• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

Ақпараттық технологиялар жайы сөз болды

545 рет
көрсетілді

Кеше Байланыс және ақпарат министрлігінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстандағы ІТ-технологиялар мәселесі бой­ынша орталық мемлекеттік органдар басшыларының және ІТ-компаниялар ассо­циа­циясы өкілдерінің қаты­суымен жұмыс бабында көш­пелі кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Ми­нистрдің баспасөз қызметі. Кеңес барысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, “Зерде” ұлттық инфокоммуникация холдингі” АҚ-тың басқарма төрағасы Нұрлан Измайлов, ІТ-компа­ниялардың Қазақстандық ассо­циациясының президенті Нұр­лан Исин, “Зерде” ҰИХ” АҚ бас­қарма төрағасының орын­басары Биекеш Нұрғалиева, “Қазақтелеком” АҚ-тың бас­қар­ма төрағасы Қуанышбек Есекеев, “Логиком” АҚ-тың бас директоры Сергей Швалов және басқалар сөз сөйледі.