• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2010

Отанымызды танытар тамаша мүмкіндік

411 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ Саммитін Аста­на­да өткізуге қол жеткізу – Қа­зақ елінің басты жетістігі. Ол ең алдымен Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың әлемдік қоғам­дастықтағы абырой-бе­де­лі мен халықаралық дең­гей­де­гі ұтымды да өзекті, за­ма­на­уи ұсыныс-баста­ма­ла­ры­ның арқасында жүзеге асты. Енді бұл саммитті өткізу Қа­зақ­станға қаншалықты тиімді де­ген қарапайым сауалға жа­уап іздеп көрсек. Біріншіден, еліміздің әлем­­ге танылуына мол мүм­кін­дік ашылады. 56 елдің жо­ға­ры деңгейдегі басшылары 20-ға жуық халықаралық ұй­ым­­дардың жетекшілері елор­дамызға атбасын бұрады. Мың­­даған әлемдік ақпарат құ­рал­дары Астанадан хабар та­ратып қана қоймай, елі­міз­дің тыныс-тіршілігі туралы ма­териалдар дайындайды. Елордамыз саммит кезінде әлемдік деңгейдегі саяси оқи­ға өтіп жатқан орталыққа ай­на­лады. Ұйымға мүше ел­дер­дің президенттері мен ха­лық­аралық ұйымдардың бас­шы­ла­ры адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді талқыға салады. Түрлі пікірлер, жаңа ұсы­ныс­тар, тың мәлімдемелер та­ратылады. Дүние жүзінің на­за­ры ол күндері ЕҚЫҰ Сам­миті өтіп жатқан Қазақ еліне ауа­ды. Бұл – мемлекетіңді бір-екі-ақ күнде жер-жаһанға та­нытатын керемет мүмкіндік. Қазақстан осы жиынды өткізу арқылы өзінің мәде­ние­тін, салт-дәстүрін, сұлу табиғатын да таныстыра ала­ды. Мұндай алқалы жиынды ұйымдастыру, бүгінгі заман ті­лімен айтқанда, еліңе кең кө­лемде халықаралық дең­гей­де пиар жасау деген сөз. Әлем­­ге әр ел өзіндік ерек­ше­лі­гімен танылуға ұмтылады. Мәселен, Норвегия, Сауд Ара­биясы, Кувейт туралы әң­гіме қозғалғанда бірден мұ­най­ға бай бақуатты мем­ле­кет­тер екендігі ойымызға ора­ла­ды. Ал Жапония, Оңтүстік Корея, Германия дегенде жа­ңа технологиясы дамыған ел­дер ретінде есімізге түседі. Бі­рік­кен Араб Әмірліктері, Еги­пет, Түркияны айтқанда ту­ризм, сауда орталықтары екен­дігін ескереміз. Сауд Ара­биясы мұсылмандардың қа­си­етті орталығы ретінде, Гол­лан­дия раушан гүлдерімен, Франция Эйфель мұнара­сы­мен, Италия, Грекия ежелгі та­рихи орын­дары­мен да­ра­ла­нып тұрады. Қазіргі күні Қазақстанның да өзіндік имиджі қалыптаса бастады. Біздің еліміз ұлт­ара­лық татулық пен дінаралық келісімнің орталығы ретінде танылып үлгерді. Қазақ­стан­дық үлгіні мойындаған ЕҚЫҰ, Ислам Конферен­ция­сы Ұйымы сияқты халық­ара­лық құрылымдар төрағалық тізгіндерін сеніммен тап­сы­рып отыр. Енді саммит бары­сын­да да осы ерекшелігімізді дүние жүзіне тағы бір паш етуге мүмкіндігіміз бар. Мына қым-қуыт жедел дамыған жа­һан­дану заманында әлемді таң­қалдырып, өзіңе тарту қиынның қиыны. Бірақ Қазақ елі Ұлт Көшбасшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың сараб­дал саясатының арқасында за­ман ағымынан қалыспай, өзіндік даму жолымен әлемге таныла алды. Бұл бір-ақ күн­де келе салған жетістік емес, оның аржағында қазақ хал­қы­ның кеңпейіл дархан көңілі мен ұстамдылығы, басқа ұлт­тар­мен сыйласа білген биік мәдениеті менмұндалап тұр. “Адам баласына адам бала­сы­ның бәрі дос”, деген ұлы Абай бабамыздың ұрпағына қал­дырған аманаты тәуелсіз Қазақ елінің негізгі ұс­та­ны­мына айналды. Бұл ұста­ным­ның дұрыс екендігін дүние жүзі мойындады. Қазақстан әлем елдерімен ашық әрі әріптестік саясат жүр­гізу арқылы өз мүддесін тү­гендеп келеді. Қазақстан гео­саясат тұрғысынан алғанда әлем­дегі ықпалды елдердің мүдделері тоғысқан қауіпті аумақта орналасқан. Шығы­сы­мызда экономикасы нық, күш-қуаты мол Қытай, сол­түс­тігімізде шекарамыз түйіс­кен ірі ел Ресей. Жанымызда қан­шама жылдар бойы жан­жал тоқтамаған Ауғанстан бар. Орталық Азияның өзінде алаңдататын мәселе көп. Қырғызстандағы жағдай әлі толыққанды тұрақтаған жоқ. Каспий арқылы Иранмен де көршіміз. Бұл елге де әлемдік қоғамдастықтың талабы кү­шей­іп келеді. Осындай аумақ­та тұрған Қазақстан үшін әрдайым өз мүддесін тия­нақ­тап, тұрақты және демо­кра­тия­лық даму жолына түскен ел екендігін танытып отыру қа­жетті іс. Оның, әсіресе, қауіп­сіздік жағынан маңызы зор. Азулы көршілеріңмен тепе-тең саясат ұстану үшін еліңнің танымал болуы қажет, әлемдік қоғамдастықта өзін­дік беделің болуы керек. Сондай ашық саясат ұстанған мемлекетпен дүние жүзі са­насады. ЕҚЫҰ Саммитін өткізу Қазақстанның беделін өсіреді. Еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартады. Бейбіт­сүй­гіш, тұрақтылық қалып­тас­қан елімізге әлемнің ірі ком­паниялары қызығушылық танытады. Саммит кезінде әр елдің өкілдері Қазақстан туралы кең мағлұмат алады. Астанаға келген мемлекет басшылары екі жақты ын­ты­мақ­­тастықты дамыту жол­да­рын пысықтауға мән береді. Түр­лі пайдалы қазбалар қоры мол елімізге жаңа ұсыныстар мен жобалар ұсынылады. Олар­дың арқасында Қазақ­станға инвестиция тартылады. Бұл дегеніңіз жаңа өндіріс ошақ­тары мен жұмыс орын­дарының ашылуына түрткі болады. Одан мемлекетіміз тек қана ұтады. Тәуелсіздік алғалы бері елімізде шетелдік инвестицияның нәтижесінде экономикамыздың негізгі салалары аяғынан тұра алды. Елордамыз Астана, ірі ме­га­по­лис Алматы қаласы да­миды. ЕҚЫҰ-ға төраға болу арқылы Қазақстан өзінің түрлі халықаралық рейтинг­тер­дегі көрсеткіштерін де жақсарта бастады. Жақында еліміз Британияның тәуелсіз ғылыми-зерттеу институты жүргізген сауалдама қо­ры­тын­­дысына сәйкес, яғни халқының тұрмыстық жағда­йы, әл-ауқаты, экономикалық көр­сеткіштері бойынша әлем елдері арасында 50-орынды ие­ленді. Legatum Prosperіty Іndex рейтингі бойынша, Норвегия, Дания және Фин­ляндия көш басынан орын алса, Біріккен Араб Әмірлік­тері Қазақстаннан бір саты ғана жоғары тұр. Ал, Беларусь 54-ші, Ресей 63-ші, Украина 69-шы орындарды иемденді. 110 елдің әл-ауқаты сара­ланған тізімді Пәкстан мен Зимбабве аяқтайды. Зерттеу нәтижесіне сүйенер болсақ, Қазақстан бір жылда 26 сатыға бір-ақ жоғарылады. Лигэтум институты мұндай зерттеуді осымен 4-жыл қатарынан жүргізіп келеді. Қазақстанның бір жылда осындай көрсеткішке қол жеткізуі институт маман­дарын таңқалдырған. Сарап­шы­лар бұған ішкі және сырт­қы бағдарламалар мен Қазақ­стан­ның Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі ықпал етті деп есептейді. Халықаралық деңгейдегі алқалы жиынды өткізу туризм саласының өркендеуіне де зор әсер ететін болады. Саммитке дайындық барысында Астана­дағы инфрақұрылым жетіліп, қызмет көрсету сапасы әлемдік деңгейге көтеріледі. Қонақтар тек Астана ғана емес, басқа да табиғаты та­ма­ша өңірлермен танысады. Қазақ елінің тарихы, мә­дениеті, салт-дәстүрі жайлы ақпарат алады. Бұдан артық елімізді таныту үшін қандай шара керек. Сондықтан жұ­мы­ла көтерген жүк жеңіл демекші, әр азамат зор мақ­та­нышпен әрі үлкен жауап­кер­шілікпен өз қолынан ке­летін істі тиянақты атқару ар­қылы саммиттің сәтті өтуіне үлес қоса алады. Еркін БАЙҒАБЫЛҰЛЫ, журналист.