• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Рухани байлық көзі

888 рет
көрсетілді

Қазалы кітапханасының шаңырақ көтергеніне 110 жыл Рухани байлық көзіне айнала білген Қазалы кітапханасының ірге­тасы өткен ғасырдың беташар жы­лында, яғни 1900 жыл­дың 2 жел­тоқсанында қа­лан­ған. Сол тұс­тағы уезд орталығы – Қазалы қа­ласының озық ойлы тұрғын­да­ры­ның өтінішіне орай ашылған кі­шігірім кітапхана қорының то­лы­ғуына орыс сая­хат­шылары: ака­демик А.С.Берг пен П.­П.Семенов Тянь-Шанс­кий­дің қосқан үле­сі зор. Олар өлкедегі рухани қазына оша­ғы­ның жұмысын жақ­сар­туға қа­тыс­ты ақыл-кеңес­те­рін берумен қатар, өз есептерінен Ресейдің орталығынан басылған қолға сирек түсетін 200 данаға жу­ық кі­тапты тарту еткен. Төңірегіне білім нәрін себе біл­ген, жаңалықтың жаршысына ай­налған, аяғына қаз-қаз тұрған кітап­хана уақыт өте келе шал­ғай­­дағы шағын қала жаста­ры­ның бас қосатын орталығына ай­нал­ды. Со­­лардың қатарында жас­тар­дың жалынды жетекшісі Ғани Мұ­рат­баев та бар еді. Уақыт өте келе аудан аума­ғын­дағы іргелі мә­дениет ошағының деңгейіне көтеріле білген кітапхана Үкімет қам­қор­лы­ғына алынды. Дәуір талабына сай жаңарып, жасара білген кітапхананың баға жеткізгісіз байлығы – оның Ал­тын қоры. Онда 1917 жылғы Қа­зан революциясына дейін жарық көрген, сирек кездесетін эн­ци­кло­­пе­диялар мен сөздіктер сақтал­ған. Айталық, А.­И.Со­мов­тың ре­дак­циялауымен Петербургте ба­сыл­ған «Кіші энци­кло­педиялық сөздік», В.Дальдің «Тү­сіндірме сөз­дігі» мен С.А.Венгерованың басшы­лы­ғы­мен «Бронтауэ-Эф­рон» бас­па­сы­нан шыққан «Ұлы жазушылар кітапханасы», 23 том­дық «Жаңа экономикалық сөздік» пен 8 томнан тұратын «XIX ға­сырдағы Россия тарихы» сияқты кітаптар мен сөздіктер көненің көзіндей мұқият сақталуда. Қ.ҚАРАМАН, журналист. Қызылорда облысы. Қазалы ауданы.