• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2010

8 алтын, 6 күміс, 4 қола!

465 рет
көрсетілді

Анкарадағы тұңғыш Түркі универсиадасында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды Қазан айының соңғы аптасында Түркия астанасы Анкарада Дүние­жүзілік Бірінші Түркі универсиа­дасы өтіп, оған бес елдің, атап айт­қанда, Қазақстан, Түркия, Қырғыз­стан, Әзірбайжан және түрік Кипрінің студент командалары қатысты. Жарыстар спорттың бес түрі бойынша өткізіліп, грек-рим және еркін күрестен, волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шахматтан күш сынасу болды. Барлығы 17 медаль жиынтығы бәсекеге салынды. Негізгі ұйыт­қысын Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері құра­ған біздің ел командасы марапат­тардың басым бөлігін жеңіп алды. Сөйтіп қоржынға түскен 8 алтын, 6 күміс және 4 қола медальдар түйін­ді нәтижеде біздің спорт­шыларымызға бірінші жалпы­коман­далық орынды сенімді түрде еншілеуге мүмкіндік берді. Делегация басшысы, профессор Қайрат Зәкірияновтың пайым­дауынша, спорттық нәтижелердің тұрақты өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік Түркі ойындарын өткізумен айналысатын ұжымдық орган – Түркі тілдес халықтардың спорттық студенттік федерациялары Ассоциациясы құрылды. Петр ПОМИНОВ, Қазақ спорт және туризм академиясының қызметкері.