• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2010

Жолға қатысты мәселе шешім табуда

430 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Көлік және коммуникациялар министрі Әбілғазы Құсайынов пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің Оңтүстік Қазақстан облысында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізінің құрылысы және осы өңірде магистраль салу үшін жер телімдерін сатып алу туралы ағымдағы жылдың 29 қазанында “Астана – Шымкент” телекөпірі барысында айтылған тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндамаларын тыңдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Министр А.Құсайынов пен әкім А.Мырзахметов жол құры­лысы үшін қажетті жер учаскеле­рін сатып алу кестесінің әзірлен­гені туралы баяндады. Негізгі проблема – 232 км. автожолының 202 км.-і бос, яғни жұмысты бас­тауға болады, ол жүзеге асыры­ла­ды. Қалғаны 30 км. – олардың 2/3 бөлігін сатып алу кесте бойынша 15 желтоқсанда аяқталады. Ал сот процедураларына байланысты мә­селелер 10 наурызға дейін аяқ­талады”, деді А.Құсайынов. Бұ­ған қоса, ол 22 км. жолды құ­райтын жер телімі бойынша қиыншылықтар үстіміздегі жыл­дың 1 желтоқсанына дейін жойы­латынын айтты. Қалған 8 км. жер бойынша мәселе  2011 жылғы нау­рызға дейін шешіледі. Осылайша, ХКД құрылысы мен қайта жаңарту бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың желтоқсанында бастала­тын болады. А.Құсайынов сондай-ақ, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” жобасын іске асыру жөніндегі жұ­мыстардың Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облы­сының әкімі А.Мырзахметов дайындық жұмыстары, мердігер ұйымдарды тексеру мен жұмыл­дыру туралы, сондай-ақ қажетті құрылыс материалдарының бар екендігі туралы хабарлады. Бүгінгі таңда біздің облыста жобаны іске асыру үшін ешқандай проблема жоқ, деді А.Мырзахметов.