• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

425 рет
көрсетілді

2010 жылғы 8 қараша  №1174 Астана, Үкімет үйі

Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп  жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының   40) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. ---------------------------------- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі – Қа­ғида) “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң), “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пай­да­ла­ны­ла­ды: 1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жө­нін­дегі уәкілетті орган – жер қойнауын гео­ло­гия­лық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану са­ла­сын­­да мемлекеттік сая­сатты іске асыру және ба­қы­лау жөніндегі функция­лар­ды, сондай-ақ Қа­зақ­стан Республикасының заңнама­сы­нда белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функ­­цияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уә­кі­летті орган – қоршаған ортаны қорғау және та­би­ғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша бас­шы­лықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асы­ра­тын Қазақстан Республикасының орталық ат­қа­ру­шы органы, сондай-ақ оның аумақтық ор­ган­да­ры; 3) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган – мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік сая­сатты қалыптас­тыруды, басқару үдерісін үй­лес­ті­руді жүзеге асыратын Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның орталық атқарушы органы; 4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уә­кі­летті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 5) ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату – газды алау етіп жағуды болдырмауға бағытталған бар­лық өндірістік іс-шаралар, атап айтқанда: газды өзі­нің техни­калық және технологиялық мұқ­таж­ды­ғы­на пайдалану, электр энергиясын өндіру және сату, газ өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату, газды немесе оны өңдеу өнімдерін сақтау үшін қа­батқа айдау, сондай-ақ қабат қысымын ұстап тұру. Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында айқындалған. 2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібі 2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жа­ғуға (бұдан әрі – газды жағу) рұқсатты жер қой­нау­ын зерттеу және пайдалану жөніндегі, қор­ша­ған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік са­­ласындағы уәкілетті органдардың келісімі бой­ын­ша мұнай және газ саласындағы уәкілетті ор­ган береді. Газды жағуға рұқсат беруді (рұқсат беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті ор­ган осы Қағидада көзделген барлық қажетті құ­жат­тар­ды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жү­зеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушының осы Қағи­да­ның 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген барлық та­лап етілетін құжаттарды бермеуі жер қойнауын пайдаланушыны хабардар ету сәтінен бастап олар­ды беру сәтіне дейін өтінімді қарауды тоқтатуға әкеп соғады. 3. Жер қойнауын пайдаланушы газды жағуға рұқсат беру үшін мұнай және газ саласындағы уә­кі­летті органға сұ­­ралатын рұқсат түріне бай­ла­ныс­ты осы Қағиданың 7, 8 және 9-тармақтарында көз­дел­ген құжаттармен бірге осы Қа­ғи­даның қо­сым­ша­сына сәйкес нысан бойынша өтінім береді. 4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган газ­ды жағуға рұқсат жобасын қажетті құжаттармен бір­ге жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қор­шаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік са­ласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жі­бе­реді. 5. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қор­ша­ған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардағы келісу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс. 6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардан келісімді алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға газды жағуға рұқсат береді. Рұқсатта жағатын газдың көлемі және рұқсат­тың қолданылу мерзімі көрсетіледі. 7. Ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде рұқсат алу үшін өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) жер қойнауын пайдаланушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; 2) жер қойнауын пайдаланушы жасаған және жер қойнауын зерттеу және пайдалану, қоршаған ортаны қор­ғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті ор­гандардың аумақтық органдарымен келісілген ұңғы­малардың жекелеген объектілерін сынау жоспарлары. 8. Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде рұқ­сат алу үшін өтінімге мына құжаттар қоса беріледі: 1) жер қойнауын пайдаланушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; 2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және (немесе) табиғи газды кә­деге жарату немесе өңдеуді дамыту бағ­дарламасын бекіту туралы шешімінің көшірмесі; 3) кен орнын сынамалы пайдалану жобасын бекіту туралы шешімнің көшірмесі; 4) бекітілген кен орнын сынамалы пайдалану жобасына сәйкес газ өндірудің және жағудың болжамды (жобалық) көлемі. 9. Газды технологиялық тұрғыдан болмай қой­майтын жағу кезінде (технологиялық жабдықтарды іске қосу, технологиялық жабдықтарды пайдалану, технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде) рұқсат алу үшін өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) жер қойнауын пайдаланушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; 2) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және (немесе) табиғи газ кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы шешімінің көшірмесі; 3) өндірілетін және жағылатын газды есептеу аспаптарымен техникалық кәсіптік жарақтандыру туралы ақпарат; 4) кен орнын игеру жобасын бекіту туралы шешімнің көшірмесі; 5) өткен жылғы газ өндіру мен газ жағу туралы ақпарат; 6) өтінім беру жылына мұнай мен газды өндіру және газ жағудың жоспарланған көлемі туралы ақпарат; 7) өткен жылғы (газ өңдеу зауыты жұмысының ағымдағы жағдайы мен өңдеу өнімінің көлемі, газтурбиналық станцияның жұмысы, газды қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа тоғыту, мұнай өндірудің газлифтілік тәсіл жүйелерінің жұмыс жағдайы туралы) газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы ақпарат; 8) кен орнын игеру жөніндегі жобалық құжатта көзделген немесе рұқсат алу күніне нақты қолданылатын газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы деректер. 10. Заңның 85-бабының 6-тармағына сәйкес 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін жасалған жер қой­науын пайдалануға арналған келісімшарттар бой­­ынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, егер олар 2004 жыл­­ғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бе­кітілген (келісілген) немесе 2006 жылғы 1 шіл­де­ге дейін құзыретті органда және қоршаған орта­ны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін ілеспе және (немесе) табиғи газды алауларда жағуды жүзеге асырады. Газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаның, оның ішінде іс-шараларға, іске асыру кестесі мен мер­­зімінің технологиялық бөлігіндегі толық­ты­ру­лар мен өзгерістерді жер қойнауын зерттеу мен пай­далану және қоршаған ор­таны қорғау сала­сын­дағы уәкілетті органдардың келісімімен мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 11. Ұңғымалардың объектілеріне сынақтар жүр­гізу кезінде газ жағуға рұқсат бекітілген жобаға сәй­кес ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарына сәйкес мерзімге беріледі, бірақ ұң­ғыманың әр объектісі үшін үш айдан артық болмауы керек. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау ке­зін­де газ жағу іске қосу-баптау жұмыстарына бай­ла­нысты кезең ішінде жүзеге асырылады. 12. Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде және газды технологиялық тұрғыдан болмай қой­майтын жағу кезінде газ жағуға рұқсат бір жылдан аспайтын мерзімге және күнтізбелік жылдың соңына дейін қолданылу мерзімімен беріледі. Бұл ретте кен орнын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат етілуі мүмкін. 13. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың біреуінің газ жағуға рұқсат жобасын келіспеуі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының дұрыс мәліметтер қамтылмаған құжаттарды беруі рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады. Рұқсат беруден бас тарту бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде ресімделеді және дәлелді бас тарту негіздерін қамтуы тиіс. 14. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді, тір­кей­ді, сондай-ақ оларды беруге негіз болған ма­териал­дармен бірге рұқсаттардың көшірмелерін сақтайды. 15. Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратуды немесе өңдеуді дамыту бағдарламасын орындамаған жағдайда, мұнай және газ са­ла­сын­дағы уәкілетті орган газ жағуға рұқсатты кері қайтарып алады. 16. Қайта ұйымдастырылған және/немесе атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тір­кеу) туралы куәлікті алған сәттен бастап жер қой­науын пайдаланушы бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжат­тар­мен қоса газды жағуға рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді. Заңның 72-бабы 10-тармағына сәйкес келі­сім­шарттың қолданылуын құзыретті орган мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға газды жағуға берілген рұқсат жаңа жер қойнауын пайдаланушы анықталғанға дейінгі мерзімге ұлттық компанияға қайта ресімделуге жатады. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушы (ұлттық компания) тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұ­мыс күні ішінде осы Қағиданың 4, 5 және 6-тар­мақ­тарында көзделген рәсімдерді сақтамай-ақ газ­ды жағуға рұқсатты қайта ресімдейді. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасына қосымша Газ жағуға рұқсат алуға өтінім __________________________________________________ (ұйымның атауы, кен орны, қай сатыда) _____________________________________________________________________________________________________ (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі, жылына жағылатын газдың болжамды көлемі, млн.м3.) ______________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________ (қоса берілген құжаттардың тізбесі) 1._________________________________________________ 2._________________________________________________ 3._________________________________________________ 4._________________________________________________ 5._________________________________________________ 6._________________________________________________ Ұйымның басшысы (лауазымы) ___________________________  ______________________ (қолы)              (Т.А.Ә.) м.о.                   20____ж. “____”__________