• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2010

Зияткерлік меншік құқығы қорғалуы қажет

919 рет
көрсетілді

Бұрнағы күн еліміздің Жоғарғы Соты­ның ұйымдас­тыруы­мен “ҚР зият­керлік меншік құқығын соттық қор­ғау үрдістері мен оның бола­шағы” атты халықаралық кон­ферен­ция болып өтті. Оған Жоғарғы Сот Төрағасы М.Әлімбеков, Ресей Федерациясы Жоғарғы арбитражды сотының судьясы Т.Нешетаева, Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Д. Бекбоева, ҚР кедендік реформа және сауданы ырықтан­дыру жөніндегі USAІD жобасы­ның жетекшісі М.Қоянбаева және еліміздің Жоғарғы Сотының, об­лыс­тық, аудандық соттарының судья­лары, халықаралық сарап­шылар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Конференция жұмысын ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Мұсабек Әлім­беков қазіргі уақытта зият­кер­лік меншікті қорғау әлем тө­ріндегі мемлекетіміздің алар ор­нын ай­шықтап беретін бірден-бір фактор болып табылатын­дығын айтты. Оны қорғаудың жоғары дәрежесі ғылым мен техниканың жетіс­тіктерін практикалық пай­далану барысында, әдебиет және өнер, мәдениетті дамыту мен ғы­лы­ми зерттеулерді ынты­ландыруда орасан күш береді. Соңғы екі он­жылдықта халықаралық айна­лымға түскен тауарлар мен қызмет көрсетудің аясындағы меншіктің еңбек үлесі ұлғайып келеді. Біздің елімізде сонау 90-шы жыл­дардан бастап зияткерлік мен­шікті қорғайтын құқықтық нор­маларды түбегейлі қайта қарау шара­лары қолға алына бастады. Бұл саладағы заңдар халықаралық стандарттарға неғұрлым жақын­датылды. Оған қоса қабылдан­ған заңдарға Қазақстан қатыса­тын ха­лықаралық келісімдердің басым­дылығы бекітілді. Бұл ереже халық­аралық стандарттарға сәйкес қазақ­стандық құқықты одан әрі жетіл­діре беруге жол ашады. Әрине, қазіргі таңда зияткерлік меншік құқын ойдағыдай жүзеге асырудың жолы оны нақты және тиімді қорғау болып табылады. Бұл бағытта сот маңызды рөл ат­қара ала­тыны белгілі. Ал зият­керлік мен­­шік құқығын соттық қорғауға қол­даныстағы заңмен кепілдік бе­ріл­ген. Авторлық және сабақтас құ­қықты қорғау туралы заң нор­ма­ларын сот практика­сында дұрыс қол­дану мен бірдей түсіну мақ­сатында 2007 жылы еліміздің Жо­ғарғы Соты “Автор­лық және сабақ­тас құқық қорғау туралы заңдағы бірқатар норма­ларды соттардың қолдануы тура­лы” нормативтік қалуы қабылда­ған еді. Дегенмен, құ­қық қолдану тәжірибесі аталған сала­да әлі де шешімін таппаған көп­теген мәсе­лелер бар екенін көр­сетіп отыр. Сондықтан да М. Әлім­беков өз сөзінде “зияткерлік меншік құқы­ғының тиімді қор­ғалуы мемле­кеті­міздің экономи­калық және құ­қық­­тық саясатының ең негізгі ба­ғыт­тарының бірі болуы тиіс” – деді. Аталған шара кедендік рефор­ма мен сауданы ырықтан­дыруға қа­тысты USAІD жобасымен бірлесе атқарылып отыр. Жоба­ның ең ма­ңызды бағыттарының бірі ретінде Қазақстан Республи­касы­ның БСҰ-ға енуіне зияткер­лік меншік құ­қығының қорғалу саласы өз үлесін қоспақ. Осы жо­ба­ға қатысты бүгін­де сот тәжіри­бесіне зерттеулер жүр­гізілуде. Со­ның ішінде зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты істер­дің түрлі кате­гориялары зерт­телмек. Кон­ференцияға қатысу­шы­лар қазіргі таңдағы зияткерлік мен­шік құқы­ғын қорғаудағы бір­қатар үрдістер экономикада және ақ­парат­тық технология сала­сын­дағы заңдарда көрініс таппағанды­ғын атап өтті. Соған орай олар халық­аралық нормалар мен сот прак­тикасының сараптама­лары негі­зінде зияткерлік меншік құқы­ғын қорғауды одан әрі жетіл­діру жолдарын талқылап, пікір алмасты. Конференция нәтижесі бо­йынша зияткерлік меншік құ­қығын қорғауға арналған ұсы­ныс­тар мен материалдардан жи­нақ шы­ғарылмақ. Үстіміздегі жылдың жел­тоқсан айында осы сала бо­йынша туындаған дауларды қарау­ға бай­ланысты тәжірибелік оқу құралы­ның шығарылуы көзделіп отыр. Ал 2011 жылдың басында аталмыш ғылыми-тәжірибелік конферен­цияның нәтижесі бо­йынша халық­аралық мамандар мен ғалымдардың ой-пікірі топ­тастырылған моно­графия жарыққа шықпақ. Александр ТАСБОЛАТОВ.