• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2010

Өркенді ғұмыр – өрісті өмір

532 рет
көрсетілді

Осыдан тура жүз жыл бұрын, Қара­ғанды өңірінің шалғайдағы Шет ауда­нында туған Рахымжан Мақашұлының балалық шағы қиын кезеңмен тұспа-тұс келді. Ерте еңбекке араласып, 18 жасқа дейін талай қара жұмыстың ба­сын шалды. Содан кейін ғана оқы­сам, білім алсам деген арма­ны жетелеп, Алматыға аттанған бозбала ауыл шаруашылығы тех­никумына түсіп, көздеген мақса­ты­на қол жеткізді. Сөйтіп, әр ісіне тиянақты қарай­тын, жауапкершілікті терең сезінетін Рахаң Жетісу өңірінде жауапты қызметтер атқаруға кірісті. Еңбекке құлшына араласа бас­та­ған нағыз жалынды жас ша­ғын­да өкі­нішке қарай, соғыс деген суық сөз естілмесі бар ма? Осы зұл­мат­тың жұлынын үзу үшін көп кешікпей ол әс­керге аттанды. Ал­дымен Харьков әс­кери-саяси учи­лищесін бітіреді. Қан­­ды қыр­ғын­ның бел ортасына түс­кен жауын­гер сол бір қаһарлы жыл­дарда ро­та­ның саяси жетекшісі, соңынан үшінші Белорус майданы мен екін­ші Украин май­данында ат­қыш­­тар рота­сы­ның командирі бо­ла­ды. Осы­лайша  аға лейтенант Ра­хым­жан Мақаш­ұлы май­дан­дағы бес жыл ішінде І-дәре­желі «Отан соғысы» ордені мен Пра­ганы, Белградты жаудан боса­тып, Будапешт пен Венаны алғаны және Германия мен Жапо­ния­ны жеңгені үшін деген оннан аса медальдармен мара­патталды. Жо­ғар­ғы Бас қолбасшы­ның көп­теген алғыс хаттарының иегері болады. Ра­хым­жан Мақашұлы­на жо­ғары­дағы  атақ-абы­рой оңай­шы­лықпен келген жоқ, қым­батқа түсті. Майданда төрт рет ауыр жа­раланып, Қиыр Шығыстағы ке­ңес-жа­пон соғысы аяқталғаннан кейін ға­на 1946 жылы елге біржолата оралды. Міне, осыдан кейін ағамыз ел эко­но­микасын көтеру, соғыс зоба­лаңы салған тауқыметті түзеу секілді іске бел шеше кірісіп кетті. Рахаңның бұл бағыттағы ерен ең­бегі мен өне­гелі өмірі кейінгі ұр­паққа үлкен үлгі-өнеге. Оны Қа­зақ­станның қиыр шетіндегі, Ал­маты облысының алыс ай­мағын­дағы На­рынқол аудандық партия комитетінде нұсқаушы, об­лыс­­тық партия комитеті ауыл шаруа­шы­лығы бас­қарма­сының орын­ба­са­ры қыз­ме­тін­дегі жұмыс­та қо­лас­тын­дағы қызметкерлеріне мейірімді болған, ха­лықпен етене жа­қын ара­ласқан қа­ра­пайым, адамгершілігі мол қа­сие­ті­нен анық бай­қаймыз. Осы ерек­шелік Ра­хым­жан ағаны зор құр­метке жеткізді, елдің ыстық ықыла­сына бөледі. 1953 жылы ол Алматы облы­сының Нарынқол ауданына бірінші хатшы бо­лып тағайындалып, осы жауапты қыз­метті он жыл ат­қарды. Сондағы қазір көзі тірі  қа­риялар мен ардагерлердің Рахаң­ды ыстық ықы­ласпен еске алып, айту­ларына жү­гінсек, бұл кісіге дейінгі де, одан кейінгі де талай-та­лай хат­шы­лардың ара­сында осы ауданның абы­рой-даң­қын ас­қақтат­қан Ра­хым­жан Мақаш­ұлы ғана болған. Ұтымды ұйымдас­ты­ру­шылықтың нәти­же­сінде мұн­дағы мал және егін шаруа­шылығы жақсы өркен­деді. Құрылыс қар­қын алып, ауыл­дарға электр, телефон желілері тартылды. Со­ғыс­тан кейінгі уақыт үшін бұл үлкен жа­ңалық еді. Тіпті сол кездері, яғни 50-ші жыл­дардың  орта­сында мемлекет қойма­сына миллион пұт та астық құйылған екен. Бұл тау­лы өңір­дегі бұған дейін қол жет­пеген жоғары көр­сеткіш болатын. Өйт­кені, Нарын­қол – мал шаруа­шы­лы­ғына ғана бейім аудан ғой. Сол же­тіс­тіктер үшін аудан Бүкіл­одақтық арнайы Туға ие болды. Ал Ра­хымжан Ма­қаш­ұлының өңіріне Ленин ордені тағылып, КОКП  ХХІ съезіне делегат болып сайланды. Жақсыны жақсы десе, адам­ның мерейі өседі. Соны айта білген кісі­нің де жан сарайы жар­қырай түседі. Рахаң шын мәнінде ел сыйлайтын және өзін сыйлата білетін көшелі аупартком хат­шысы еді. Өзінен гөрі өзгелердің жайын көбі­рек ойлай­тын. Соның ішінде талай жергілікті азамат­тардың өсуіне қам­қор қолын ұсынды. «Бірінші би – халық, екінші би – тарих». Рахымжан Мақаш­ұлының іргелі істерін білетін Нарынқол елі бұл кісіні естерінен шығармай әрдайым айтып жү­реді. Өйткені абзал жан қыз­метте болған кезінде өзгелерден шапа­ғатын аямады. Қолынан іс келетін С.Сатаев, С.Байғұлов, Н.Әшім­­баев секілді шаруашылық басшы­ларын қолдап, демеп оты­руды тиісті міндетім деп білді. Ешкімді ала­лама­ды. Сондай тектілігімен көптің жүрегіне жол тапты. Осы­ның нәти­жесінде өңір өркен­деді, елдің әл-ауқаты өсті. Иә, жұрт білетін Рахымжан Мақаш­ұлы арын ардақтай білген, барын сал­мақтай білген арлы да адал азамат еді. Алды ашық, қа­былдауына кім келсе де олар қуа­нып, риза болып жадырап шы­ға­тын. Қолынан келген жақсы­лық­тың бәрін халыққа жасауға тыры­сатын. Қара­ма­ғындағыларды да елмен осы­лай жұмыс істеуге бау­литын. Сөйтіп, өзі­нен кейін ар­тында жақ­сылығын айта жүрер­лік жосықты із қалдырды. Ол осыдан кейін Қаскелең ау­данын­да бірінші хатшы болды. Мұнда да он жыл бойы абыройлы еңбек етіп, зейнет демалысына шық­қаннан кейін кәсіп­одақ жұ­мы­­сына ауысты. Майдан дала­сы­­нан алған төрт жарақат пен бас­шы­лық қызмет оңай болмады. Жүрекке де, жүйкеге де әсер етті. Соның бәрі аға ұр­пақ өкілінің өмірін қыс­қарт­пай қойған жоқ. Бірақ: «Өзім үшін туыппын, жұр­тым үшін күйіппін», дейтіндей жара­тылысы бөлек аза­мат­тың өнегелі өмірі, кейінгі ұрпақ­қа қалдырған тағылым­ды ісі көпке үлгі. «Қайраткерге ай­налған ол кісі­нің ұлағатты сөз­дері құлағы­мыз­да, жасаған жақсы істері жадымызда», – дейді Нарынқол, Қаскелең өңіріне жиырма жыл өмірін арнаған Ра­хаңды ыстық сезіммен еске алатын қариялар. Осы­ны өз құлағыңмен ес­тіп, кө­зің­мен көргенде халқы­мыздың «Адам өлген күні өлмейді, ұмы­тылған күні өледі», деген аталы сөзі рас па дейсің еріксіз. Ал Рахаң ұмытылмайтын адам. Жоғарыда біз ол кісіні көз­көр­ген­дер аса бір құрметпен естеріне алады деп айттық. Сондай жан­ның бірі Рахымжан Мақаш­ұлымен қызметтес болған әріп­тесі, Қарасай ауданының құрметті аза­маты Дмитрий Иванович Зайко. «Мен, – дейді ол, – Қаскелеңге кел­генімде аудан­дық партия ко­ми­тетінің бірінші хатшысы кең пейіл, жаны жайдары, өмірден түй­ге­ні көп, тәжірибесі де мол Ра­хымжан Мақа­шевпен жұмыс істеу бақытына ие бол­дым. Адам тани білетін, кімнің қан­дай мүм­кіндігі бар екенін бірден аңғар­та­тын, кө­ре­ген жан еді. Кадр­ларды басшы­лық қызметке қоярда іскерлік қабі­летіне қарай таңдайтын. Ауда­ны­мыздан сол кездері өсіп, Ал­ма­ты­­­дағы басқару орындарына бар­ған аза­­маттар  Мақашев мектебінен өткен ма­мандар екені мақ­таныш. Мен бақыт­ты адам­мын, өйткені өзім­нің өмір жо­лым­да осындай, Рахаң сияқты жа­ны жай­саң адамдар кездесті. Соның арқа­сында еңбегіміз ескерілді». Ол осылай десе, кезінде Ал­маты облыс­тық ақса­қал­дар алқасы­ның төрағасы болған соғыс және ең­бек ардагері марқұм Заманбек Бат­талханов: «Бойы да, ойы да, биік тұ­ратын Рахымжан Мақаш­ұлы жиыр­­ма жылдан астам Ал­маты облы­сының аудандарында бірінші хатшы бо­лып еңбек етіп, үлкен ұйым­дас­ты­рушы, басшы қыз­метіне лайық­ты кадр тәр­бие­леуде үлгі болды. Тә­лім берудің про­фес­соры, кісі тану­дың пси­хологы, өмір­дің инженері деп ата­ған болар едім ол кісіні», – деп жазып кетті естелік кітабында. Естелік демекші, 2000 жылы Ра­хым­жан Мақашұлының 80 жыл­дығына орай ұл-қыздарының ата-анасына арна­ған «Өр­кенді ғұмыр – өрісті өмір» атты кітабы жарық көрген-ді. Сол жинаққа оны жақсы білетін достары мен заман­дас­тары­ның лебіздері енгізілген. Қай­сысын оқы­саңыз да принципшіл басшы­ның ада­ми  қасиеті мен қа­ра­пайым­ды­лығына тәнті боласыз. Осындай еңбек­тері үшін КОКП ХХІ және ХХІІ съез­деріне делегат және екі мәрте Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңе­сіне депутат бо­лып сай­ланды. «Ленин», «Еңбек Қы­зыл Ту», «Ок­тябрь революциясы» ордендерімен марапатталды. Рахымжан Мақашұлы жүрек қалауы­мен қосылған өмірлік жа­ры Зияш Каме­қызы екеуі жеті бала тәрбиелеп өсірді. Зияш апай қа­рымды қажыр-қайраттың ада­мы. Ол кісі де өз уақытында жастар ісіне ара­ласып, қоғам өмі­рінде белсенділік та­ныт­қан адам. Отан соғысы кезінде «Құр­мет белгісі» ордені және «Ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» ме­даль­дарымен, Қазақ КСР Жо­ғар­ғы Кеңесінің грамота­лары­­мен мара­пат­талған. Бұл күнде Қаскелең қала­сын­дағы орталық көшелердің бірі Ра­хым­жан Ма­қашұлының есімімен ата­­лады. Елім деген азамат­тың өне­ге­­лі өмірі мен өткен жолы қашанда туған Отанымен бірге жасай бермек. Қанат ТӘКЕБАЕВ, Қазақстан Журналистер ода­- ғы сыйлығының лауреаты. Алматы облысы, Қаскелең қаласы.