• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1118

504 рет
көрсетілді

2010 жылғы 26 қазан Астана қаласы Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы “Астық туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Сатып алу бағасы: 1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін: ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Trіtіcum aestіvum L.) бір тоннасына 33100 (отыз үш мың бір жүз) теңге мөлшерінде; 2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін: ҚР СТ 1046-2008 4-сыныпты жұмсақ бидайдың (Trіtіcum aestіvum L.) бір тоннасына 27200 (жиырма жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде; ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде; 3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін: жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. _____________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы “26” қазандағы №1118 қаулысына қосымша Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның тұқымдарын сатып алу бағасы

1 тоннаға теңге

Дақылдың Ірепродукция ІІ репродукция ІІІ репродукция Атауы 1 –сынып 2-сынып 1 –сынып 2-сынып 1 –сынып 2-сынып Бидай 50 200 47 700 44 900 42 600 40 300 38 500 Арпа 40 400 36 700 34 200 31 100 29 900 27 300