• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Дерек пен дәйек

323 рет
көрсетілді

1 470 000 000 Үстіміздегі жылдың 1 маусымында пайдалануға берілуі тиіс “Капитан-Бриг” демалыс және сауық-сайран орталығының екінші кезегіне осыншама теңге инвестиция салынатын болды Орталықтың бірінші кезегі үсті­міздегі жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының тұңғыш Прези­денті атындағы саябақта Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Ақтөбеге сапарына орайластырылып ашылған болатын. Осы заманғы дизайнмен безен­дірілген көгалды алаңқайда орна­тылған әдемі әткеншектер, шағын аквапарк және аттракциондар үлкен-кішінің игілігіне қызмет етуде. Қазір орталыққа коммуникациялар жүргі­зі­ліп, отбасылық аттракционның тұғыртасы құйылған. Демалыс және сауық-сайран орталығы толық пай­да­лануға берілгенде мұнда 300-ге жуық адам жұмыс істейтін болады. Бұл жердің қалалықтар мен қонақ­тар­дың сүйікті демалыс орнына айналатынына күмән жоқ. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе. 1 713 000 Биылғы қыркүйек айындағы есеп бойынша, өңір халқының саны осыншама адам болды Еліміздің басты байлығы адам болғандықтан, оның өсуі мен әлеу­меттік жағынан қорғалуына Ата Заңымызда кепілдік берілген. Жетісу өңірінде де жыл өткен сайын демо­графиялық өсу деңгейі жақсарып, тұрғындардың тұрмыстары мен жалпы жағдайлары оң шешімін тау­ып келеді. Әсіресе, халықты жұмыс­пен, баспанамен қамту және қызмет көрсету аясындағы мәселелерде нә­ти­желі істер қолға алынып, тиянағы келтірілуде. Қазіргі кезде өңірдегі халықтың 408,6 мыңы қалада, 1 304,4 мыңы ауылдарда тұрақтап, тіршілік етуде. Ха­­лықтың табиғи өсімі биылғы қаң­тар-тамызда 14 637 адамды құраса, осы мерзімде 24 637 сәби өмір есігін ашыпты. Халықтың өсуінің басты негізі – отбасын құру. Биыл 10 416 жас шаңырақ көтерсе, 2000-нан аса отбасы ажырасып үлгерген. Халық санының өсуі биылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша, 1 713,000 адамды құрап, демогра­фия­лық ахуалдың біршама жақсарға­нын көрсетті. Әрине, киелі шаңы­рақ­тың шырқы бұзылмаса, алдағы жылы тағы мыңдаған нәресте “іңгә­лап” дүниеге келер еді-ау... Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 139 000 Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметтерінше, облыс бойынша осыншама мың адам өздері қалайтын спорттың түрлерімен шұғылданады Жалпы, бұқаралық спортты да­мыту және саламатты өмір салтын қа­лыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасындағы денешынықтыру бағ­дарламаларын жүзеге асыру бағы­тында жыл сайын облыс көлемінде түрлі жарыстар, спорттық мерекелер өткізіліп келеді. Жоғарыда аталып өткен спорт­шы адамдар қатарының 45 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.Қалалар мен аудан орталықтарында, ауыл­дар­да тұрып жатқан спортпен айна­лысушыларға жалпы облыс бойын­ша 2205 жаттықтырушы-маман қыз­мет көрсетеді. Облыста 3089 спорт кешені бар. Ал, облыс орталығында жасанды алаңы бар 5 шағын футбол стадионы, 2 теннис корты, 5 хоккей алаңы, 1 сырғанақ кешені, 9 жүзу бас­сейні, 3 шаңғы базасы, 28 атыс тирі, “Құлагер” ипподромы, 130 спорт залы жұмыс істейді. Бұларда бір мезгілде 25 мың адам жаттыға алады. Жалпы облыста жоғары дең­гейдегі спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындайтын 27 балалар мен жасөспірімдер мектебі болса, оларда 18 065 бала келіп, күнделікті жаттығады. Еліміздің ұлттық құрама командаларында облыстан 412 жерлесіміз бар. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.