• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2010

Саясат саңлақтары Астана Саммиті туралы

384 рет
көрсетілді

Андус АНСИП, Эстония Премьер-министрі: – Алдымен Сам­мит ұйым­дасты­ры­луының өте жоғары деңгейде екеніне өзім­нің қай­ран қалған­ды­ғымды жеткізейін. Барлығы керемет. Бүгін мен Эстония мен Қа­зақ­стан ара­сын­дағы қарым-қаты­нас­­тар­дың өте жақсы деңгейде екеніне тоқ­талып, оның әлі де жалғасын тауып, өрістей беретініне жұ­мыс жасай­тынымызды біл­діремін. Біз­дің бұл бағыттағы қызы­ғушы­лығымыз өте жоғары. Ив ЛЕТЕРМ, Бельгия Премьер-министрінің міндетін атқарушы: – Біз Қазақ­стан­ның төрағалық ке­зінде берген басым­дық­та­рын толық қол­даймыз. Алдымызда Ұйымның мүм­кін­дігін пайдаланып, ынты­мақ­тас­тық пен ықпалдастықты арт­тыру міндеті тұр. Бізді Астана Дек­лара­ция­сының бағыттары қуан­та­ды. Сам­мит ЕҚЫҰ тарихының бет­бұ­рысты кезеңі болады деген ой­да­мын. Қазақстанның Ұйымдағы төраға­лығы енді санаулы күнде аяқталады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесулер барысында біздің республика Ұйымды тоқыраудан алып шығуды алға қойып отыр деген болатын. Ал шетелдік қонақтар Астана осы міндетін та­бысты атқарды деген баға берді. Клаус ЧЮЧЕР, Лихтенштейн Князьдігінің Премьер-министрі: – Қазақстан ЕҚЫҰ-да өте маңызды орын­ға ие. Осында Сам­мит­тің өткізілуі – Қа­зақ­стан үшін үлкен табыс. Мен осы  тарихи оқиғаның жақсы нәти­желер әке­летініне үміт артамын. Бұлай ойлауыма Астана Деклара­циясының қабылдануы негіз болып табылады. Екіншіден, құжатта белгіленген басымдықтар Ұйымға мүше елдер тарапынан оң көзқарас таны­тылғандықтан, уақыт оздырмай реттелуге бет бұрады деп сенемін.