• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2010

Асыл жаратылыс

427 рет
көрсетілді

Көріп, көңіліңіз толған шығар, міне, 95 жастың төрінде Гүлнәр апамыз бақыт құшағында тер­бетіліп отыр екен! Осы кең құ­шақ­қа сы­йып та, сыймай да кете­тін си­қыр­лы сәттері не сан? Жай бір, елеусіз тағдыр емес. Тосын да қатыгез тағдырмен 95 жыл тай­таласқан мәрт тұлға. Кейде ит­жы­ғыс түссе де түпкі ұпайын ұтыс­қа шығарған ұлағат иесі. Әке­сі Мір­жақыптан 13 жасында көз жазып қалды. 60 жыл бойы “халық жауының” қызы ата­нып, өмірін өксітті. Іштей булы­ғып, күңірену! Әділдік безбеніне жүгіну! Ақыры, ақиқат асқақтады. Әкесі ақталды! Қызы қайта туды өмірге. Содан бергі 21 жылдың жа­зу­мен өткен қарбаласы еш титық­та­тпапты. Қазына-кеуденің көм­бесі­нен жа­құт сырлар ақтары­лыпты. “Шын­дық шырағы” атты қос кітапта алаш арыстарының өш­пес ғибра­тын мол пішіп, әйгі­лепті. Көңі­лінде әлі түгесіліп бітпеген біртуар бейнелер белең қағатын. Соның берекесіне осы тойда куә болдық. Меймандарға қос кітап сыйға тартылды. Бірі – Гүлнәр апайдың жұбайы Әбен Сатыбал­диевтің “Сөз қазына­сының кенші­сі” деген ғылыми еңбектер мен естеліктер жинағы. Онда ғалым, автор әдебиеттің көркем аударма саласын зерттеуші ретінде тың пайымдаулар жасаған. Екіншісі – Гүлнәр Міржақып­қызының “Алаштың сөнбес жұл­дыздары” деген естелік-эссесі. Ал­ғы сөзін классик-жазушы М. Ма­ғауин Прагадан жолдапты. Лебізі­нің бір легін үзілдірейік: “Осы орайда Гүлнәр Дулатованың естелік байып тұрғысындағы үш кітабы – қазақ руханиятындағы өзгеше бір қазына дер едім. Асы­рып айтылған сөз емес. Барыңыз да, нарыңыз да осы. Ахаң­ның маңдайына бітпеген, Мағ­жанның жастай кеткен, Әле­кеңнің көктей қиылған балалары қайтып келіп әңгіме айта алмайды. Гүлнәр апамның қолынан шыққан атал­мыш кітаптар – қаншама тарынса да, тамыры­мызды біржола құрта алмаған зұлмат заманнан өтіп, бізге жеткен күтпеген бір олжа”. Үстел басында үлестірілген қос кі­тап­тың қуанышына бөккен мей­ман­дарына құмарта қарап, Гүл­нәр апам марқайып та, масаттанып отырған... Сөз қасиеті шақпақ тастай жар­қылдаған сирек те әдемі бір кеш-тұ­ғын. Алаш арыстарының бейне­лері зердеде жиылып, елес­теп өтеді. Не­бір зиялылардың ұрпақ­тары отыр­­ған­дықтан болар мұнда. За­ман­нан – заман алма­сып жат­қан­дай. Аманатқа – адал­дық. Тұтас ұлттың өшіп кете жаз­дап, өршелене тіктелген теперіш­ті кезеңдері бой шымырлатады, шошынтады. Аза бойың қаза болады. Қандай құқай­ды өткерсе де иілмепті шың­дағы шынар – Гүлнәр кейуана! Патша­лық Ресей­де туып, кеңес кезеңінде алмас кездігін амал­сыз жасырған, міне, енді тәуелсіз елінің 19 жылын көзімен өткерген, жүрегімен жет­керген Г.Міржақып­қызына тәнті болмай көріңізші! Мәжіліс депутаты, академик К.Сағадиевтің сөзіне сырық бой­лаған ба, түп-тамырдан толғай ке­ліп, Парламент Мәжілісінің Төр­аға­сы О.Мұхамеджановтың құт­тық­тау хатын тапсырды. Қазақтың басқа да көрнекті ғалымдары мен жазу­шылары ғасыр жасауға иек артқан Гүлнәр апайымыздың тұлғасын сөзбен сомдады. ... Байқайсыз ба, Гүлнәр апа­мыздың жүзі сәл-пәл сынықтау, ой меңдеген. Жадырап, жайраң­дап, жар­қылдап отырған сәтін де аңғар­ғанбыз. Әйткенмен, мына суретін­де терең толғаныспен тер­бетілгені, сезім кіреукелеген сәті сезіледі. Өзі қорытынды сөзінде айтқандай, кеу­десі толған тарих ше­жіресі, ұр­паққа мұра етіп кеткі­сі бар. Сол па­рыз­­дың мұңы ма екен? 95 жас­тың сы­на­ғына сү­рін­бей жеткен сүйгүлік­тей, сын­баған сәмбі талдай қаз­диып қа­лып­ты. Міржақыптың тұя­ғы! Арыс­­тардың аманатталған аяу­лысы! Асыл жаратылыс! Бар болыңыз! Қайсар ӘЛІМ, Алматы. Суретте: Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова.