• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2010

Компанияның іскерлік қадамы

366 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Елеусін Сағынды­қов дүние жүзіндегі ірі халықара­лық құрылымдардың қатарына кіретін “METRO Cash&Carry”  ком­паниясы­ның бас директоры Стивен Кригерді қа­былдады.Бұл компания 31 елге өнімін ұсынады және 670 сауда ор­та­лығын бірік­ті­ріп отыр. Қазақстандағы бұл жоба көтерме сауда орталық­та­ры­ның ұлттық жүйесін дамытуға ба­ғытталған. Қазіргі уақытта Астана­да сауда орталығы жұмыс жасап тұр, жыл­дың соңына дейін Алма­ты, Қа­рағанды және Шымкент қалаларында осындай орталық­тар­ды пайдалануға беру көзделуде. Жақын күндері компания Ақтөбе қаласында аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын сауда орталығы құрылысын бастамақ. Онда азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының 25 мың түрі саудаға шығарылатын болады. Өнім ассортиментінің 90 пайызы жер­гілікті өнім өндірушілер, жеткізу­шілер және дистрибъютерлер арқылы қамтылады. Стивен Кригер жергілікті “Food Master”, “Рахат”, “Маслодел”, “Тандем”, Ақтөбе ет комбинаты” ком­пан­ияларымен іскерлік ынтымақ­тастықта екендігін жеткізді. Елеусін Сағындықов “METRO Cash&Carry”  компаниясы бас­шысы­ның бастамасына сай сауда орын­дарын көбейтуге бағыт ұсталатынын мәлімдеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.