• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2010

Дараланған дайындық жол бойындағы келеңсіздіктерді жоюға көмегін тигізеді

521 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі қау­іпсіздік екені белгілі. Ол адам баласының то­лыққанды өмір сүруі үшін қажет. Өйткені, қа­ра­пайым ғана жол қозғалысы ережесінің сақ­тал­мауы салдарынан талай адамның өмірі қыр­шын кетіп жатқаны қазір жасырын емес. Бұл арада: “Мына жылы мынадай адамдар жол апа­ты­нан опат болды” деп қайталай бергеннен де ештеңе шықпас. Ең бастысы солардың өмі­рінің үзілмеуіне әрбір мемлекеттік орган өз үле­сін қоса алуы қажет дейміз. Себебі, бейбіт күн­де адам өліміне жол беріп қою ешбір ұғым­­ға сый­майды. Сондықтан да еліміз жолда­рындағы кө­лік апаттарының санын азайту мәселесін ІІМ Жол полиция комитеті белсене қолға алып отыр. Комитет басшысы полковник Қайрат Тыны­бековтің айтуына қарағанда, 2007-2009 жылдар аралығында көлік саны 950 мыңға өскенімен, апат саны 22 пайызға төмендеген. Оның үстіне қаншама кемшіліктер болса да, яғни жолдардың талапқа сәйкес келмейтіндігі, көшелердің тар­лығы, жүргізушілер мәдение­­тінің төмендігі, автомәшинелердің ескілігі және олардың орасан көптігіне қарамастан нақты жол-көлік апатынан кісі өлімі мен жаралану азайып, 1400 адамның өмірі сақталынып қалса, 4600 азамат жаралану­дан аман қалды. Бұл үлкен жетістік. Ең бастысы – адамдарды жол апаттарынан аман сақтап қалудың іргетасы қалана бастады. Оның нақты тәжірибесі де жинақталып қалды. Бүгінде Қа­зақ­станда осындай жағымды да жарасымды тә­жірибе жетістіктерін өзге жұрт көре білгендіктен оған қызығушылық та танытып отыр. Мұндай алдыңғы қатарлы тәжірибемен бө­лісу үшін комитет төрағасы Санкт-Петербургке арнайы шақыртумен барып қайтты. Онда қа­зақстандық жол ережесінің бас қадағалаушысы халықаралық конгресстің “Өмір қауіпсіздігі үшін жолдағы қауіпсіздік” атты үшінші отырысына қатысты. Қатысып қана қойған жоқ, үлкен мінберден үлкен мәселені ортаға салды, Қазақстандағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибе туралы жан-жақты ой толғады. Конгресте негізінен жол қозғалысы қауіп­­сіз­дігі саласындағы заңдылық пен мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері талқыға салынды. Сонымен қатар қатысушылар онда, ең алдымен, жол қауіпсіздігін арттыру бой­ынша бағдарламалар мен стратегияларды тиімді жүзеге асыру тәжірибелерімен алмасты. Соның ішінде Қазақстан тарапынан баяндама жасаған Қайрат Тыныбеков, біздің елімізде көлік апатын төмендету барысы үстіміздегі жылы да сақталып отырғанын айтып өтті. Бұл жол жүру қауіп­сіздігін сақтау мақсатында көптеген атқа­рылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Осы үстіміздегі жылы ғана жол-көлік оқиғасы – 6, опат болғандар – 5 және жара­ланғандар 7 пайызға төмендеген. Мұның бәрін айту оңай, бірақ ондай жетістікке қол жеткізу үшін қаншама тер төгіліп, қыруар жұмыс атқарылып жатқанын аз сөзбен түсіндіру қиын. Жалпы жол қозғалысы ережесін сақтау тәр­тібін кез келген адам жүргізушілерді дайындау мектебінен үйренеді. Онда талапқа сай дәріс ала білген жан көлік жүргізудің қыр-сырын же­тік біліп қана қоймай, жол қозғалысы мүшесі ретіндегі жауаптылықты сезіне түседі. Сон­дықтан да бұл лицензияланатын қызмет түріне енгізіліп, соған сәйкес ереже мен дәрежелеу талаптары бекітілді. Ал үстіміздегі жылы оқыту ұйымдарына дәрежелеу талаптары қатая түсті. Бұлар жоғарыда айтқанымыздай, тәжірибесіз жүргізушілердің кінәсінен болатын жол апаттарының санын азайтуға әсерін тигізді. Сол сияқты 15 тәулікке әкім­шілік қамау мен 10 жылға жүргізуші куәлі­гінен айыру түріндегі жауаптылықты күшейтетін заңды шаралардың пайда болуы да көмегін берді. Үстіміздегі жылы республика жолдарында 1,5 млн. заң бұзушылықтың алды алынып, 47 мың спирттік ішімдік ішкен жүргізушілер ұсталды. Көлікті техникалық күтімде ұстау, жол ере­желерін сақтау, белдікті тағу тәрізді талаптар­дың бәрі ең алдымен жүргізушінің өз амандығы үшін жасалса, екіншіден айналадағы өзге адам­дардың өміріне қауіп келтірмес үшін қажет екен­дігі белгілі. Бірақ осыны қанша қайта­ла­ғанмен ұқпайтын адамдардың барлығы қын­жыл­тады. Мәселен, белдікті тақпағаны үшін 163 мың, ал рөлде ұялы телефонмен сөйлескені үшін 57 мың жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. Оны аз десеңіз 42 мың жүргізуші сот шешімімен көлік жүргізу құқынан айырылса, 7,5 мың адамға әкімшілік тоқтам жасалған. Жолдағы жағдайды жақсарту барысында әкімшілік шаралармен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Үкімет қабылдаған арнайы үш жылдық жоспарға сай аймақтық бағдарламалардың орындалуы біршама көмегін тигізді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясын­да жол полициясы автокөліктермен, компью­тер­лермен және басқа да ұйымдық тех­никалармен қамтамасыз етіліп, материалдық-техникалық жағдайын біраз түзеп алды. Қазіргі күні еліміздің 11 аймағында “Ба­қылау” автоматты ақпараттық-іздеу жүйесі іске қосылып жұмыс істеуде. Бұл әкімшілік ша­ра­ларды орындау үшін біртұтас банк мәліметтерін құруға және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің баптарын мүлтіксіз жүзеге асыруға септігін тигізеді. Оның тағы бір тиімді қыры аталған жүйе жолдағы жүргізушіні және көлік құралдарын ІІМ жинақталған банк мәліметтері есе­біне сай, яғни, “Ай­­дап әкету”, “Із­деу”, “Әкімшілік тә­жі­ри­бе”, “Тех­бай­қау”, “Се­німхат”, “Жүр­гізуші куәлігі” және “Ба­ғыт­тама” са­ла­ла­ры бойынша инс­­­пек­торға тексе­ру­ге мүм­кіндік ту­ғы­­­за­ды. “Жол полициясы комитетінің атқарып отырған жұмыс нә­тижелеріне қарап, бұл қызметтің біздің елі­міз үшін ауадай қажет екендігіне көз жете түседі. Өйткені, үнемі же­дел-сауықтыру шаралары өт­кізіліп тұрмаса, бір ғана көлік жүргізушілер тара­пынан заң бұзу­шылық көріністері қаптап кетпек. Бұған мы­сал­ды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Мә­селен, үс­тіміздегі жылдың 18-25 қазаны аралы­ғын­да жол-көлік оқиғасын ескерту және олардың зар­дабын төмендету мақсатында өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытын­дыладық”, – дейді Қайрат Тыныбеков. Еліміздің автожолдарында қадағалаудың тиімділігін және қауіпсіздіктің жай-күйіне бақылауды арттыру үшін, әсіресе апатты-қауіпті учаскелерде осы аталған жедел-профилак­ти­калық іс-шарасы кезінде жол полициясының патрульдеу маршруттары басқа да аумақтық ішкі істер органдарының күш-құралдарымен ны­ғайтылыпты. Республикада күн сайын орташа есеппен полицияның 5800 қызметкері, оның ішінде жол полициясының 3500 қызметкері осы міндетке тартылады екен. Сонда осы жедел-профилактикалық іс-шара не көрсетті дейсіздер ғой. Оның барысында жол қозғалысы ере­же­лерінің 93 мыңнан астам бұзылғаны анықталса, оның ішінде 2728 адам көлікті мас күйде бас­қарған, 17424-і қозғалыстың белгіленген жыл­дам­дығын асырған, 6717-і көлікті құжатсыз жүр­гізген, 1798-і қозғалыстың қарсы жолағына шығу тәртібін бұзған, 307-і ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағын­баған, 3989-ы жаяу жүргіншілер қозғалысы ережесін бұзған. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзғаны үшін 365 адамға қатысты әкімшілік істер қозғалған көрінеді. Егер жоғарыда айтылған шара алдын ала жүр­гізілмеген болса, онда бұл заң бұзушылықтар­дың арты орны толмас өкінішті жағдайларға соқтырары әбден мүмкін еді. Сондықтан да бүгінгі таңда жолаушылар және мемлекеттік жеңіл автокөлік жүргізу­ші­лерінің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. Әсіресе автобус жүргізушілері қоғамдық көліккке беріл­ген жеңілдіктерді асыра заң бұза пайдаланады. Автобус жүргізушілерінің осындай әрекетте­рінен талай адам опат болып жатыр. Жүгенсіз кеткен бұл жүргізушілерді тәртіпке келтіру үшін бірқатар шаралар да қолға алынды. Соның нәтижесінде жолаушылар көлігінің жүргізуші­лері жасаған 4941 заң бұзушылық және мем­лекеттік жеңіл автокөлік жүргізушілері жасаған 1762 заң бұзушылық анықталды. Автобустарды мас күйде басқарған 25 жүргізуші ұсталды, 852 жүргізуші жолаушыларды тасымалдаудың тәртібін бұзған. Заңсыз қайта жабдықталған 368 автобус және техникалық жарамсыз 1341 көлік белгілі болды. Ал 565 автобусқа одан әрі пайда­лануға тыйым салынды. Сөйтіп, инженерлік-техникалық құрам мен ұйымдардың 276 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ заң бұзған автобус жүгізушілеріне уақы­тылы ескерту жасалғанымен, оны қаперіне алатындары аз. Соған орай бір жыл ішінде жол қозғалысы ережесін қайта бұзған 615 жүргізуші ұсталып, оның ішінде 106 автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін қаншалықты меңгер­гені бойынша білімін қайта тексеруге жіберілді. Жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, қоға­мымызда орын алып жатқан қайсыбір келең­сіздіктер туралы да тілге тиек етпеске болмас. Әсіресе, мына күн санап қылмыстың өршіп ба­ра жатқаны жанға батады. Оның бәрін ауыздық­тауға, түп-тамырымен құртуға құқық қорғау органдарының шамасы жете бермейді. Сондайда жол полициясы қызметкерлерінің қылмыстарды ашудағы көмегін айрықша айтуға болады. Мәселен, жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 512 қылмыс ашылып, оның ішінде 56-ы автокөлік құралдарын ұрлау әрекеттері анықталды. Ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті бұзған 2832 адам жеткізіліп, 703 адам медициналық айықтырғыштарға тапсырылды. Міне осындай жедел профилактикалық іс-шараларды өткізу кезіндегі қабылданған шаралар тек жолдардағы ғана емес, қоғамдық орындарда болуы ықтимал келеңсіздік пен апаттың алдын алуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, еліміз бойынша жол-көлік оқиға­лары 6,1 пайызға, қаза тапқандар 4,6 пайызға, және жарақат алғандар 7,7 пайызға төмендеді. Өткізілген іс-шаралардың тиімді екенін ескере отырып, ІІМ-нің Жол полициясы комитеті жол­дарда бақылауды күшейту және жол-көлік оқи­ғаларын ескерту бойынша кешенді шараларды одан әрі жүргізе беруді дұрыс деп санайды. Соған орай еліміздің жол полиция комитеті алдағы уақытта, біріншіден, жол қозғалысы қауіпсіздігінің өткір мәселелерімен халықты әрдайым ақпа­рат­тандыру мен на­сихат жұмыс­тарын жүргізе бе­руді жал­ғас­ты­ра бермек. Екін­ші­ден, құ­қық қор­­ғау ор­ган­да­рын ре­фор­малау ба­ры­сында мем­ле­кеттік тех­ни­ка­лық байқау жүр­гі­з­уді бәсе­ке­лес­тік ортаға бе­ру­ді жүзеге асыр­­мақ. Бұл жаңа тетік жүйесі ке­ле­сі жыл­­­­­­дың бі­рін­ші маусы­мы­нан бас­тап іске қосы­ла­ды. Атал­ған шара көлік­тер­дің тех­ни­ка­лық жай-күйін жақсартуға көмегін тигізері анық. Үшіншіден, баяу болса да бүгінгі таңдағы жолдардың құрылысымен байланысты қозғалыс мәселелері шешімін тауып жатыр. Төртіншіден, жолау­­шы­лар тасымалы қауіпсіздігін арттыру мақ­сатында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша лицензиялау қызметі енгізілуде. Бұл тасымалдау барысын жоғары деңгейге көтеруге, автобус жүр­гізушілеріне талап­ты күшейтуге, сандық тахограф­тарды енді­руге жол ашады. Бесіншіден, жол-көлік оқиғасы кезінде жәбірленгендерге талапқа сай меди­циналық көмек көрсету негізгі міндет болып табылады. Қаланың ішінде жоғарыдағыдай жағдайға ұшырағандарға жедел жәрдем көмегі дер уақытылы көрсетілсе, тас­жол бойында ондай көмекті күту қиын. Сондықтан да келесі жылдан бастап көрші Ресей елінің тәжі­рибесіне сәйкес тасжолдардың аса қауіпті деген тұс­та­рына 12 жедел дәрігерлік құтқару нысан­да­ры құрылатын болады. Бұл орын алған оқиғаға дә­рігерлердің 25 минөт ішінде келіп жетуіне мүм­кіндік туғызады, дейді полковник Қайрат Тыныбеков. Александр ТАСБОЛАТОВ.