• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2010

Агроөнеркәсіпшілер бас қосты

400 рет
көрсетілді

Уақытта тоқтау жоқ. Міне, облыстағы ау­ылшаруашылық еңбеккерлері көктем­гі-жазғы қауырт жұмыстарының қорытын­дысы – күзгі табыстарын, қол жеткізген жетістіктерін ай­қындады. Сала басшылары ұйымдастырған жиында өткен мерзімде өңірде барлығы 161 млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өн­дірілгені ортаға салынды. Сондай-ақ жыл басынан бері экономиканың негізгі саласына 5,4 млрд.теңге инвестиция тартылып, бірқатар құнды жобалардың тиянағы келтірілгені де сөз болды. Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде сала­дағы шаруа қожалықтары мен өндірістік коо­пе­ративтердің жағдайлары жақсарып, биыл 1 201,3 млн.теңгеге 347 дана ауыл­шаруашылық техникалары алынып, мәшине-трактор паркі жаңартылса, кепілді түрде арзандатылған жа­нар-жағармай, тыңайтқыш алуларына көмек көрсетілген. Халықты экологиялық таза азық-түлік­пен қамтамасыз ету мақсатында 335 жылы­жай­дан 4,8 мың тонна өнім жиналып, тұты­ну­­шыларға ұсынылған. Қазіргі кезде тағы да 144 жылыжай салыну үстінде. Осылай­ша сала еңбеккерлері жылды табысты қо­рытындылайтыны байқалады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.