира Тас­жү­ре­кова ақ­параттық және ком­му­ни­ка­циялық технология­лар сала­сын­дағы жоба жеңім­па­зы болды. Сондай-ақ арпа ішін­де бір бидай іс­пет­ті Солтүстік Қа­зақ­стан мем­ле­кеттік универ­си­тетінің 2-курс магистранты Виталий Сетров хи­мия, фарма­цев­тика және мұнайгаз сала­сын­дағы үздік жоба авторы деп танылды. Байқауда жалпы саны ал­пыс­қа жуық инновациялық жобалар қаралып, олардан жүзден жүй­рік, мыңнан тұлпар деп жоға­ры­дағы жо­балар танылған. Же­ңім­паз­дар­ды марапаттау рәсіміне ар­найы келген Парламент Мә­жі­лісінің де­путаты Мұрат Әбе­нов жүлде алған жоба жетек­ші­лері болып табылған жас ғалым­дар­ға бұдан да биік же­тіс­тіктерге жете берулеріне тілек­тестігін біл­дірсе, “Қазақстан Жас­та­рының кон­гресі” ЗТБ атқарушы дирек­­то­рының міндетін атқару­шысы Шахмардан Байманов алдағы уа­қыттарда бизнес жо­ба­лар бай­қа­уын ұйымдастыру жос­парда тұрғ­а­нын айтады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.