• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2010

24 сағат

333 рет
көрсетілді

Камбоджада ұлттық мереке кезіндегі серуендеу барысында 349 адам қаза тауып, 410 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Бұл қайғылы оқиға қала­ның орталығын мереке өтіп жат­қан аралмен байланыстыратын көпірдің үстінде адамдардың кептеліп қалуы салдарынан орын алды. Бұл Камбоджа та­ри­хындағы ең қасіретті күн болып саналып отыр. * * * Үндістанның әскери-теңіз күштері грек кемесінің экипа­жын ұстады. Ал кеме құрамы Ре­сей мен Украина азаматтары болып шықты. Енді аталған елдер теңізшілері түрмеге жа­бы­луы мүмкін. Үндістан әскери-теңіз күштері Грекия кемесін тоқтату үшін ескерту оғын атуға мәжбүр болыпты. Өйткені, ол Мумбаи портын рұқсатсыз тастап шыққан екен. Ал кемені іздеу мен жолын бөгеуге ұшақ­тар, тікұшақтар және әскери корабльдер пайдаланылыпты. * * * Ресейдің Вологда облысында екі жол инспекторы жүк көлігінің масаң жүргізушісін қоя беріп, соның салдарынан оның көлігі жолаушылар автобусына барып соғылған. Оқиға салдарынан 9 адам опат болса, 8-і жарақат алған. Енді қайғылы оқиғаға әлгі екі инспектор кінәлі деп табылып отыр. Себебі, олардың өз міндет­теріне жүрдім-бардым қараған­дары анық. * * * Джон Леннон қолымен жаз­ған өлең мәтіні аукционға қойы­латын болып отыр. Алдын ала деректерге қарағанда, аты аңызға айналған “Битлз” тобы жетекшісінің өз қолымен жаз­ған өлең мәтіні 350 мың еуроға сатылуы мүмкін делінуде. Бұл өлең мәтінін Леннон 1966 жыл­ғы сәуір айында жазыпты. * * * Белгісіз біреулер Назрань қаласының орталығында автомо­бильге оқ жаудырған. Оқиға сал­дарынан бір адам қаза болған. Ин­гушетия астанасында ВАЗ-2106 автомобилін мінген белгі­сіздер ВАЗ-2114 автомәшинесін атқылаған. Оның ішінде жергі­лік­ті тұрғын отырса керек. Ал оқ атқандар жасырынып үлгерген. * * * Ресейдің федералды көші-қон қызметі Мәскеуде қазіргі кезде 340 мыңнан сәл астам мигрант бар деп есептейді. Жыл бойына Мәскеу аумағында 1,5 миллиондай шетел азаматы тұ­рып келсе керек. Олардың 1 миллион 350 мыңы есептен шы­ғып, бүгінде Ресей аумағын тастап үлгерген. Сөйтіп, Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің ел астанасында 2 миллион заңсыз мигрант жұмыс істейді деген мә­лімдемесі шындыққа сәйкес­пейтін болып отыр. * * * Австралияның Qantas әуе компаниясы өз иелігіндегі алты А380 аэробусының екеуіне ұшуға рұқсат берді. Олардың алғашқы­сы Лос-Анджелестен Сиднейге ұшып шықса, екіншісі Австра­лия­ға аптаның аяғына қарай жетпек. Бортында 459 жолау­шы­сы бар аталған үлгідегі ұшақ­тар­дың бірі үстіміздегі жылдың 4 қарашасында 4 қозғалтқышының біреуі жұмыс істемей қалғандық­тан, Сингапурге қонуға мәжбүр болып, аталған аэробустарға ұшу­ға тыйым салынған болатын. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.