• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2010

Спутниктік телеарналар көрсетіле бастады

427 рет
көрсетілді

Газетіміздің 5 қараша күнгі са­нында “Отандық теларналарды ал­мастырған “тәрелкелер” деген ма­қала жарияланып, онда ауылдардың отандық телеарналарды көру мүм­кіндігі әлі де болса, шектеулі, 14 мың­ға жуық ауылдықтар өз еліміздің емес, Ресейдің телехабарларын, күн­делікті сол жақтың жаңалықтарымен жақсы таныс екендігі айтылып еді. Енді міне, күткен күн де келіп жетті, облыста тұң­ғыш рет спутниктік те­лехабарлар көр­сетіле бастады. Облыс әкімі Бақыт­жан Сағынтаев пен Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев отандық теле­ха­барларды шалғай ауыл­дарға дейін жет­кізетін озық тәжірибені қол­да­нысқа енгізуге орай биылғы жылдың қазан айында меморандумға қол қойған болатын. Сөйтіп, облыс әкі­мі­нің бұл бастамасы қанат қақты жо­ба ретінде елімізде алғашқы бо­лып жүзеге асты деуге болды. Қазір сан­дық жүйе бойынша берілетін теле­ха­барларды жеткізетін арнайы құрал-жаб­дықтар Екібастұз қаласы ауыл­дық аумағына қарасты Ақкөл, Өлеңті ауылдарына, Лебяжі ауданының Бай­­мол­­дин, Тақыр, Тереңкөл ауыл­дарына, Шарбақты ауданының Ше­г­і­рен, Есілбай ауылдарына, Ертіс ауданының ауылдарында орнатылды. Шалғайдағы Шегірен ауылында 20 отбасы арнайы қабылдағыш құ­рал­дың көмегімен отандық теле­арна­ларды көруде. Енді ауылдықтар  21 телеар­наны қосып тамашалай алады.  Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқар­ма­сының бас маманы Мұрат Сұл­тан­бековтың айтуынша, бұл жұмыстар бұдан әрі қарай облыстың Ақтоғай, Железинка, Қашыр, Успенка және басқа да аудандарға жеткізілетін бо­ла­ды. Облыс әкімі Бақытжан Сағын­таевтың тапсырмасына орай  теле­хабарлар тарататын құрал-жабдықтар аз қамтамасыз етілген 600 отбасына тегін орнатылып беріледі. Бұл үшін бюджеттен қаржы да қарастырылған. Ал, ауқатты отбасылар  фирмаларға  22 мың теңге төлеп, орната алады. Сөй­тіп, қазір қанатқақты жоба ар­қы­лы облысымызда отандық тел­е­ар­налар көруге жол ашылды. Бірнеше теле­арналарды көру мүмкіндігі де туды. Тіпті, спутниктік телеха­бар­лар­ды көр­шілес Омбы, Новосібір об­лыстары мен Алтай өлкесін ме­кен­дейтін қазақ ағайындарымыз  көруге  қол жеткізе­тін күн де алыс емес. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.