• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2010

Жаңа автобустар тарту етті

438 рет
көрсетілді

Бөрлі ауданының білім ошақтарына жасалып жат­­­қан қамқорлықтар легі жуырда тағы бір ізгі жақсылыққа ұласты. Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық әкімдіктің алдында тоғыз ауылдық мектеп басшыларына су жаңа «Газель» автобустарының кілті салтанатты түрде табыс етілді. Бюджет қаржысына мек­теп­терге жаңа автобустар алып беру аудан тарихында тұңғыш рет болып отыр. Бұған дейін жаңа оқу жылы қарсаңында «КПО б.в.» компаниясы ке­ніш­тің айналасында орналас­қан ауылдық мектептерге 6 ав­тобус сыйлаған еді. Жаңа­дан салынған №6 орта мектепке облыс әкімі Б.Ізмұ­хам­бетов «Паз» автобусын тарту еткен болатын. Сол кезде кө­лік кілтін алып жатқан әріп­тес­теріне қызыға қараған өзге ауылдық мектеп басшылары да екі айдан кейін сондай құр­метке ие болды. Енді, міне, 17 білім ошағының өз көлігі бар. Шәкірттеріңізді аудандық, об­лыстық білім сайыстарына, спорттық жарыстарға, басқа да мәдени шараларға қалдыр­май жеткізесіздер деп сенемін. Сонымен қатар, 15 мектеп­тің жылыту қазандығына қа­зынаның қаржысы есебінен ди­зельді электр стансалары са­тып алынып, орнатылды. Ел­дік кү­німізге орай мұндай жағымды жаңалықтар жалға­сын таба береді», – деді аудан әкімі Болат Шәкімов өз сөзінде. Айгүл АХМЕТОВА. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы.