2010 жылғы 26 қазан Астана қаласы
Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы
“Астық туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Сатып алу бағасы:
1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Trіtіcum aestіvum L.) бір тоннасына 33100 (отыз үш мың бір жүз) теңге мөлшерінде;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 4-сыныпты жұмсақ бидайдың (Trіtіcum aestіvum L.) бір тоннасына 27200 (жиырма жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде;
ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін:
жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
_____________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы “26” қазандағы №1118 қаулысына қосымша
Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның тұқымдарын сатып алу бағасы
1 тоннаға теңге
Дақылдың
Ірепродукция
ІІ репродукция
ІІІ репродукция
Атауы
1 –сынып
2-сынып
1 –сынып
2-сынып
1 –сынып
2-сынып
Бидай
50 200
47 700
44 900
42 600
40 300
38 500
Арпа
40 400
36 700
34 200
31 100
29 900
27 300