• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2010

Үш тұғыр

714 рет
көрсетілді

Мемлекеттік орган, азаматтық қоғам институты және БАҚ жемқорлық дертімен күш біріктіріп күресуі керек Кеше Орал қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен форум өткізіліп онда “Нұр Отан” ХДП Ба­тыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары Кенжебай Нығмет “Ел Пре­зи­денті, партия Көшбасшысы Н.Ә.На­зарбаевтың жемқорлықпен күрестегі партия алдына қойған міндеттерін жүзеге асырудағы “Нұр Отан” ХДП облыстық фили­алы­ның міндеттері мен басымдықтары туралы” баяндама жасады. Оның бас­ты жолын баяндамашы жоға­ры­да материал тақырыпшасында қойылған міндеттерден туындатты. Аталған күресте ең алдымен партияішілік тәртіпті нығайту мен партия қызметін нақты, тиянақты әрі белсенді түрде жүргізе білудің маңызы ерекше. Бұл Елбасы, пар­тия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев қойып отырған міндет екені белгілі. Аза­мат­тар соңғы кезде партия фи­лиалы жанында құрылған қоғамдық кеңеске келіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айта бастады. Бұл – үлкен сенім деген сөз. Өңір­де әлеуметтік маңызы жоғары мем­лекеттік бағдарламаларды іске асы­ру­ға да партия филиалы айтарлықтай ықпал жасап келеді. Бұл ықпал партиялық бақылау үлгісінде көрініс табуда. Осы мақсатта құрылған партиялық бақылау бекеттері аталған бағдарламаларды өрге сүйрей алатын ықпалды күшке айналып отыр. Бұдан әрі баяндамашы “Нұр Отан” ХДП-ның 2011-2020 жыл­дар­­ға арналған сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-әрекет жөніндегі жаңа бағдарламасының жобасы және оның басты бағыттарына тоқталды. Бұл іргелі құжат сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейтуге және азамат­тар­дың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын корғауға бағытталды, деді ол. Форумда сөз алған Батыс Қа­зақ­стан облысының прокуроры Жақсылық Байтұқбаев сыбайлас жемқорлықпен күресте оның алдын алу оң нәтиже бере алатынын атап көрсетті. Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сы­байлас жемқорлықпен күрестің дең­гейін көтеру мен тиімділігін арт­тыру – барлық қоғам мүше­ле­ріне үлкен жауапкершілік жүктей­т­інін жеткізді. “Ауруын жасырған өледі” деген халық нақылын орын­ды мысалға келтірген облыс бас­шы­сы қазір сыбайлас жемқорлық көріністерін ашық айтып әшкере­лейтін кез. Бұл орайда күрестің барлық ұтымды үлгілерін бірлесіп іздестіре беруіміз керек, деді ол. Бұдан әрі Б.С.Ізмұхамбетов сыбайлас жемқорлықпен күресте, әрі жалпы қылмыс деңгейін тө­мендетуде БАҚ-та жарияланған материалдардың ықпалы мол болатынын айтты. Оқырманға ой салатын осындай дүние “Егемен Қазақстан” газетінің кешегі 23 қа­ра­ша күнгі нөмірінде “Жол айқын, іс алға басып келеді” деген тақы­рыппен жарияланғанын айтты. Бұ­дан әрі Бақтықожа Салахатдинұлы осы форумға қатысушылардың бә­рі­нен бас басылымда жарияланған осы мақаланы оқып шығуларын өтінді. Орал қаласында өткізілген жем­қорлыққа қарсы форумда Парла­мент Сенатының депутаты, “Нұр Отан” ХДП жанындағы Жемқор­лық­пен күрес жөніндегі респуб­ли­калық қоғамдық кеңестің төрағасы О.Ә.Әбдікәрімов сөз сөйледі. Біз төменде Оралбай Әбдікәрімұлының сөзін ықшамдап бергенді жөн көрдік. Бүгінгі басты мақсат сы­байлас жемқорлық көріністерін ба­рынша төмендету болмақ. Халық­аралық ұйымда жүргізілген рей­тингтік көрсеткіштерде Қазақстан­ның коррупция бойынша атқарған жұмыстары оң бағаланып отыр. Бұған тоқмейілсуге болмайды. Сы­байлас жемқорлық – қоғам үшін өте қатерлі дерт. Ол кез келген жағ­дайда өршіп шыға келуі әбден мүмкін. Осы тұрғыда айтарым, сы­байластыққа жол берген мемле­кет­тік қызметшіге қатысты белгіленген шаралар да бірізділіктен аулақ болғаны жөн. Айталық, бұған дейін жүргізілген мониторингтік зерт­теулер республикада көбіне сыбай­лас жемқорлық жөніндегі заңды ауылдық округтердің әкімдері бұзатыны белгілі болып отыр. Бұл, әрине, құқықтық сауаттылық дең­гейінің төмендігінен де орын ала­ды. Мұндай жағдайда ауыл әкімі­мен бірге, аудан әкімі де отставкаға кетуі қажет деп есептейміз. Мәсе­леге дәл осындай көзқарас тұрғы­сынан келу әділетті болады деп санаймыз. Мемлекеттік қызметкерлердің табатын табыстары мен пайдасы, жылжымайтын мүлкі жөнінде БАҚ бетінде ақпарат жариялап отыру­дың да мәнісі ерекше. Бұл акция – мемлекеттік басқару органдары басшыларына тұрғындардың сені­мін орнықтыра алатын тұтқа. Бұл көрсеткіш жөнінен Орал өңірі республикада ортаңғы орындардың бірінде тұр. Тұтастай алғанда, об­лыстан жоғары органдарға жол­да­натын арыз-шағымдардың саны азайып келеді. Яғни, бұл мысалдың өзі облыста жүргізілген саяси түсі­нік жұмыстарының деңгейі жоға­ры­лап келе жатқанынан белгі береді. “Нұр Отан” ХДП белгілеп бер­ген бағдарламаны іске асыруда облыста атап айтуға тұратын істер мол екеніне үш күндік сапар барысында көз жеткізіп отырмыз. Ендігі мақсат соны жүйелі түрде одан әрі жалғастыру деп білемін. Форумға қатысушылар талқы­ланған мәселе бойынша тиісті үн­деу қабылдады. Онда жоғарыда көрсетілген үш тұғырдың үйлесімін орнықтыру жөнінде нақты атап көрсетілген. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. ---------------------------------- Суреттерде: форумнан көріністер.