• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

12-27 қараша аралығында Қытайдың Гуанчжоу қаласында ХVІ жазғы Азия ойындары жалауын көтереді

597 рет
көрсетілді

Азиадаға аттанды 12-27 қараша аралығында Қытайдың Гуанчжоу қаласында ХVІ жазғы Азия ойындары жалауын көтереді. Бұл төрт жылда бір рет өткізіліп, “Азияның Олимпия ойындары” деген бейресми атауға ие болған байрақты бәсеке. Оған құрлықтың 10 мыңнан 12 мыңға дейін өкілі қатысып, спорттың 57 түрінен 476 медаль жиы­нтығын сарапқа салады. Біздің құрама осы жылғы ойындарға жа­рыс­тың 36 түрінен 341 спортшыны қатыстырмақ. Яғни, Қазақстан құрамасы 476 медаль жиынты­ғы­ның тек 245-не, жартысына ғана қа­тысады деген сөз. Оның себебі Азия ойын­дарының бағдарлама­сы­на елімізде танылмаған спорт түрле­рі бар. Олар: бейсбол, крикет, айдаһар биі, қытай дойбысы, кабад­ди, желкенді спорт, сепак­такроу, софтбол, скуэш, софт-теннис және тағы басқалары. Туризм және спорт мин­истр­лігінің деректеріне қарағанда, Қазақстан құрамасы жалпы ко­ман­далық есептен төртінші орын­ды ие­ленуге үміттеніп отыр және оның сапында мынадай танымал спортшылар қатысатын болады. Біздің команданы Олим­пия ойын­дары­ның 1 чемпионы, 7 жүлдегері, әлем чемпионат­та­ры­ның 7 чем­пио­нын, Азия чем­пионаттарының 47 чемпионы, 76 жүлдегері құрап отыр. Бақтияр ТАЙЖАН.