• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Он тоғыз жылдыққа – он тоғыз нысан

420 рет
көрсетілді

Иә, қойнауы құт Ақжайық өңі­­рінде тәуелсіздік күні қар­са­ңында іске қосылған нысандар саны осын­дай. Ел игілігіне қыз­мет жасай бастаған бұл ірі жо­ба­ларды мәні мен сипатына қарай үш топ­қа бөліп қарастыруға бо­ла­ды. Бұлардың біріншісі индус­трия­лық-инновация­лық даму бағ­дар­ла­масына және ин­дус­трия­лан­ды­ру картасына сай аяқ­талған ны­сан­дар болып табылады. Оның жал­пы саны – тоғыз. Аталған жо­ба­лардың жалпы құны жүз миллиард теңгеге жақындайды. О баста тікелей Елбасының өзі белгілеп берген индус­трия­лық-инно­вациялық даму дегеніміз – ауқымы мейлінше кең ұғым. Республика аумағына қызмет жасап жатқан шетелдік компанияларда қазақстандық үлесті арт­ты­ру – аталған бағдар­ла­ма­ның бас­ты бір бөлігі. Міне, инно­вация­лық өңірде іске қосылған жо­ба­лар­дың денін осындай сипаттағы өндіріс орындары құрайды. Орал қаласындағы «Агрореммаш» АҚ жанынан ашылған ыс­тық­­тай мырыштау өндірісі солар­дың бірі ғана. Қазақстанда бұның баламасы жоқ. Мұндай жоба Ук­раинада біреу, Ресейде екеу ғана екен. Яғни Оралдағы жаңа өнді­ріс орны ТМД ауқымындағы төр­тін­ші нысан болуымен ерекшеленбек. Ең алдымен ол облыс аума­ғында және республиканың өзге өңірлерінде мұ­най-газ өндіру­мен айналысатын шетелдік және отандық компания­лар­дың қа­жеттілігін толығымен өтей ала­ды. Екіншіден, осы арқы­лы мы­рышталған металл бұйым­дары им­порты үлесін әжептәуір қыс­қар­туға мүмкіндік туып отыр. Ақжайық өңірінде Тәуелсіздік күні қарсаңында құрылысы аяқ­тал­ған ең ірі нысан – Чинарев кен ор­ны аумағындағы газды кешенді өң­деу қондырғысы. Жоба­ның жалпы құны 28 миллиард теңге көлемінде. Бұл аса ірі ке­шеннің іске қосылуы аймақтағы бір­қатар әлеуметтік-экономи­ка­лық проблемаларды реттеуге ал­ғы­шарт қалайды. Зауыт тәуелсіз­діктің жиырма жылдығы кеңінен аталып өтетін алдағы 2011 жыл­дан бастап тауарлы газ шығара баста­мақ. Мұның өзі сонымен бірге сұйытылған газ өндірісі де жолға қойылады деген сөз. Жаңа зауыт­тың өндірістік қуаты та­биғи газбен ішкі рынокты қам­тып қана қой­май, сонымен бірге оны экспортқа шығаруға да жетіп артылады. Орал өңірінде іске қосылған ірі жобалардың екінші легін аг­рар­лық сектордағы жаңа өңдеу­ші кәсіп­орын­дар құрайды. Бұл республика Пре­зиденті Нұрсұл­тан Назарбаев белгілеп берген мемлекеттік саясат­тың басым ба­ғыттарының бірі бо­лып табы­ла­ды. Өңдеу, ұқсату ба­ғы­тындағы бұл жасампаз жобалардың өз ерек­шеліктері бар. Олар негізінен қалдықсыз өңдеу техноло­гия­сына не­гізделген. Осы орайда іске қо­сыл­ған нысандардың бәрін тізбелей бер­мей бұған бір-екі мысал келтіре кеткенді жөн көреміз. Айталық, «Жай­ық-ет» кешенінде іске асы­рыл­ған құны 420 миллион теңге құ­рай­тын жоба халал ет өнімдерін әзірлейді. Мәселенің мәнісі мынада. Әң­гі­ме халал ет жөнінде болып отыр­ған­дықтан, мұнда сойыла­тын мал да адал жолмен қан шы­ғарылып сойы­ла­ды. Мұндай жағ­дайда малды элек­тр тоғымен ұрып өлтіруге болмайды. Әйтпе­се ол халал ет қатарына кірмейді. Осында қойылған бүгінгі за­ман­­ғы технология осындай қадамға жол ашып отыр. Яғни, бұған дейін иісі мұсылман, араб елдері қолданып келген тәсіл бойынша малдың басы көтеріліп, мұсыл­ман­ша түсінікке сайғанда басы құ­былаға қаратылып, сойылатын мал жатқызылып, аяқта­ры бай­ла­нып жатқандай күйге келтіріледі. Бауыздау тәсілі негізінен пне­вма­тикалық, яғни ауа арқылы жанын шығару әдісіне арқа сүйейді. Іске қосылған жоба халал ет өнімдерімен облыс тұрғындарын қам­туға әрі импорттық ет баға­сын түсіруге мүмкіндік туғы­за­ды. Жаңа­дан ашылған кәсіп­орын­ға Ресей мен Еуропаның бірқатар елдері қазірдің өзінде тиісті сұраныстар түсіріп те қой­ыпты. Сонымен бірге, жобада көп­­тен бері тұрғындарды толған­ды­рып жүрген мал терілері мен жа­нуар­лардың ішкі ағзасы құры­лым­дарын кәдеге асыру мәселе­лері де қоса қарастырылған. Орал өңірін­дегі халал ет өндірісі республикада тұңғыш рет қолға алынған жобалардың бірі. Облыста ауыл шаруашылық өн­дірісін ұқсату әрі қалдықсыз технология негізінде пайда­ла­ну­ға берілгелі отырған тағы бір ірі жоба Елбасының тікелей тапсыр­ма­сына сай аяқталған 8640 бас ірі қараны бордақылап ет өндіре­тін әрі оны дай­ын өнім түрінде тұтыну­шы­лар­ға жеткізетін кластерлік кешен құ­рылысы. Облыс­тың Зеленов ауда­нын­дағы Янайкин ауылында орна­ласқан кешен бір бірімен өзара құ­рамдас, еншілес үш құрылымнан тұрады. Оның біріншісі 8,4 тонна дән сақ­тауға лайықталған қойма және жем зауыты мен ет комби­наты. Нысанға қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылар Германиядан жеткізілді. Қажетті мамандар мен технологтар тобы да іске кірісуге сақадай-сай әзір. Мұнда дайын­дал­ған ет әлемдік стандарт та­лап­тарына толық сәйкес келеді. Мұнда жылына шамамен 3454 тонна көлемінде ет өндірілмек. Осы тұрғыда бор­дақыланатын ірі қара анау-мы­нау емес, атағы ТМД кө­ле­міне және алыс шетелдерге кең та­ралған кәдімгі қазақтың асыл тұқымды ақбас сиыры екенін де айта кеткен жөн. Ақжайық өңірі аумағындағы бұл нысан негізінен экспортқа бағытталған жоба. Со­ны­мен бірге, ол ішкі сұра­нысты да қанағаттандыра алады. Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақжайықта іске қосылған жо­ба­лардың үшінші тізбегін әлеумет­тік-тұрмыстық және денсаулық сақтау нысандары, балабақшалар мен тұрғын үйлер құрайды. Бұ­лардың бәрі өз кезегінде мың­даған жаңа жұмыс орындары деген сөз. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.