Кеше Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысына Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы М.Тәжин, Президенттің көмекшісі Н.Ермекбаев қатысты.
Кеңес барысында Мемлекет басшысына елорданың Саммит аясындағы барлық іс-шараларға дайындығы туралы баяндалды.
----------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.