• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2010

Сөз бостандығына шектеу жоқ

1131 рет
көрсетілді

Кеше Өнер ұлттық институ­тының ғимаратында орналас­қан баспасөз орта­лығында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жө­ніндегі өкілі Дунья Мия­тович Шолу конферен­ция­сының сессиялары аралы­ғын­­дағы үзілісте жиынға арнайы кел­ген шетелдік және қазақ­стандық журна­листерге  бри­финг өткізіп, БАҚ бостан­дығы мәселелері жайында айтып берді. Дунья Миятович ханым­ның хабардар етуінше, элек­тронды бұқаралық ақпарат құралда­рын­да және газет-журналдарда қызмет ететін журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде аса өткір мәсе­лелердің бірі болып отыр. Оларды  соқ­қыға жығу, қорқыту етек алып ба­рады. ЕҚЫҰ сол проблема­ларды шешу жолында тыңғы­лық­ты жұмыстарды қолға алуда. Бұл мәселелер Ұйымға мүше мем­ле­кеттер  үкіметтерінің назарынан тыс қалмақ емес. Интернет құралдарын елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін пайдаланатындар да жиі көрініс беруде. Оған жол беруге болмайды. Бүгінгі Шолу  конференциясының БАҚ бостандығы жөніндегі сессиясы жұмысында осыған байланысты мәселелер талқыланады. Бұдан соң Дунья Миятович журналистер тара­пынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. “Дейли телеграф” агенттігінің өкілі Рахат Әлиевтің Қазақ­стандағы  веб-сайты неге жабылғаны туралы сұрақ қойды. Дунья Миятовичтің айтуына қарағанда, бұл мәселе жөнінде Қазақстан Үкіметіне хабарланған. Біздің өз тарапымыздан бұған қосарымыз – Рахат Әлиевті  Қазақстан соты қыл­мыскер деп танып, оны 40 жыл мерзімге соттады. Оның веб-сайтындағы ақпа­раттар мен мақалалар Қа­зақ­станның ұлттық қауіп­сіздігіне нұқсан келтіреді. Келесі сұрақ біздің елі­міздегі сөз бостандығы жөнінде қой­ыл­ды. Елімізде баспасөз бостан­ды­ғы сал­танат құрған. Мем­лекеттік және тәуелсіз БАҚ-тар ақпарат таратады. Баспасөз бостандығына ешкім де шектеу қойып отырған жоқ. Дунья Миятовичтің айтуын­ша, бұл мәселеде пробле­малар бар. Оны елдің тиісті құрылымдарымен бірлесе отырып шешуге болады. Бұдан кейінгі сұрақ Қыр­ғыз­стандағы төңкеріске байланыс­ты қойылды. Брифинг өткі­зу­ші­нің сөзіне қарағанда, Қырғыз­стан­дағы саяси жағдайды бірқа­тар елдердің БАҚ-тары әр қырынан көрсетті. Ал қазақстандық БАҚ-тар ондағы орын алған оқиғалар мен саяси жағдайды жан-жақты ашып көрсетті. Алып­қашты әңгімелерге жол бермеді, ұстамдылық танытты. Журналистер, сондай-ақ, “Республика” газетінің жабылуына және “Инфо” газетінің бұрынғы бас редакторы Р.Есіркеповтің сотты болуына байланысты да сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға да  ол қысқа әрі нұсқа түрде жауап қайтарды. Оның сөзіне қарағанда ол бұл мәселелерден хабардар. Оны осы елдің тиісті мекемелері арқылы шешкен жөн. Осы жерде айта кетейік,  Р.Есіркепов ұлттық қауіпсіздігімізге қатыс­ты құпияны баспасөз бетінде жариялағаны үшін сот­талған болатын.  Кейбір әріптестеріміздің барлығын біле отырып, сөз бостандығын желеу ету арқылы тәуел­сіз елімізге күйе жаққысы келетіндері қызық-ау, осы.