• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2010

Ветеринарлық жүйені жетілдіру – уақыт талабы

410 рет
көрсетілді

Өскеменде Қазақстанда етті ірі қара шаруа­шылығы құры­лы­мын дамыту және ветеринарлық жүйені жетілдіру жөнінде респуб­ликалық семинар-кеңес болып өтті. Оның жұмысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шө­кеев, Ауыл шаруа­шы­лығы ми­нис­трі Ақылбек Күріш­баев, облыс әкі­мі Бердібек Са­парбаев, об­лыс­тар әкімдерінің ауыл шаруа­шы­лығы мәселелері­мен шұғылда­на­тын орынбасар­ла­ры, ауыл шаруа­­шы­лығы басқар­ма­­ларының бас­шылары және басқалар қатысты. Ө.Шөкеев өң­ірде индустрия­лық-инновация­лық жобалардың қалай жүзеге асып жатқанымен танысты. Ең бірінші “Өскемен арматура зауыты” АҚ-қа атбасын бұрды. Атал­мыш кәсіпорынның өнім­де­рін Қазақстан ғана емес, көрші мем­­лекеттер де тұтынады. Елі­міз­дегі мұнай, отын-энергет­и­­калық, басқа да салаларға ауадай қажет арматура өнімдерінің сапа­сы жақ­сы. Облыс әкімі өңір бой­ынша индустрияландыру кар­та­сына 22 жобаның енгенін тілге тиек ете келіп, олардың бағасы 481 мил­ли­ард теңге болатынын хабарлады. Бұдан кейін қонақтар Шығыс Қазақстан жылыжай кешені серіктестігіне келді. Мұнда бұдан екі жыл бұрын аумағы 4,7 гектар болатын кешен дүниеге кел­ген. Өткен жылы кәсіпорында екі мың тонна томат жиналыпты. Елімізде ветеринарлық қыз­мет­­ті дамыту мәселесімен Үкімет көп­тен бері шұғылданып келеді. Мал тұқымын асылдандыру, ірі қара, қой мен ешкі, басқа да түліктерді дер кезінде егіп, түрлі ауру­лардан аман сақтау үшін басқа да профилактикалық шараларды атқару қажет. Осы жолғы семинар-кеңесті Шығыс Қазақстан облы­сында өткізудің өзіндік мәні бар. Бұл өңірде ветеринарлық жүйені жетілдіруде тыңғылықты істер атқарылуда. Ө.Шөкеев бастаған топ З.Серікбаев жетекшілік ететін республикалық ветеринарлық ла­бо­раторияға келген кезде заманауи жабдықтар мен қондырғыларды тамашалады. Кешкілік Д.Серікбаев атын­да­ғы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тех­ни­калық паркінде орналасқан ау­ыл шаруашылығы тауарлары көр­ме­сімен танысқан Ө.Шөкеев “Вос­ток-молоко”, “Зайсан сулары”, Үр­жардың “Швабские кол­бас­ки”,” Т.Шорманов басқаратын жылы­жай серіктестігінің, Нұрлан Бал­таев шығаратын 42 түрлі нан, нан-тоқаш тағамдарының сапа­сы­на жоғары баға берді. “Елбасы Н.На­зарбаев елімізде ет өнім­де­рінің сапасын арттырып, вете­ри­нар­лық жүйені жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берген. Біз семинар­ды Шығыс Қазақстанда тектен текке өткізіп отырған жоқпыз. Мұнда ветеринарлық қызмет дұ­рыс жолға қойылған. Өз облыс­тарыңызға барған соң жетістіктерді саралап, оны енгізу жөнінде батыл қадамға баратын боларсыздар” деді Ө.Шөкеев. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.