• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2010

Мақсатқа жету жолындағы маңызды қадам

570 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қор­ға­ныс министрі Әділбек Жақ­сыбеков Ресей Федерациясында жұ­мыс сапарымен болды. Сапар ба­рысында ведомство басшысы ре­сейлік әріптесі Анатолий Сер­дю­ковпен кездесті. Мұнда тараптар бірқатар мәселелерді қарас­тырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктері арасындағы 2011 жылғы ынтымақтастық жоспа­ры­на қол қойды. Келіссөздерде әскери-ғарыш­тық саладағы өзара іс-қимыл мә­се­лелері де талқыланды. Ол глонасс жүйесін пайдалану және Қа­зақ­станның зымырандық шабуыл­ды ақпараттық хабарлау, сондай-ақ ғарыштық кеңістікті бақылау жүйесіне қатысуға арналды. Соңғы 14 жыл ішінде Қазақ­стан Республикасының 3600-дан астам әскери қызметшісі Ресей Феде­рациясының әскери және аза­маттық оқу орындарын, сон­дай-ақ, академиялық және офицерлік курстарын тәмамдады. Қа­зіргі таңда Ресейдің 42 әскери оқу орны мен оқу орталықтарында оқудың толық бағдарламасы бо­йынша және қысқа мерзімді курстарда мыңнан астам қазақ­стан­дық әскери қызметші даярлықтан өтіп жатыр. Әділбек Жақсыбеков әскери-техникалық ынтымақтастық Ре­сей мен Қазақстан қарым-қаты­на­сындағы ең басым бағыттардың бірі әрі екі жақты байланыстарды дамытуда екі экспортер – “Қазар­нау­лыэкспорт” РМК мен “Рос­обо­рон­­экспорт” ФМУК маңызды эле­менттердің бірі деп атап өтті. Қорғаныс ведомствосының бас­шысы мұнымен бірге Қазақ­стан Қарулы Күштерінің жөндеу мен жетілдіру жұмыстарын тікелей жеткізумен ғана емес, со­ны­мен бірге жоғары техноло­гиялық өндірісті интеграциялау са­ла­сын­да да ынтымақтастықты дамытуға әзір екендіктерін атап өтті. Сон­дай-ақ ол Қазақстанда Ресей Феде­рациясымен бірлескен кәсіп­орын құруды ұсынды. Бұл жерде тек әскери техникаға қа­жетті жи­ынтық элементін ғана емес, со­нымен бірге заманауи қару-жа­рақ кешенін өндіру сала­ларына қы­зы­ғушылық білдірілді. Екі ел қорғаныс ведомство­лары басшыларының кездесуінде әскери және әскери-техни­ка­лық саладағы екі жақты ынты­­мақ­тастық белгіленген мақсат­тарға жету жолында маңызды рөл ат­қаратындығы аталды. Қа­зақстан-Ресей ынтымақ­тас­ты­ғы­ның стра­те­гиялық бағыты еске алына оты­рып, қазақ­стандық авиациялық техниканы Ресей Федера­ция­сының кәсіп­орын­да­рында жөндеу жөніндегі мәселе талқыланды. Екі мемлекеттің қорғаныс министрлері кездесуі барысында Қазақстан Орталық Азия айма­ғындағы Ре­сей­дің басты серіктесі екендігі ата­лып өтті. Әскери саладағы бай­ланыс одан әрі де қарқынды түрде дами беретініне сенім білдірілді, деп хабарлады Қор­ғаныс министрлігінің баспа­сөз қызметі.