• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2010

Халықаралық тәжірибеге айналып келеді

376 рет
көрсетілді

Бас прокуратура қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында елеулі іс-шаралар жүргізіп келеді. Бұл жұмыстардың мақсаты ­– қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын, түрлі ел­дер­дің юрисдикцияларын ескере отырып, жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қам­тамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде, осы жылдың 11 айының ішінде ғана Қазақ­станға 24 азамат экстра­ди­ция­ланған. Олардың ішінде 9-ы Украина, Грузия, Түркия, Испа­ния және Швеция сияқты Еуропа мемлекеттерінен жеткізілді. Мәселен, Н.Шакированы қаса­қана өлтірген қылмыскер Келес Мәмбетовті экстрадиция­лауға қатыс­ты Бас прокура­тураның сауалын Испанияның мем­лекеттік соты толық қана­ғат­тандырып, өз қолдауын тапты. Осы жылдың шілдесінде Түркия мемлекеті Қазақстанға лауа­зымын теріс пайдаланғаны үшін айып­­талған ІІМ есірткі бизне­сіне қарсы күрес комитеті төр­ағасының бұрынғы орынбасары Асқар Иса­ғалиевты қайтарды. Сонымен бірге, тамыз айында Бас прокуратураның сауалы бойынша Тбилиси қа­ла­сының со­ты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасау арқылы, заңсыз жолмен алынған кіріс­­терді заңдастырған В.Пок­лоновты Қазақстанға беру ту­ралы ше­шім қабылдады. Шве­цияның құқық қорғау органдары Сток­гольм қаласында, қарақ­шы­лық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстанның тағы бір аза­маты А.Ырысметовті экстради­ция­лау мақсатында қа­мауға алды. Тамыз айында Украинадан біздің елімізде қыл­мыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 қазақстандық аза­мат әкелінді. Еуропа елдерінің аталған ше­шімдерді қабыл­дауы­на, Бас проку­ратураның осы ел­дер­дің құзы­ретті органдарымен өзара байланысты қалып­тас­тыруға бағыт­талған белсенді жұ­мысы үлкен септігін тигізді. Қыл­­­мыс жасаған қазақстандық азамат­тарға қатысты экстрадиция про­цесіне тіпті Испания мен Швеция сияқты мемлекеттермен халықара­лық келісімдердің жоқ­тығы да кедергі бола алмады. Қыл­мыстық қудалау саласын­дағы Еуропа елдерімен орна­тылған мұн­­дай ынтымақ­тас­тық халық­ара­лық тәжірибеге айна­лып келеді. Бұл шешімдер – халық­аралық стандарттарға сәйкес келетін, адамның құқықтары мен бос­тан­дықтарының сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық не­гіздері қалып­тасқан мемлекет ретінде Қазақ­стан­ның құқық қор­ғау жүйесіне деген сенімнің көрсеткіші болып табылады. “Егемен-ақпарат”.