• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Елорда Саммитке сақадай сай

474 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылда­ды, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі.

Президент Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Саммиті қарсаңында тұрғанын атап өтті. Астанаға 75 ресми делегация, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері келеді. Қонақтардың саны 5 мыңнан асады. – Біз үшін, әсіресе біздің жаңа елордамыз үшін бұл бір жағынан, аса жауапкершілік, екінші жағынан, үлкен құрмет. Мен қонақтарды әуе­жайдан бастап күтіп алып, оларды қонақ үйлерге орналастыру үшін Ас­та­нада көптеген жұмыстар атқа­рылғанын білемін. Қалада көшелер абаттандырылды, қауіпсіздік, қалалық көліктің қозғалу бағыты, бос уақытты ұйымдастыру мәселелері ойласты­рыл­ды, – деді Президент. Кездесу барысында И.Тас­ма­ғам­бетов Президентке қаланың алда өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммитіне әзірлігі туралы баяндады. Әкім қазірдің өзін­де 1,5 мыңнан астам шетелдік қонақ кел­генін, олар 68 қонақ үйге орна­лас­тырылғанын мәлімдеді. Қонақтар бос уақыттарында елорданың әсем ғи­ма­рат­тарымен танысып, қаланың қо­нақ­жай дәстүріне қанығатын болады. – Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, барлық нысандар, соның ішінде, жол инфрақұрылымдары, қонақ үйлер, мейрамханалар, сондай-ақ Саммит жұ­мысы өтетін орындар дайын. Біз­дің қонақтарымыздың көңілінен шы­ға­ды деп ойлаймын, – деді И.Тас­ма­ғам­бетов. Кездесудің аяғында Президент қазақстандықтар Саммиттің өткі­зі­луін қолдап, көптеген хаттар жол­да­ғанына, ал БАҚ материалдар жария­ла­ғанына тоқталды. Қазақ­стандық бизнестің өкілдері Сам­миттің өтуіне қаржылық қолдау көрсетуде. – Бұл үшін барша қазақ­стан­дықтарға рахмет. Біз Саммитті жоға­ры деңгейде өткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.