• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2010

Заң мәдениетін дамыту

735 рет
көрсетілді

Әділет министрлігінде заң мәдениетін дамыту жөніндегі қа­­былданған шаралар туралы бри­финг ұйымдастырылды. Оны ми­нистр­ліктің ресми өкілі Е.Ерімбет жүргізіп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кейбір ұсынымдарының орында­луы, жеке сот орындаушыларының институты, “Әділет кеңес береді” рес­публикалық акциясының нә­ти­жесі, мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің ал­ғашқы отырысы және ұлттық-пат­риоттық қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары туралы мәселелерді жария етті. Қазақстан Еуропадағы Қауіп­­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымы­ның заңнамалық шаралармен қам­та­масыз ету бөлігіндегі негізгі та­лаптарын орындады. Атап айтқан­да, ЕҚЫҰ ұсынымдары бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін жетілдіруде, соттарға қамауға алуды санкциялау құқығын беруде және Қазақстан аумағында жергілікті өз­ін-өзі басқаруды енгізу мен сайлау туралы тиісті өзгерістер енгізу ба­рысында ескерілді. Бұл тұрғыда ақ­параттық заңнаманы одан әрі ыр­ық­тандыру, саяси партияларды тір­кеуді яғни қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға тый­ым салуды алып тастау бөлігінде тү­зетулер енгізу, саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржы­ландыру, жергілікті өзін-өзі басқа­руды тиісті әкімшілік-аумақтық бір­лік мәслихаттары арқылы іске асы­ру жүргізілді. Орталық сайлау ко­миссиясының дауыс беру құқы­ғы­на ұсынылатын куәліктерді дай­ын­дауды, есепке алу тәртібін анық­тауды ұйымдастыру құзыреті бел­гі­ленді, депутаттық мандаттарды дау­ыс беру нәтижесімен партиялық ті­зім бойынша бөлу нормасы толық­ты­р­ылды, деді Е.Ерімбет. Ал сот актілерін орындау коми­те­ті бойынша Мемлекет басшысы­ның құқық қорғау қызметін ре­фор­малау жөніндегі Жарлығына сәйкес атқарушы құжаттарды орындау функ­циялары мен өкілеттіктері ми­нистрліктің қарауына берілген бо­латын. Осыған орай қазір сот ак­ті­лерін орындау комитеті Әділет ми­нистрлігінің құрамында жұмыс істейді. Таяуда “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындау­шы­ла­ры­ның мәртебесі туралы” және “Қа­зақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық іс жүр­гізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң­дар қолданысқа енгізілді. Осы заң­дардағы нормалар атқару қыз­ме­тін жақсартады, шектеу шарала­р­ы­ның тізбесін кеңейтеді, көптеген құқықтық олқылықтарды жояды деп күтілуде. Сонымен қатар, енді Қазақ­стан­да баламалы негізде жеке сот ор­ындау институты енгізіледі. Бұл орайда мемлекеттік жеке сот орындау жүйесі де қатарласа жұмыс істей береді. Бірақ қазақстандық жеке сот орындаушысының қыз­ме­ті мемлекеттік орындаушылармен бірге, оны толықтыра отырып, жү­зеге асырылады. Мемлекеттік ор­ган­дар заң қызметтерін үйлестіру ке­ңесінің алғашқы отырысында құ­қық­тық насихат жөніндегі жұ­мыс­ты ведомствоаралық үйлестіру, нор­мативтік құқықтық актілерді тір­кеу мониторингінің нәтижелері, заң шығару институтының норма­тив­тік құқықтық актілерді әзірлеу­ші органдармен және басқа да ғы­лыми институттармен өзара іс-қи­мылын жақсарту мәселелері талқыланды. Александр ТАСБОЛАТОВ.