Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Хан Шатыр” кешенінде ЕҚЫҰ-ның Саммитіне қатысушылардың құрметіне ұйымдастырылған қабылдауға қатысты.
Қабылдауға БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз Республикасының Өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отунбаева, бұрынғы Югославия Республикасы Македония Президенті Георге Иванов, сондай-ақ өзге де делегация басшылары қатысты.