БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі және БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатиясы бойынша Өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енча, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының Арнайы елшісі Жәнібек Кәрібжанов пен ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Пьер Морель Қырғызстан конституциясына сәйкес жаңа парламенттің жасақталуын, спикердің сайлануы мен жаңа үкіметтің тағайындалуын құттықтады. Бұл оқиға елдегі демократиялық заңды институттардың құрылысы жолындағы маңызды қадам болып табылады, деп мәлімдеді арнайы өкілдер.
Енді үкімет алдында халықтың талап-тілегін елдің бірлігін нығайту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адал басқару мен құқықтың үстемдігі, татулықтың қауымаралық үнқатысуын жолға қою, экономиканы қалпына келтіру мен барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыру арқылы орындау міндеті тұр.