• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2010

Өзара құрмет көрінісі

552 рет
көрсетілді

Орынборда Алаш тарихына арналған мемориалдық тақталар ашылды Жақында Ресейдің Орынбор қаласында 1917-1920 жылдары қа­зақ­тың алғашқы Алашорда Үкі­меті мәжіліс құрған, 1-ші және 2-ші Жалпықазақ съездері өткен, сон­дай-ақ 1913-1918 жылдары “Қазақ” газетінің редакциясы орналасқан және оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйлерге мемо­риалдық тақта орнату салтанатты рәсімі болып өтті. Ескерткіш тақта­лар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасы бойынша және Ресей басшылығы мен Орынбор об­лы­сы әкімшілігінің қолдауымен орнатылды, деп хабарлады ҚР-дың РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі. Шараға Қазақстан Республика­сының Ресей Федерациясындағы Тө­тен­ше және өкілетті елшісі Зауыт­бек Тұрысбеков, Орынбор облы­сының бірінші вице-губерна­торы Валерий Рогожкин, Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев, ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің депутаттары, “Нұр Отан” ХДП өкілдері, Қазақ диаспорасы мен қала жұртшылығы қатысты. Салтанатта сөз сөйлеген З.Тұ­рыс­беков орынборлықтарға ұлы қазақ қайраткерлері туралы есте­лікке үлкен мән беріп отырғандары үшін ризашылығын білдіріп, бү­гінде Ресей мен Қазақстан әріптес­тік және одақтық қатынастардың үлгісін көрсетіп отырғандығын атап көрсетті. “Бұл – біздің мемлекет­теріміз президенттерінің саяси ерік-жігерінің, екі ел халқының шынайы тату көршілік қатынасының және ұлттық мүдделерге өзара құрметтің нәтижесі”, – деді өз сөзінде Қазақ­стан елшісі. Сондай-ақ “Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы: тарих және қа­зіргі кезең (өңірлік аспект)” деген тақырыпта жетекші Ресей және Қазақстан ғалымдарының қатысуы­мен дөңгелек үстел болып өтті. Мә­жі­ліске қатысушыларды құттық­тай келе, З.Тұрысбеков тарихтың өтпелі кезеңінде пайда болған “Алаш” қозғалысы бүгінгі Қазақстанның қалыптасуында орасан зор рөл ат­қар­ғанын атап өтті. Оның айтуын­ша, “Алаш” қазақ ұлтының идея­лық тұр­ғыдан өзіндік бірізділендіру, ха­лықтың әлем тарихында өзінің орнын айқындау бағыттарында тұңғыш тәжірибесі болып табылады.