Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан салынып жатқан КМГ кәсіпорындары дирекциясының бас директоры Нұрлан Балғымбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Н.Балғымбаев Президентке қазақстандық-италиялық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қазақстан Президентінің 2009 жылғы қарашада Италия Республикасына ресми сапары аясында “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы мен Enі компаниясы арасында құрылыс туралы келісімге қол қойылған. Олардың қатарында Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау, Орал қаласының аумағында газ құбыры стансасын салу, Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты, Каспий теңізіндегі кеме құрылысы мен кеме жөндеу зауыты, Қазақстанның барлық өңірі бойынша газ пайдалануды оңтайландыру туралы жоба және Исатай мен Шағала кен орындарына барлау жасау жобалары бар.
Мен бүгін Президентке біздің жобаларды іске асырудың барысы туралы баяндадым. Біз кестеге сай жұмыс жасаудамыз. Биылғы жылы біздің жобалар бойынша барлық техникалық және технологиялық өлшемдері анықталған техникалық-экономикалық негіздеме аяқталды. 2011 жылы біз келесі кезеңге – жан-жақты жобалауға кірісеміз, ал 2012 жылы осы жобаларды, яғни құрылыс жұмыстарын іске асыра бастаймыз, – деді журналистерге арналған брифингте Н.Балғымбаев.