• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Ұйым шеңберіндегі және екіжақты пішіндегі өзара ықпалдастық

359 рет
көрсетілді

Ашғабадта министрдің орынбасарлары деңгейінде Қазақстан-Түркіменстан сыртқы істер министрліктері арасында кеңес өтті. Қа­зақ­стан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай өкілдік етті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Осыған дейін Ашғабад пен Ас­та­нада Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев пен Түркімен­стан Президенті Гурбангулы Бердымұ­хамедов арасында болған келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мақсатында тараптар екі­жақты және көпжақты ынтымақ­тас­тық мәселелерін кеңінен тал­қыға салды. Әңгімелесуші тараптар 1-2 жел­тоқсан күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық ба­ры­сын және оны мазмұндық то­лықтыру жағын қарастырды. Та­раптар ЕҚЫҰ жоғарғы кездесу­лерінің аясында талқыланатын қауіпсіздікті нығайту, лаңкестікке, экстремизмге және есірткі тасы­малына қарсы күрес мәселелерінде Қазақстан мен Түркіменстанның ұстанымдары бір екендігін жет­кізді. Аталған консультациялар жо­ғарғы кездесулер алдындағы Астана мен Ашғабадтың келісілген ұстанымдарын ойластыруда, сон­дай-ақ Ұйым шеңберінде ортақ аймақтық мүдделерді ескере отырып консенсусты кеңістікті нығайтуда ерекше маңызға ие. Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан мен Түркі­мен­стан халықтары арасындағы қар­қын­ды дамып келе жатқан ағай­ын­дық қатынастар бұдан кейін де бүкіл Орталық Азия аумағының тұрақты әрі ширақ дамуына негіз болатынына сенім білдірді.