Мәскеудегі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі отырысында қорғаныс ведомстволарының басшылары алдағы 2011 жылдағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруда бірлесіп өткізетін шараларды талқылады.
– Отырыста қаралған мәселелердің барлығы дерлік қисынды әрі бір-бірімен тікелей байланысты. Олардың дені әскери дамудың стратегиясын қамтиды және де заманауи тіршілігімізге сәйкес келеді, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – Мұнда сондай-ақ, тұжырымдылық тұрғысы сипатындағы және тәжірибелік бағыттағы өзекті мәселелер де қарастырылды.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы 2011 жылға арналған ынтымақтастық Жоспары да бар.
Қол қойылған құжаттар жауынгерлік әзірлікті бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ұйымға кіретін мемлекеттердің қарулы күштері бірігіп өткізетін халықаралық жаттығуларда біліктіліктерін жетілдіре түспек. Бұл жауынгерлік әзірлікті нығайтуға және арттыруға нақты мүмкіншілік бермек, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.