• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту қалай жүргізілуде?

659 рет
көрсетілді

Жүйелі жұмыс үшін қомақты қаржы қажет Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту қалай жүргізілуде? Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары Ж.Кәрібжановтың жетекшілігімен өткен Үкімет сағатында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Депутаттар алдында Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаев пен “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ төрағасы А.Мамытбеков баяндама жасап, туындаған сұрақтарға жауап берді. Елімізде мал басы 1990-2000 жыл­дар аралығында орта есеппен 56 пайызға, одан өндірілетін мал өнімдері 86,5 пайызға кеміп кет­кен-ді. Ал асыл тұқымды мал ша­руа­шылықтарының саны 3 есеге, ондағы мал басы 17 есеге азайған-тын. 62 құс фабрикасының жар­ты­сына жуығы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Осындай мәліметтер кел­тірген Ауыл шаруашылығы ми­нистрі нормативтік-құқықтық ак­тілердің қабылдануы, ветеринарлық жүйенің халықаралық талаптарға сай етілуі және осы салаға белгілі бір мөлшерде қаржының бөлінуі жағдайды жақсартқанынан хабар­дар етті. Соның нәтижесінде мал басы орта есеппен 44 пайызға өсіп, мал өнімдерін өндіру артып келеді. Тоқтап тұрған 14 құс фабрикасы өз жұ­мысын қайта бастап, құс етінің импорты 70-тен 58 пайызға төмен­деген. Осы ретте Ақылбек Қажығұл­ұлы мал шаруашылығын дамытуда қаржының мүмкіндігіне қарай ет және сүт өнімдерін өндіру, құс және биязы жүнді қой шаруа­шы­лы­ғы саласына бағытталып отыр­ға­нын жеткізді. Әйтсе де қазіргі таңда шартты мал басына 14 центнер азық бірлігі өндірілсе, бұл зоотех­никалық нормадан 2,3 есе төмен екен. Жайылымдық жерлердің 48 миллион гектарының тозығы жет­кен. Сондай-ақ малдардың гене­ти­­ка­лық әлеуетінің төмендігі бай­қа­луда. Асыл тұқымды табындағы қара малдың үлесі 5,6 пайыз бол­са, бұл дамыған елдермен салыс­тыр­ған­да 10 есеге аз. Өндірістің ұсақ тауарлылығы, яғни ауыл ша­руа­шы­лығы малдарының 85 пайы­зы жеке қосалқы шаруа­шылық­тарда шоғыр­ланған. Вете­ринарлық талаптарға сай әрбір мал басы жылына екі рет диа­гностикалық тексеруден өткізіл­уі қажет болса, ол әзірге бір рет жүр­гізіліп келеді. Жайылымдық жерлер тозбауы үшін гидротехникалық құрылымдар ұстап, суландыруды субсидиялауды қолға алу көзделген. Сол сияқты азық­тық дақылдардың тұқым ша­руашылығына да қаржылық қол­дау­ды артады. Жайылымдық жер­лер­ді қалпына келтіруде де бюджет есебінен несиелеу тетігі қарас­ты­рылады. Министр жайылымнан өзге жергілікті жерлерде тұқымдық бұқалардың 70 пайызының туыс­тық шағылысуларға баруынан мал өнімділігі төмендейтіндігін ескерте кетті. Соған орай қазіргі таңда селекция бағдарламасы 850 ауыл шаруашылығы құрылымын қам­ты­ған. Тіпті бұған шетелдік мамандар тартылыпты. Малдардың генетика­лық әлеуетін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шараларды тіркей­тін бірыңғай электронды база құру жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке қос­алқы шаруашылықтарға жер учаскелерін және жеңіл­детілген несие беру арқылы олардың отба­сылық фермаларға, фермерлік шаруа қожалықтарына бірігуіне жағ­дай жасалады деп күтілуде. “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ президенті Асылжан Ма­мытбеков таяудағы бес жыл ішінде асыл тұқымды мал санын 246 мың­ға, соның ішінде төлдейтін мал ба­сын 135 мың басқа көбейту мақса­тында әлемдегі ең жақсы асыл тұқымды 72 мың бас мал әкелу көз­делгендігімен бөлісті. Асыл тұ­қымды 2 репродуктор құру жөнін­дегі жобаны “Мал өнімдері корпо­рациясы” АҚ іске асыруда. Амери­ка­лықтармен бірлесе жасалған жоба аясында мыңнан аса Ангус және Гере­форд тұқымды жоғары өнімді асыл тұқымды ірі қара мал алып келінген. Осылайша бес жыл ішінде етті мал басының үлесін 13,2 пайызға, ал он жылдан кейін 51 пайызға арттыру қолға алынбақшы. Сондай-ақ құны 13 миллиард теңгеге және барлық өндіріс қуаты 6 мың тонна ет өндіретін борда­қылау алаңын құру бойынша 8 жо­баны қаржыландыру қолдау тап­қан­дығын айта кету керек. Бар­лығы 5 жыл ішінде біржолғы 150 мың бас немесе жылына 300 мың бас мал өсіретін 60 бордақылау ала­ңын құру жоспарланған. Осы­лайша бес жылдан кейін экспортқа 60 мың тонна және 10 жылдан кейін 180 мың тонна сиыр етін шығаруға мүмкіндік туады деп күтілуде. Қосымша баяндама жасаған Мәжілістің Аграрлық мәселелер ко­митетінің төрағасы Ромин Мә­динов азық-түлік қауіпсіздігі бағ­дар­лама­сы­ның орындалғандығын ерекше атады. Комитет төрағасы еттің белгілі бір бөлігін және сүттің 80 пайызын өн­діріп отырған жеке қосалқы шаруа­шы­лықтарды есептен шығарып тас­тауға болмай­тындығын да ескерте кетті. Тіпті, осыған қатысты Үкімет қай­тарып алған заң жобасын кері ал­дыру қажеттігін алға тартты. Соны­мен қатар, әр ауылдық округтегі вете­ринарларға малдарды егуді міндет­теп, оларды қаржылай ынталан­ды­ру арқылы жауапкершіліктерін арт­тыру қажет, дейді ол. Басты ба­ғыт Ресей болғандықтан, солармен вак­цинация бойынша өзара келі­сімдер жүргізген жөн. Қазіргі таңда 180 миллион гектар егістік жер бол­са, әрбір қазақстандыққа шақ­қанда 2 гек­тардан келеді екен. Ал 200 мил­лион гектар жайылымдық жерлердің тек 30 пайызы ғана пайдала­ны­латыны да назардан тыс қалған жоқ. Қорыта айтқанда, Үкімет саға­ты­на баяндамашылар жан-жақты дайындалып келгендігі көрініп тұрды. Отырысты қорытындылаған вице-спикер қаралып отырған мәселелердің маңызды екендігін ерекше айтып кетті. Депутат­тар­дың көптеген ұсыныс-пікірлері не­гізінде әзірленген ұсынымдар тиіс­ті орындарға жолданатын болып шешілді. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін қомақты қаржы қажет етілетіні де белгілі болып қалды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.