• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2010

Жер серігі көктемде көкке көтерілмек

396 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан Республи­касы мен Ресей Федерациясы ара­сындағы ынтымақтастық жөнін­дегі Үкіметаралық комиссияның “Байқоңыр” кешені бойынша кіші комиссиясының 13-ші отырысы өтті. Аталған іс-шараға еліміз Ұлт­тық ғарыш агенттігінің төрағасы Тал­ғат Мұсабаев пен Ресейғарыш агент­­­тігі басшысы Анатолий Пер­минов жетекшілік етті. Отырысқа Қазақстан мен Ресейдің мем­ле­кет­тік органдарының, мүдделі ве­дом­стволар мен ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар сарапшылар қатысты. Жиын барысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев көптен күткен “ Қазсат-2” жер серігі ғарышқа келер жыл­дың наурызында ұшырылатынын мәлім етті. Сондай-ақ, мамандар тарапынан Байқоңырдағы екі ел арасындағы салық айырмашы­лы­ғын біріздендіруге, зейнетақыны реттеуге қатысты біршама жұмыс­тардың жүргізілгені де назардан тыс қалмады. Ресей тарапы елімізден зы­мы­ран ұшу радиусын өзгерту туралы ұсыныстар жасап отыр. Жаңа ұсы­ныс қос жер серігін бірден ғарыш кеңістігіне алып шығатын ауыр салмақты “Протон” зымыра­ны­ның ыңғайына жақын екен. Атал­ған ұсыныс ел Үкіметі назарына ұсынылмақ. Ал, Мәскеуде ұзақ жылдан бері дайындықтан өтіп келген 2 ғарышкеріміздің көкке кө­терілетін мерзімі әлі белгілен­беген. Екі ұшқыш дайын, алайда корабльде орын жоқ. Ресейлік кемелер үш адамға ғана арналған, – деді Т.Мұсабаев. Кіші комиссияның отырысы аясында 12-ші отырысы шешімі­нің іске асырылу барысы мен өзге де “Байқоңыр” кешенінің қыз­ме­ті­не қатысты өзекті мәселелер қа­растырылды. Жұмыс қорытын­ды­сында “Байқоңыр” кешені бой­ын­ша өткен осы отырыстың хатта­ма­сына қол қойылды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.