• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Маңызы айтарлықтай шаралар кезеңі

392 рет
көрсетілді

9-11 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджановтың ша­қы­руымен Қытай Халықтық саяси алқалық кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Төр­ағасы (ҚХСАК БК) Цзя Цинлинь Қазақстанға сапармен келеді. Бұл екіжақты қа­ты­настар тарихындағы ҚХСАК басшысының Қазақстанға жасайтын тұңғыш сапары болмақ, деді апталық дәстүрлі брифингте СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров. Сапар барысында Цзя Цинлинь ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабыл­дауын­да болып, ҚР Парламенті Сена­ты­ның Төрағасы Қ.Тоқаевпен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамед­жанов­пен және ҚР Премьер-Министрі К.Мә­сі­мовпен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. 12 қарашада Ашғабадта екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшы­лары­ның орынбасарлары деңгейінде Қазақстан-Түркіменстан сыртқы істер министрліктері арасында консультация­лар өтуі жоспарлануда. Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай өкілдік етеді, деп жалғады сөзін І.Омаров. Баспасөз хатшысы келесі кезекте 1-2 желтоқсан күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық барысы және оның мазмұнын толықтыру жағы қарастырылатынын атап көрсетті. Атал­ған консультациялар жоғарғы кездесулер алдындағы өзіндік “уақыт салыстыру” болып табылады және келісілген ұстанымдарды ойластыруда, сондай-ақ Ұйым шеңберінде ортақ аймақтық мүдделерді ескере отырып консенсусты кеңістікті нығайтуда ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси ынтымақтастық кестесіне сәйкес 10 қарашада Астана қаласында Сот төрелігі мен құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің 9-шы отырысы өтеді. Кездесу барысында тараптар көптеген тізілімде­мелерді, соның ішінде  “Еуропаға жол” Мемлекеттік бағдарламасы мен Орталық Азиядағы ЕО-ның стратегиясы шеңберінде сот төрелігі мәселесі бойынша өзара іс-қимыл, терроризмге қарсы күрес, адамдар­ды сату және заңсыз көші-қон, жемқор­лықпен күрес және заңсыз есірткі айналы­мы, жеңілдетілген визалық режім жөніндегі  мәселелер талқыланады, деді І.Омаров. 8-9 қарашада Теһеран қаласында “Азиялық пікірлестік пен тұтастыққа: өркендеуге, бейбітшілікке және әділет­тілікке болысу” атты Азиялық ынтымақ­тастық диалогына (АЫД) мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің 9-шы отырысы өтеді, деді қорытындысында баспасөз хатшысы. Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ басқарады. Азиялық ынтымақтастық диалогы – саяси және экономикалық ын­ты­мақтастықтың сан қырлы бағыттары бой­ынша Азиядағы өзара іс-қимылға қатысты мәселелерді өзара мәміле негізінде диалог, кеңесу, шешімдер мен шаралар қабылдауға  арналған мемлекетаралық форум. “Егемен-ақпарат”.