• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2010

Мемлекет басшылары Бакуде бас қосады

445 рет
көрсетілді

16 және 17 қарашада Алма­тыда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Халықаралық коммерция­лық емес құқық орталығы бір­ле­сіп Орталық Азия мемлекет­тері үшін  “Үкіметтік емес ұйым­дар мен биліктің өзара қарым-қатынасы саласындағы тиімді тәжірибемен алмасу” тақырыбындағы аймақтық дөңгелек үстел ұйымдастырады, деді дәстүрлі апталық бри­фингте СІМ-нің ресми өкілі Асқар Абдрахманов. Дөңгелек үстел шеңберінде азаматтық қоғам және мем­лекеттік органдардың өзара іс-қимылы, заң қабылдау үдерісіне үкіметтік емес ұйымдардың қа­ты­суы, азаматтық қоғамның сөз бостандығына, жиналуға және бірігуге, ақпаратқа қол жет­кізуге, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін мемле­кет­тік қаржыландыруға құқық­тары мәселелерін талқылау жоспарлануда екен. 16 және 17 қарашада Вар­шавада ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Төзім­сіздік негізіндегі қылмыстармен күрес саласындағы ұлттық бай­ланыс тұлғаларының үшінші жыл сайынғы кездесуін ұйым­дастырады, оған Қазақстан тара­пынан Бас прокуратураның өкілдері қатысады, деп жалғады сөзін ресми өкіл. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер үшін ұсыныстарды қалыптастыру арқылы Ұлттық байланыс пункттерінің рөлін күшейту кездесудің мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, ол тәжірибемен алмасуға және жалпы тұрғыдан өшпенділік негізіндегі қылмыстар саласы, ал атап айтқанда, Интернет арқылы зорлыққа шақырулар жөніндегі мүмкіндіктерді жо­ға­рылату жөніндегі баста­ма­ларды зерттеуге мүмкіндік береді. А.Абдрахманов, сондай-ақ 18 қарашада Қазақстан, Әзір­байжан, Иран, Түркіменстан және Ресей президенттері Баку­де өтетін Каспий маңы елде­рі­нің Үшінші саммитіне қатыса­тынын айтты. Кездесу бары­сында Каспийдің құқықтық ахуалы жайындағы мәселелер және теңіздегі қауіпсіздікті қам­тамасыз ету жайында пікір ал­масу өтеді деп күтілуде, деді ол. 18 қарашада Астанада Қа­зақстанның Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына (ШЫҰ) төр­ағалығы шеңберінде ұйымға мүше мемлекеттер Денсаулық сақтау министрлері бірінші кеңесінің отырысы өтеді, деді қорытындысында ресми өкіл. Аталған отырыс барысында денсаулық сақтау саласындағы ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің ынтымақтасты­ғы­ның дамуымен байланысты ауқымды мәселе­лер бойынша пікір алмасу жоспарлануда. “Егемен-ақпарат”.