10 қарашада Астанада Қазақстанда ресми сапармен жүрген Қытай Халықтық Консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлинь Отан қорғаушылар монументіне себетпен гүл қойды.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов, осы палатаның депутаттары Кенжеғали Сағадиев пен Әмзебек Жолшыбеков, басқа да ресми өкілдер қатысты деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.