• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2010

Кәсіпкерлер елбасын толықтай қолдайды

378 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бізге, Қазақстан кәсіпкерлеріне, Сізді Еуропа­дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитін салтанатты жеңімпаздықпен өткізуіңіз­бен шынайы құттықтауға рұқсат етіңіз! Біз бәріміз осынау күндері бастан кешіп отыр­ған зор толғаныс оқиғаның дәуірлік сипатына және Сіздің аса көрнекті басшылығыңыз жағдайында ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы ретінде біздің еліміз өз мойнына алып, абыроймен атқарып шық­қан аса жоғары жауапкершілікке байланысты бо­лып отыр. Бұл оқиға ұйымның өзі үшін ғана емес, со­нымен бірге ЕуроАзиялық материк үшін де, сон­дай-ақ тұтастай бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін нәтижесі жағынан таңғаларлық, мәні жағы­нан тө­тенше маңызды болды. Қазақстан елордасындағы Саммит бүкіл осы заманғы және мұның алдындағы тарихта ТМД кеңістігіне осындайлық мәртебелі халықаралық өкілдікті тұңғыш рет жинады. Қазақстан Лидерінің бастамасы және табанды­лығы арқасында қабылданған және өткір даулар мен келіспеушіліктерді еңсере білген «Қауіпсіздік қоғамдастығына қарай» Астана декларациясының жариялануы шараға нақты тиімділік сипатын берді. Біз үшін, отандық бизнес өкілдері үшін, біздің Президентіміздің саяси мәселелермен қатар әлем­дік қоғамдастық басшыларының назарын энергети­калық және экономикалық қауіпсіздік проблемала­рын шешу қажеттігіне аудару жәйті барынша маңызды болды. Бұл тұрғыда Сіз экономиканы тұрақтандыру, жуырдағы қаржы дағдарысының терең себептерін шешу және ЕҚЫҰ-ны мазмұнды жаңғырту жө­ніндегі өз ұсыныстарыңыздың бірінші басым­ды­ғы ретінде әлемдік валюта-қаржы жүйесін әділ анықтау жөніндегі күш-жігерді айқындап бердіңіз. Біз сондай-ақ бұл бастамалар Саммитке қатысу­шылардың көпшілігінің арасында қолдау тапқанын қуанышпен атап өтеміз, мұның өзі аталған мәсе­лелердің өзектілігін және біздің Президентіміздің оларды түсіне білуінің озық сипатын көрсетеді. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің салтанатты же­ңімпаздықпен өтуі Қазақстанның ұлттық Көшбас­шы­сының аса көрнекті жеке рөлінің арқасында мүмкін болды. Ол Сіздің беделіңіздің және тұр­лаулы, ізгі де прогресшіл өркениет қалыптас­тыруға бағытталған жасампаз бастамаларыңыздың әлемдік мойындалуы болып табылады. Саммиттің аяқта­луына орай мына жәйтті атап көрсетуге болады, Қазақстанның жас елордасы – Астана қаласы – ха­лықаралық мәндегі шешімдер қабылдаудың нақты­лы орнына, транс-атлантикалық интеграцияны транс-еуразиялық интеграциямен толықтырған әлем картасындағы маңызды геосаяси орталыққа айналды. Бұл сапалық серпіліс Қазақстанның бизнес қоғамдастығы  үшін жаңа экономикалық және сауда-саттық мүмкіндіктерін ашатыны да сөзсіз, сөйтіп бізді елімізге деген және Президентіміздің прогресшіл басшылығына деген сенімге негізделген сыртқы экономикалық қарым-қатынастың басқа деңгейіне шығарады. Өз тарапымыздан Сізді, аса құрметті Нұрсұл­тан Әбішұлы, Қазақстанның «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасына біріккен отандық кәсіпкерлер Сіздің барлық күш-жігеріңіз бен тағ­дыр­шешті бастамаларыңызға тәуелсіз Қазақ­стан­ның игілігі жолындағы өз еңбектерімен қолдау біл­ді­ретініне сендіреміз. Зор құрметпен, құттықтаумен және ең ізгі тілектермен: Қазақстанның «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы Т.Құлыбаев. Қазақстанның «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы А.Перуашев. Мемлекет басшысының атына жолданған хатқа сондай-ақ мыналар да қол қойған: – Қазақстан «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы салалық ассоциациясының – “KazEnergy” Қазақстан мұнай-газ және энергетика саласы кәсіпорындары ассоциациясының, Қазақстан Астық одағының, Тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының одағы, Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясы, Қазақстан Құрылысшылар одағы, Қазақстан Мәшине жасаушылар одағы, Қазақстан Жеңіл өнеркәсіп ассоциациясы, Қазақстан Ет одағы, Кен-металлургия саласы кәсіпорындарының ассоциациясы, «ФармМедИндустрия» медицина және фармацевтика өнеркәсібі ассоциациясы, Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы, Шағын қаржы ұйымдары ассоциациясы, Қазақстан құрылыс салушылар ассоциациясы, Қазақстан Фермерлер одағы, Қазақстан ІТ-компаниялар ассоциациясы, Қазақстан сауда кәсіпорындары ассоциациясы, Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері республикалық одағы, Қазақстан электр энергиялық ассоциациясы, Ұлттық экспедиторлар ассоциациясы, Қазақстан кеден брокерлері ассоциациясы, Қалааралық жолаушы автотасымалдаушылар ассоциациясы, Қазақстан автожолшылар ассоциациясы, Қазақстанның Интернет-ассоциациясы, ҚР Аудиторлар палатасы, Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясы жетекшілері; «Атамекен Одағы» өңірлік филиалдарының төрағалары, бизнесмендер және Қазақстанның барлық облыстары мен қалалары жекеменшік кәсіпорындарының басшылары.