• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2010

Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

2177 рет
көрсетілді

Біз – қазақстандықтармыз! Икрам ХАШИМЖАНОВ, ОҚО өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы. Егеменді ел болып, іргемізді тік­те­генде Президент Н.Назарбаев көпұлтты мемлекетімізде этносара­лық қарым-қатынастың жаңа моде­лін ойлап тапты.1995 жылдың 1 нау­ры­зында Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы консультативтік кеңесші орган ре­тін­де құрылды. Уақыт өте келе оның құ­қықтық мәртебесі ке­ңейіп, “Қазақ­стан халқы Ассам­блея­сы туралы” Заң қабылданып, ұйым­дық жағынан кү­шейді. Пар­ла­мент Мәжілісіне тоғыз депутат сай­лауға құқылы болды. Шынында да, бүгінде Ассам­блея Қа­зақстан халқының ортақ мін­беріне айналып, әлеуметтік мәні зор мә­се­лелер кеңінен талқы­ла­на­тын болды. Біз осындай қоғам құра ал­дық деген мақтаныш сезімі көңіл қуантады. Қазіргі кезде ЕҚЫҰ-ның бүкіл ке­ңістігінде ұлтаралық және дінара­лық қатынастар проблемалары қай­тадан өзекті бола түскенін байқамау мүмкін емес. Еуропада орныққан құн­дылықтар жүйесі мен жедел өсіп келе жатқан ұлт­тық этностар мә­дениетінің арасындағы жан­жал­дар байқалады. Еуропанің түрлі өңір­лерінің өмір салтын, дәстүр­ле­рін, мә­дениетін, этностық тарихын жоқ­қа шығаруға болмайды. Бірақ та, батыстық өркениеттің құн­ды­лық­тары әлемнің басқа өңірлерінде де, сол секілді батыс қоғамының ішіндегі этностар тарапы­нан сөзсіз құр­меттелуі тиіс деген қағида да сон­дайлық әділ болып шығады. Біз­дің Ассамблея мәдениетаралық және өркение­та­ра­лық үнқатысу идея­ларын жақтайды. Көпұлтты және көпкон­фес­сиялы мемлекет ретін­де Қазақстан ұлт­шыл­дықты, діни төзбеушілікті, нә­сілшіл­дікті, ксенофобия мен антисеми­тизмді тиім­ді еңсеру үшін ұйымның ай­тар­лықтай қуатты әлеуетін пай­да­ла­нып келеді. Қазіргі таңда, Елбасы атап өт­кен­дей, АҚШ, Ресей, Қытай, Фран­ция, Ұлыбритания секілді өрке­ниетті ел­дер­дің және өзгелер­дің де Қазақстан халқы Ассамблея­сы сияқты әлемде ба­ламасы жоқ біре­гей қоғамдық инс­титуттың жұ­мыс тәжірибесін зерттеу­ге ден қою­ла­ры – ұлттық саяси бағы­ты­мыз­дың дұрыс, қолға алған істеріміздің шы­найы өмірмен үйлесіп жатқан­ды­ғының бір көрінісі. Бұл қоғамдық құрылым – ұлт пен ұлыстар достығының, бірлесіп өмір сүруінің, сөйте отырып қо­ғам­дық, мемлекеттік, халықаралық мәсе­ле­лерді шешуге бірге арала­суы­ның жарқын мүмкіндігі. Кез кел­­ген елде еш­қандай ұлтаралық қақ­­тығыссыз өмір сүруге болады, мұ­ны бүкіл әлем­ге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың са­раб­дал сая­саты, мемлекет басқаруда­ғы жар­қын қызметі, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының бүгінгі өмірі дә­лел­деп отыр. 1995 жылдан бері аталған қо­ғам­дық институт этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің басты тетігі ретінде ел тарихында маңыз­ды рөл атқарып келеді. Мен ҚХА-ның әрбір сессиясында айтылған мін­деттерге ыждағаттылықпен мән бе­ріп келемін. Әрбір сессия жылдан жыл­ға ерекше­ле­ніп келеді. Ассам­блея­ның алғашқы сессияларында 40-қа жуық этномә­дени бірлес­тік­тер қатысқан болса, бүгінгі күнде олар­дың саны 800-ден асты. Мем­лекет басшысы біздің алдымызға патриот­тық тәрбие, аза­мат­тықты және мемлекеттік тілді ны­ғайту, этнос­аралық және конфессия­ара­лық келісім секілді бағыттар бо­йын­ша тың міндеттер жүктеп, жаңа идеялар тудырушы, мемлекеттің ұлт­тық бірлік саясатының сенімді тірегі болу талаптарын қоюы Ас­сам­блея қызметінің жаңаша сипат ал­ғанын аңғартады. Міне, сол себепті біз “Әртүрлі эт­нос­­ты бір тудың астына бірік­ті­ру” де­ген ұстанымды дүние жүзіне таны­туы­мыз қажет. Танытып қана қой­май, та­ра­туымыз қажет. Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезін­дегі 4 ұран­ның бірі – Төзім­ді­лік осы мақ­сатты көздейді. Бұл, ең алдымен, бү­кіл әлем­дегі елара­лық ынтымақты, бір­лікті, тату­лық­ты көздегендіктен туып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Ас­самблеясы, оның құрамындағы этно­мәдени бірлестіктер өткен 15 жыл бойы ел тәуелсіздігінің орны­ғуы, Қа­зақстанда тұратын халық­тар­дың қилы да қиын тарихи тағ­ды­ры, бір шаңы­рақ астында тату­лық пен достыққа сел­кеу түсірмей бей­біт өмірге қол жет­кізген жағ­дайын насихаттап келеді. Президентіміздің Ассамблеяның 15-сессиясында: “Бүкіл Қазақстан мен оның әрбір этносының тағ­ды­ры үшін ең алдымен Ассамблея мү­ше­лері, мына сіздер жауап беруге тиіс­сіздер. Сіздер бірлігі жарасқан Қазақ­станның абыройы мен беде­лі­нің, ғасырлар бойы қалыптасқан жа­расымды салт-дәстүрлерінің жан­ды айғағысыздар”, – деген сөзі әрбір оңтүстікқазақ­стан­дық этно­мә­дени бірлестік басшысы­ның көңі­лінен кетпейді, жадында жат­та­лып қалды. Этносаралық қатынастар сала­сын­дағы мемлекет қызметінің ма­ңыз­ды бағыты теңгерімді тіл сая­са­тын жүр­гізу болып табылады. Мем­ле­кеті­міз­дің өзегі, оның дамуы мен қалып­тасуында шешуші тарихи рөл атқа­рушы – қазақ ұлты. Сол үшін де қазақ тілінің қолдану аясын кеңей­тудің кешенді шаралары қол­ға алынып, Қазақстан халқының бела­ғашы болатын қазақ мәде­ние­тін өркендету ісі шешімін табуы тиіс. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы өзбек этномәдени бір­лестігі ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жө­ніндегі жоғары комиссары Кнут Воллебекпен 2009-2010-2011 оқу жылдарына келісім-шартқа оты­рып, өзбек тілінде білім беретін мек­тептерде билингвал­ды және көп тіл­ді білім жүйесін да­мы­туда. Бұл де­геніміз – сабақ ұлттық тілмен қа­тар, мемлекеттік тілде жүр­гі­зіледі. Ассам­блеяның соңғы сессия­сында Елбасы ішкі арманын да жа­сы­рып қа­ла алмады. “Егер Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшелері мен бүкіл көпұлтты Қазақстан мем­ле­кет­тік тілге бет бұрса, біз бұдан бір-бірімізге жақын бола түсіп, бір-бірімізді жақсы түсінетін боламыз... Мен, сірә, екі тілде бірдей сөйлеуге тура келетін сирек Президенттердің бірі шығармын. Ал мен тек мем­ле­кет­тік тілде ғана сөйлейтін және бәрі мені түсінетін күнді арман­дай­мын”, – деді Елбасы мемлекеттік тіл мә­се­лесіне тоқталған сәтінде.  Осы ретте өзбек қауымы қазақ тілі­нің тынысын кеңейтуге өзінің үле­сін қосып келеді және алда да қоса беретін болады. Қазақ тілінде еркін, таза сөйлеп тұрған өзге этнос өкілдерін тыңдау, олар­мен пікірлесу адам жанына ерек­­ше шуақ құятын, қуаныш сый­лайтын ғажайып сезім болса, күн­де­лікті өмір­ден көріп жүргені­міз­дей, мұндай отан­дастарымыздың са­ны мемлекет­тік қызметтің әртүр­лі салаларында көбейіп келе жат­қа­нына өзіміз де куә­міз. Бұл жәйт мемлекеттік тіл сая­сатының дұрыс ба­ғытта келе жат­қанын айғақтайды. Ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін жыл сайын бір­не­ше азаматтар лайықты марапат­та­лып, өзгелерге үлгі болып келеді. Таяуда өткен ҚХА-ның ХVІ сес­сия­сында 10 азамат Ассамблеяның 15 жылдығына орай “Бірлік” алтын медалімен мара­пат­талды. Соның ішін­де біздің жерле­сіміз, өзбек эт­но­мәдени бірлестігінің “Мейірімді ана­лар” қорының төр­айы­мы Пара­хат қажы ана Хажиметова да бар. Пара­хат қажы – 11 перзент тәр­бие­­леп өсіріп отырған ардақты ана. Оның кең пейілі мен мейіріміне өз балаларына ғана емес, өзге бала­лар­ да бөленіп отыр. Сайрам ауданын­дағы  №4 балалар үйіндегі 341 жетім баланы бауырына басып, үнемі қамқорлығын аямайды. Әр мерекеде сыйлықтар таратып, же­тім­дердің маңдайынан сипайды. Соны­мен бірге, аз қамтылған отба­сы­ларға да көмегін аямайды. Мә­селен, өзбек этномәдени бірлестігі өткіз­ген “Апат айтып келмейді” акция­сына Парахат ана 100 мың тең­ге көле­мінде көмек көрсетті. Осы қайырым­дылық акциясынан түс­кен 2 300 мың теңге қаражат Сары­ағаш ауданындағы су тасқы­ны­нан залал көрген отбасы­ларға жі­берілді. Өркениет өнегесі – өз дәс­түрің­мен өмір сүру. Бұл мақсатта да Қазақстан мемлекеті барлық этнос өкілдеріне кең молынан мүмкін­дік­тер бе­ріп, бар қажетті жағдайды жа­сап қамқорлығына алып отыр. Та­рих бізді көпұлтты ел ретінде қа­лып­тастырды. Оны біртұтас мығым мемлекетке айналдыру үшін бізге тыныштық пен бірлік аса маңызды. Қа­зір жер бетінде тыныш жатқан ел кемде-кем ғой. Осы­ны еске ал­ғанда, “шүкір, еліміз тыныш” деп кеу­демізді кере бір ты­ныс­тап қа­ла­мыз. Ол – ең алдымен біз­дің елі­міз­ді мекендеген ұлыстар­дың тату­лы­ғының, дәстүрлі достығы­ның, мемлекетіміздегі саяси тұрақ­ты­лық пен қоғамдық келісім саясаты­ның ар­қасы. Бұл ел Президентінің қазақ жерін мекендеген түрлі этнос өкіл­деріне әділдікпен қарауының нә­ти­жесі деп білемін. Бірлік пен ынтымақ басты қағидамыз дейді Семейдегі корей этномәдени бірлестігінің мүшелері Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізді мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстар қазақ жерін туған елі­міз деп ардақ тұтады. Ел тұтастығын сақ­тап отырған Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы – мемлекетіміздегі бірлік пен келісімнің ордасы. Халықтың ізгі тілегімен құрылған этномәдени бір­лестіктер жылдар бойы көп­ші­лік­тің көкейінде жүрген маңызды мә­се­лелердің шешілуін қамтамасыз етіп, салт-дәстүрлерін сақтауға, тілі мен дінінің жаңғыруына оң ық­па­лын тигізіп келеді. Тағдырдың жазуымен қазақ же­рі­не көшіп келуге мәжбүр болған түр­­лі ұлт өкілдерінің қатарында ко­рей­лер де бар. Олар қоныс ау­дарған кез­ден бастап кең пейілді қазақ хал­қының қамқорлығына бөленіп, өсіп-өр­кендеу үстінде. Сол үшін корей­лер­­дің қазақ халқына ризашылығы шек­сіз. Семейдегі корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Римма Тэн осы­лай дейді. Семейдегі бірлестіктің ашыл­ғанына биыл, міне, 20 жыл то­лып отыр. Осынау ширек ғасырға жуық уақытта көпұлтты Қазақ елі ко­рей мәдениетінің сақталуына да қо­мақты үлес қосты. Мұның бір дәлелі тағдыр жазуымен аттарын Андрей, Василий, Лена деген сияқ­ты орыс есімімен атауға мәжбүр бол­­ған корейлер енді Қазақстанда өмір­­ге келіп жатқан сәбилерін Пак Си, Су Ел деген сияқ­ты байырғы есім­­дермен атауды жөн көріпті. Осынау этномәдени бірлестік Оң­түстік Кореямен де тығыз қарым-қатынаста екен. Қажетті кітаптар мен корей мәдениетіне қатысты құ­рал-жабдықтар сол жақтан әке­лі­не­ді. Үш жылдан бері корей тілін үй­ре­ну­ші­лерге арнайы курс ашылған. Курс­та тек корейлер ғана емес, өзге ұлт өкіл­де­рі де оқиды. Бірлестікке 400-ге жуық адам мүше болса, олар­дың жар­­ты­сынан көбі жастар көрі­не­ді. Жастардың арасында қазақ ті­лін жетік меңгеріп, қазақтың салт-дәс­түрін де бір кісідей білетіндер өте көп екен. Корейлер мұны ел құ­рау­шы ха­лық­қа деген құрмет деп таниды. – Біздің бірлестіктегі барлығы­мыз­ды қуантатыны – Семейде тұра­тын 350 корейдің өзара бірлігі жа­рас­қандығы. Біз тек ән айтып, би би­леу­мен ғана шектеліп қалмаймыз. Бір­лестікке мүше азаматтардың бі­лік­тілігін арттыру мақсатында жұ­мыс­тар жасап келеміз. Барлық игі­лік­тің бастауында болған Қазақстан Президентін біз қашанда қолдаймыз және Елбасының ел бірлігіне қатыс­ты бастаған жобаларын жүзеге асы­ру­ға атсалысамыз, – дейді этно­мә­дени бірлестік мүшесі Светлана Ни. Светлана Ни ханым – осыдан 20 жыл бұрын корей этномәдени бір­лестігін құруға атсалысқандардың бірі. Орталықта корей ұлтының ұлт­тық аспаптары бар. Солардың бірі – самульнури деп аталады. Салт-дәс­түр бойынша, самульнури мем­ле­кеттің бірінші адамы алдында не­месе ел-жұртқа қадірлі мейман келгенде ғана қолға алынады. Атал­ған барабан биыл Ассамблеяның 15 жыл­дығында ойналған екен. Осы жер­де біз Римма Тэн ханымды әңгі­ме­ге тарттық. – Қазақ халқының “Бипыл, би­пыл, бипыл-ай, тартшы құрбым бір күйді-ай” деп айтылатын жақсы бір әні бар. Естуімше, корей халқының би­па деп аталатын күй тартатын ұлт­тық аспабы бар екен. Сондай-ақ, мы­на ұлттық киімдеріңіз қатты қызықтырады. Ұзын әрі кең, жүріп-тұ­руға қолайлы. Ер адамдар да әйел­дер сияқты шаштарын ұзын етіп өсіріп, түйіп алатындары не себепті? – Қазір ғалымдарымыз зерттеп жа­тыр, қазақ пен корей халқының сал­ты да, тамыры да бір, екі халық та тілдік құрылымы жағынан алтай тобына жатады. Өткенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Ко­рея­ға сапарында біз тағдырлас, та­мыр­лас халықпыз деп айтты ғой. Шы­нында да бізде қоңыр үнді сіз­дер­дің домбыраға ұқсас бипа аспабы бар. Шашқа келсек, ер адамдар үй­лен­генге дейін шаштарын өсіріп, тө­бе­леріне түйіп алады. Бұл оның атақ-дәрежесін анықтауға мүмкіндік бе­реді. Салтымыздың бір ерекшелігі де осында жатыр. Кейінгі кезде Қазақ­станның барлық телеарнала­ры­нан көрсетілетін корей теле­се­риал­дарынан байқасаңыздар, әйел адам­дар да сондай көрікті етіп шаш­та­рын түйіп алады. Олардың да шаш түйістеріне қарап, кім екенін, қай топ­қа жа­та­тынын оп-оңай айыруға бо­лады. – Сериал демекші, қазір теле­ди­дарда жүріп жатқан “Құйынды ме­кен”, “Ханзада Жумонг” фильм­де­рін тамашалайсыз ба, қанша дегенмен де арғы ата-бабала­ры­ңыз­дың туған жері ғой дегендей, тағы бір сауалымыз қазақ жеріне қоныс ау­дарғанда Оңтүстік Кореядан кө­шіп келдіңіздер ме? – Иә, сериалдар Оңтүстік Кореянікі, бірлестігіміздің гүлде­нуі­не де оңтүстіккореялықтар көмек­те­сіп отыр. Бірақ біздің әке-шешеміз Сол­түстік Кореядан қоныс аударған. Жал­пы, ата-анамның Солтүстік Ко­рея қос Кореяның да арғы түбі деп ай­тып отыратыны есімде қалыпты. Қо­ныс аудару себебі – уақыт қы­сыл­таяң, тәртіп қатаң болды. Дәл қа­зақтың жеріндей берекелі де ты­ныш ел әлемде некен-саяқ. Мұны біз ба­ғалауымыз керек. Шыны керек, се­риалдарды көргім келмейді. Өйт­ке­ні, ру-руға бөлінген халық бір-бірімен соғысып жатыр. Кинода та­ри­хи шындық көрсетілгенмен, өзара соғысқанды көргеннен қиын ештеңе жоқ, дегенмен, бұл менің жеке пі­кі­рім деп есептеңіздер. – Қазақстандағы этностар өз­де­рі­нің тілдерін, ділдерін, діндерін сақ­тап, алаң­сыз ғұмыр кешуде, – деп там­сана әңгімелейді Римма Ива­нов­на. – Өскелең ұрпақ та Қазақстан ат­ты мемлекетті сүйіп өсетіні ақи­қат. Бүгінде Астана төрткүл дүниеге та­нымал қала, жер жүзіндегі рухани-мә­дени орта­лық­қа айналып келеді. Елор­дада өткен ха­лық­аралық ма­ңыз­ды іс-шараларға шетелдік мей­ман­дар тұрақты түрде қатысып жүр. Олар­дың ұлтаралық татулық тұр­ғы­сынан Қазақстаннан үйренері көп деп білемін. Қазақстанның шаңырағы – ұлт­тар мен ұлыстар татулығының алтын ар­қауы. Ассамблея қоғамдық келі­сім­нің кепілі, бірлік пен достықтың дә­некері екендігі рас. Тағдыр табыс­ты­рып, тарих тоғыстырған түрлі эт­нос өкілдерінің жұмыла жасаған игі­лік­ті істерінің арқасында бірліктің қа­зақстандық бірегей үлгісі қалып­тас­ты. Тек бірлік пен ынтымағы бар мем­лекеттің ғана болашағы кемел. Абай мен Шәкәрім, Мұхтар сынды ынтымағы жарасқан ұлылар жерін, ру­хани орда Семей өңірін жүзден ас­там ұлт пен ұлыс мекен етуде. Ал қа­ланың өзінде он төрт этномәдени бірлестік жұ­мыс істеп тұр. Осылардың ара­сын­да корей этномәдени бірлестігі де қазақпен етене іс-қимыл та­ны­тып, еліміздің ертеңі үшін жұ­мыс­та­нуда. Семей.