• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

“Аққу” қанат қаға бастады

609 рет
көрсетілді

Ақтауда мұнайлы аймақтың ға­на емес, егемен еліміздің еңсесін кө­­тере түсуге бағытталған “Жер-Теңіз-Аспан” мегажобасының құрамдас бө­лігі “Ақтау Сити” қаласы құры­лы­сының жүзеге асырылу барысына арналған конференция өтті. Оған осы күндері Ақтауда өтудегі аймақ­тық 5-ші “Мұнай-Газ.Инфрақұ­ры­лым-2010” көрмесі мен аймақтық мұ­най-газ техникалық конферен­ция­сына қатысудағы мұнай-газ өн­діру және сервистік қызмет көрсету кәсіпорындарының басшылары қа­тысты. Онда облыс әкімі Қ.Көшер­баев Елбасы қолдауымен жүргізіліп жатқан мегажоба және басқа да игі істердің жүзеге асуы, жоғары қар­қын ала түскен қазыналы түбектің әлеуметтік-экономикалық жетіс­тіктері жайлы жан-жақты әңгіме­леді. Қазақстан қала құрылысы ода­ғының президенті Л.Нысанбаева, Англияның “Strategіc Partners” ком­паниясының президенті Ф.Роберт­сон және басқалар болашақтың қаласы, өркенді өңір туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Одан соң “Каспий” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төра­ға­сы А.Нұрғалиев “Ақтау Сити” қа­ласы жобасының даму перспекти­васы “Аққу” деп аталатын бірінші ша­ғын ауданның құрамында са­лы­нудағы нысандар туралы хабарлама жасады. Жалпы 2800 отбасын эко­ном-классты тұрғын үймен қам­та­масыз ететін ауданда бұл күндері алғашқы алты үйдің құрылысы жүруде. Осы жерде екі орта мек­теп, үш балабақша, сауда, мәдени ор­талықтар, спорт кешені сияқты әлеуметтік нысандар салынады. Ауданның инженерлік инфрақұ­ры­лымы мен абаттандыру жұмыс­та­рының жобалық-сметалық құжат­та­масын орындаушы мердігерлер бел­гіленіпті. Жалпы құны 25,5 млрд. теңге болатын “Аққу” шағын ауда­ны жобасын “Каспий” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырмақшы. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.