Ұлытау ауданында Кенесары ханға ескерткіш қойылды. Батыр бейнесін ақ гранитке қашап, мүсінші Өмірхан Жүнісбеков жасаған. Ескерткіштің биіктігі – 6 метр. Хан Кенеге ескерткіш қою туралы идея Берік Әбдіғалиұлынікі. Осы күнге дейін дәл осы орында қол сілтеп Ленин тұрған болатын. Енді алмас қылышын кеудесіне басып, тәуелсіздіктің символындай Кенесары тұр. Батырға арналған ескерткіштің Ұлытауға қарасты Жезді кентіне қойылуының бір себебі, 1841 жылы осы өңірде ол ақ киізге салынып, хан көтерілген деген ауызекі дерек бар. Әрине, хан Кенеге арналған ескерткіш оның жүрген-тұрған немесе туған жеріне ғана қойылсын деген түсінік жоқ. Кенесары бейнесі жарқырап әр қаланың төрінде, әр ауылда, тіпті әр қазақтың жүрегінде тұруы тиіс.
Айқын НЕСІПБАЙ,
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы.