• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2010

Бағыты айқын бас газет

837 рет
көрсетілді

Баспасөз-2011 Елбасының жыл сайынғы Жол­дауы мен сара саясатын ел ара­сында насихаттау мен қоғам да­муының қозғаушысына айналған «Егеменмен» жасымнан жақын дос, сырлас болғанымды әрдайым мақ­тан етемін. Газет менің ой-өрі­сімді, дүниеге деген көзқарасымды бір жүйеге салды. Кісілік, адамгершілік қасиеттерді ұстануыма ық­пал етті десем, артық айтқандық болмас. Ке­ңестік кезеңде шаруа­шы­лық партия ұйымын басқарған жылдары күн сайын жұмысымды осы басылым­мен танысудан бастап, өзге өңірлер­дегі жақсы бас­та­маларға құлақ түр­ген, оны пайда­лан­ған сәттерім жиі. Еліміз тәуелсіздік туын желбіреткен 19 жылда бас басылымның бетінде өмірімізді жаңа арнаға бұр­ған, зерттеу, тарихи, мәдени, ұлт­тық мүддеге байланысты дүниелер жарияланды. Әсіресе, тұңғыш Пре­зиденттің елі үшін атқарған еңбегі жан-жақты көрсетіліп, тұлғасы биіктей түсті. Үлкендерді айтпағанда тілі енді ғана шыққан сәбиден суретті көрсетіп, «Атаңның аты кім?» десек, жаңылмастан «Нұрсұлтан Назарбаев» деп мақтана айтады. Шү­­кір, бұл болашақ елжанды ұрпақ тәрбиелеудегі жеңісіміз деп білемін. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегі екені даусыз. Күз айларында өз еңбегінің жемісін теретін газет-журналға жазылу жал­ғасады. Осы кезде әр отбасы қапы қалмай, түбіртек толтырса, үйде оты­рып-ақ бар жаңалықтан хабардар болатыны сөзсіз. Өзім жыл сайын «Егеменмен» бірге облыстық, аудан­дық газеттерді жаздырып аламын. Ақындар мен батырлар еліндегі «Қазбаспасөз» бөлімшесіндегі Гүл­мира Сүймесіновадан «Егеменге» 1005 оқырман жазылғанын білдім. Әлі де жазылу жалғасуда. Газет – өмір айнасы десек, еліміздің бас ба­сылымына жүктелер міндет зор. Орайы келгенде бағыты айқын ба­сылым қаламгерлерін Тәуелсіздік кү­ні­мен құттықтаймын, еңбекте­ріне та­быс, отбасыларына бақыт тілеймін. Әскербек АБАЕВ, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты, ауданның құрметті азаматы. Жамбыл облысы.

Жеделхат

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті

Сауытбек Абдрахмановқа

Егемен еліміздің тыныс-тір­ші­лігін бұқара халыққа жеткізіп қана қоймай, Отанымыздың өркендеуі­не үл­кен үлес қосып келе жат­қан ­ба­­­­сылымдардың төресі – «Егемен Қа­зақ­стан» газеті. Сіз басқарып отыр­­ған басылымның деңгейі жыл­дан жылға жоғарылап, халық­ты ру­ха­ни ­азық­тандырып келеді. Ел­ба­сы­мыз­­дың сындарлы саясатын насихаттауда, ұлттар мен ұлыстар арасын­дағы ынтымақтастықты ны­­ғайтуда, ұлт­тық құндылықтарымыз бен рухы­мызды асқақтатуда сіз­дер­дің қосып жатқан үлестеріңіз орасан зор. Қарағанды облысындағы ұлы дана Абайдың есімімен аталатын аудан өткен жылы сіздердің га­зет­теріңізге жазылу барысында берілген межеден асып түскен болатын. Нақтырақ айтар болсақ жазылуға тиісті 362 данаға емес, 499 данаға жазылдық, яғни жазылу көрсет­кі­ші 138 %-ды құраған-ды. Биыл да абай­лықтар басылымға жазылу нау­­қа­нына белсенді атсалысты деуге болады, себебі, жоспардағы 410 данадан артық, 543 данаға жа­зылдық, яғни жазылу көрсеткіші 132 %-ды құрап отыр. Әлі де баспасөзге жа­зылу науқаны қызу жүріп жатыр. Ал Абай ауданы халқы атынан «Егемен Қазақстан» газетінің ұжы­мына шығармашылық табыс тілейміз және барша қазақ­стан­дық­тар­ды республика өмірінің айнасы – «Егемен Қазақстан» газетіне жа­зы­луға үндейміз. Ақпарат айды­нын­да еркін жүріп, көздеген мақ­саттарыңызға жете беріңіздер! Еркебұлан НАШАРОВ, Абай ауданының әкімі. Қарағанды облысы. *** Сізді және сіздің ұжымы­ңыз­ды алдымызда келе жатқан Қа­зақ­стан Республикасы Тәуелсізді­гі­нің 19 жыл­дық мерекесімен құт­тық­тай оты­рып, еңбектеріңізге та­­быс, кө­ңіл­деріңізге шаттық, от­ба­сыла­ры­ңызға бақыт тілейміз және қалам­да­рыңыздың ұшы қайратты бол­сын дейміз. *** Сіздің басшылығыңыздағы «Еге­­мен Қазақстан» газеті еліміз бен шет елдердегі оқиғаларды оқ­ыр­ма­нына дер кезінде жеткізетіндігімен ерекшеленеді. Ал біздің аудан хал­қы бүгінгі күнге дейін «Егеменнің» 1037 данасына жазылып отыр. *** Жылдан жылға «Егемен Қа­зақ­стан» газетіне жазылудың кө­лемі артып келеді. Бұған сіздердің га­зет­теріңізде жарияланатын ма­қа­ла­­лардың аудан жұртшылы­ғы­ның көңілінен шығуы  себеп болып отыр. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,Жуалы ауданының әкімі. Жамбыл облысы. *** Өткен жылы біздің Үлкен Владимиров орта мектебінің мұғалімдер ұжымы тұта­сы­мен, нақ­ты­лап айтсақ 70-тен астам ұстаз ел газеті «Егеменге» жазылған едік. Биылғы жылы мектебіміз мем­лекет­тік тілдегі таза қазақ білім орда­сы­на ай­налып отыр. Сол себептен де Елбасымыз «Ота­ны­мыздың бас газеті» деп өзінің лайықты бағасын берген басы­лымға тағы да ұжым болып тұта­сымен жазылдық. Руфия ҚИСАМИЕВА,  Үлкен Владимиров орта мектебінің директоры. Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы.