• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2010

Шараға әзірлік жоғары

468 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы “Астана-Арена” стадионында Есіл ауда­ны­ның әкімі Қайрат Жаңабергенов жур­налистерге жетекші Ұйым Сам­миті өтетін күндері қала аумағын ретке келтіру мен оның санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін жұ­мылдырылатын арнайы техни­ка­лар­ды көрсетті. “Есілдің сол жақ жағалауындағы жаңадан құрылған Есіл ауданы Астанаға келетін жо­ға­ры мәртебелі қонақтарды қа­был­дайтын басты әкімшілік орталық екені белгілі. Сондықтан, ол бар­лық талапқа сай болуы қажет. Бү­гінде ауданымыз 5 учаскеге бөлінді. Онда түрлі бағыттағы тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға 350-ден астам жұмысшы тартылса, ал коммунал­дық қызмет 2 ауы­сымдық жұмыс режіміне көші­ріл­ді”, – деді Есіл ауданы әкімі өз сөзінде. Ауданды саммитке дайындау бірнеше бағытта жүргізілмек. Мәселен, абаттандыру, санитар­лық тазалық, аудан көшелерін жарық­тан­дыру, қонақ үй қыз­метінің сервисін жетілдіру, мей­рам­ханадағы қызмет көрсету­лердің сапасын көтеру, ауданда орналасқан нысан­дарды Жаңа жылдық жабдық­тар­мен безендіру, сондай-ақ мемлекет­тік рәміздерді дұрыс қолдану мен Қазақ­стан Республикасының “Жар­­на­ма туралы”, “Тіл туралы” заң­дарына сәйкес, нысандарды визуалды түрде безендіру бойынша арнайы рейдтер ұйымдастыру, тұр­ғын үй кешендеріндегі заң бұзу­шы­лық­тардың алдын алу – бүгінгі таң­да Есіл ауданы әкімдігінің мой­ны­на жүктелген міндеттердің ең маңыздылары. Бірақ, осылардың ішінде Есіл ау­даны аумағын тазалықпен қамтамасыз ету мен ретке келтіруге айрықша мән берілмек. Мәселен, аудан көшелерін механи­ка­лан­ды­рыл­ған ретке келтіру мен тазалық жұмыстарына 192 арнайы автокөлік бірлігі тартылыпты. Ал механи­ка­ландырылған мұндай жұмыстардың жалпы аумағы 4 865 442 шаршы метрді құрайтын көрінеді. Оның ішінде кварталішілік ретке келтіру жұмыстарына 14 өзі аударғыш және 7 ZL-50 жүк тиегіш мәшинелер, сондай-ақ, 88 адам жұмылды­рыл­мақ. Саммит күндері бұл техни­калардың барлығы “Астана-Арена” стадионы мен “Заречный” тұрғын үй кешені маңында шоғырланатын болады. Қайрат Мырзаханұлының айтуынша, қалаға алдағы 2010-2011 жылдардың қысқы кезеңінде санитарлық тазалық пен ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру “Астана – Тазалық” ЖШС, “Астана Зеленстрой” АҚ және “Астана Орманы” МКӨ мекеме­леріне жүктеліпті. Олардың құрамында 257-ге тарта арнайы техника бар. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.