• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Еліміз дағдарыстан кейінгі дамудың даңғыл жолына түсті

535 рет
көрсетілді

2010 жылдың 11 айының қорытындылары Әлемдік қаржы дағдарысымен тиімді күрес­кен Қазақстан Үкіметінің ағымдағы 2010 жылы ат­қар­ған жұмыстары мен қабылдаған кешенді шара­лары оң нәтижесін берді. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ел экономика­сы­ның қоз­ғаушы күшіне айналған барлық негізгі салаларда өсім байқалды. Аталған кезеңдегі еліміздің әлеу­меттік-экономикалық дамуының қоры­тын­дыларына қарағанда, қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,2 пайызды құрады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйек ай­лары аралығында ішкі жалпы өнім кө­лемі 14 триллион 250,6 миллиард тең­геге жетіп, 7,5 пайызды құрап отыр. 11 айда өнеркәсіп өндірісі 10,5 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп 18,8 пайыз­ға, жүк айналымы 12,6 пайызға, ал бай­ланыс қызметі 5,0 пайызға өскен. 2010 жыл­дың қаңтар-қараша айла­рында инфляция деңгейі 7,1 пай­ызды құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыс­тыр­ған­да 0,3 пай­ыздық пунктке төмендеді. Бұл орайда еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуының оң сипатта бо­луына ішкі және сыртқы факторлар мо­лынан әсер етті. Ел экономикасының өсіміне оң әсерін тигізген негізгі сырт­қы факторларға қазақстандық тауарлар экспортының өсімін қамтамасыз еткен сыртқы сұраныстың қалпына келуі жә­не әлемдік сауданың жандануы түрткі болды. Ағымдағы жылдың 11 ай­ында өткен жылдың сәйкес кезе­ңімен салыс­тырғанда сыртқы сауда айналымы 43,1 пайызға өсті, сөйтіп 81 миллиард АҚШ долларын құ­рады. Соның ішінде экс­порт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырғанда 52,6 пайызға артып, 51,4 миллиард долларды құраса, импорт көлемі 29,1 пайызға артып, 29,6 миллиард долларды құрады. Өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстыр­ған­да, ағ­ымдағы жылдың қаңтар-қараша­сында мұнайдың және металдың әлем­дік рыноктағы баға конъюнктурасының айтарлықтай жақсаруы экспорттың өсі­міне ықпал етті. Қаржы жүйесін және экономика салаларын тұрақтандыруға ба­ғытталған кең ауқымды мемлекеттік шаралардың нәтижесінде рецессиядан шығу қамтамасыз етілді әрі дамыған жә­не дамушы елдердің басым көпші­лігінің өсім қарқыны қалпына келтірілді. Осы­лайша Қазақстанмен сауда-сат­тық жа­сай­тын әріптес елдер экономи­касы­ның өсімі де отандық экономи­ка­ның дамуына айтарлықтай оң әсерін тигізді. 11 айдың қорытындысы бойынша экономикамыздың даму көр­сеткіште­рі­нің жақсара түсуіне ішкі факторлар да барынша ықпал етті. Бұл орайда ішкі рыноктағы сұраныстың қалпына келуі экономика өсімінің жоғары қарқынын қамтамасыз еткенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, бірінші жарты­жыл­дықта ішкі сұраныс 4,3 пайызға арт­қан, оның ішінде үй шаруашылығы тұтынуындағы сұра­ныс 4,9 пайызға, ал мемлекеттік басқару орган­да­рындағы сұраныс 2,2 пайызға өскен. Есепті кезеңде эконо­ми­каның да­муына бұл фактордың ықпалы жалғасты. Сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік тұтыну көлемі де арта түсті, бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуы­на оң ықпал етті. Мәселен, әл­еуметтік саладағы, білімдегі, мәдениет­тегі және қызметтерді ұжымдық пайдалану жө­ніндегі бірқатар салалардағы мемлекеттік шығындарды ұлғайту жө­ніндегі елімізде жүргізілген саясат тауарларға және көрсетілетін қызмет­терге сұра­ныс­тың ұлғаюына ықпал еткен. Үстіміздегі жылдың басынан бері экономиканың өсуінің тұрақты қар­қыны сақталып отырғанын атап өту керек. 2010 жылдың 11 айының қо­рытын­дысы бой­ын­ша қысқа мерзімді эко­номикалық индикатор өт­кен жылдың сәйкес ке­зе­ңімен са­лыстырғанда 107,2 пайызды құрады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ішкі жалпы өнім 14250,6 млрд. тең­гені құрап, өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 пай­ызға өсіп отыр. Бұл ретте тауарлар өндірісінің нақты көлем индексі 6,1 пайызды, ал қыз­меттер өндірісі 5,2 пайызды құ­рағанын атап өту керек. 2010 жылғы қаңтар мен қыркүйек айлары ара­лығындағы ішкі жал­пы өнім құрылымында тауарлар өндірісі 43,1 пай­ызды, қызметтер кө­лемі 54 пайызды құрады. Ішкі жалпы өнімнің негізгі үлесін, яғни 31,4 пайызын өнеркәсіп өн­дірісі құрап отыр. Атап айтқанда, үсті­міз­дегі жылдың қаң­тар мен қараша айларындағы өн­ер­­кә­сіп өндірісінің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қара­ған­да 10,5 пайызға өсті. Бұл өсім өңдеу сек­торындағы өндірістің 18,8 пайызға және тау-кен өндіру сала­сындағы өнді­ріс­тің 5,7 пайызға артуы арқасында қам­­тамасыз етіліп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі электр жабдықтарын жасау өндірісінің 2,4 есеге, мәшинелер мен жабдықтар жасау өндірісінің 2,2 есеге, мәшине жасау өн­дірісінің 1,6 есеге және сусындарды өн­ді­рудің 1,4 есеге өсуі әсерінен болып отыр. Химия өнеркәсібінде қосымша өс­ім өндірісі 37,6 пайызды құрады. Тау-кен өндірісі саласындағы темір кендерін өндіру 12,9 пайызға, шикі мұ­найды өндіру 6,1 пайызға, табиғи газды өндіру 2,7 пайызға ар­тып отыр. Өнеркәсіп өнімінің ең көп өсімі Ақмола (34,3%), Қостанай (16,9%), Павлодар (16,1%), Оңтүстік Қазақстан (15,8%), Жамбыл (15,3%), Атырау (14%) облыс­та­рында және Алматы (25,4%) қала­сында байқалады. Қарастырылып отырған кезеңде құ­рылыс саласының қалпына келуі бай­қалады, атап айтқанда, 11 айдың қо­ры­тындысы бойынша өсім 2009 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 0,2 пайызды құрады. Бұл өсуге Индус­триалдандыру картасы шеңбе­рінде ин­вес­тициялық жобаларды жүзе­ге асыру мен жаңа объектілерді, оның ішінде тұрғын үй рыногындағы ны­сандарды іске қосу себеп болып отыр. Көліктің барлық түрімен жүк тасы­малдау көлемі 2010 жылдың 11 айында 16 пайызға ұлғайды. Ал байланыс са­ласындағы көрсетілетін қызметтер көлемі 5 пайызға өсті. 2009 жылдың сәйкес кезеңінде 4,4 пайызға төмендеген сауда айналы­мы­ның нақты көлем индексі 11 айда 12,4 пайызға дейін өсіп отыр. Әлемдік шикізат рыногындағы жо­ға­ры баға конъюнктурасы мен экспорт­қа бағытталған салалардағы өндірістің өсуі Қазақстанның сыртқы сауда айна­лымының артуына себебін тигізді. Үс­ті­міздегі жылдың қаңтар мен қазан ай­ларында Ресей және Беларусьпен өзара сауданы қоса алғандағы сыртқы сауда көлемі 43,1 пайызға артып 81 млрд. АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, экспорт өткен жыл­­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 52,6 пайызға өсіп 51,4 млрд. АҚШ дол­ларын құрады. Ал импорт 29,6 млрд. АҚШ долларын құрап, 29,1 пайызға өсті. Төлем балансы саль­досы оң болып 21,7 млрд. АҚШ дол­ларын құрап, 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстыр­ғанда 2 есеге өсті. Үстіміздегі жылдың 10 айында Қа­зақ­стан мен Кеден одағына мүше бы­лайғы мемлекеттер арасындағы тауар ай­на­лымы 13,5 млрд. АҚШ долларын құра­ды, оның 90 пайыздан астамы Ресейге тиесілі. 2009 жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырғанда Ресеймен тауар айна­лы­мы 1,3 есеге, ал Беларусьпен – 1,4 есеге өсіп отыр. Қарастырылып отыр­ған ке­зең­де Ресейге шығарылған экспорт көлемі 38,7 пайызға, Беларуське 3,2 есеге артты. Осы кезеңдегі Ресейден әке­лін­ген импорт көлемі 26,4 пайызға және Беларусь Республикасынан әке­лінген импорт көлемі 20,8 пайызға өсіп отыр. Экономикамыздағы инвестиция­лық белсенділік кәсіпорындар мен ұйымдар­дың өз қаражаттары үлесі­нің 33,8-ден 45,2 пайызға дейін және мемлекеттік бюджет қаражаты үле­сінің 18-ден 21 пай­ызға дейін өсуі есебінен болып отыр. Қарастырып отырған кезеңде инвестиция көлемі ауыл шаруа­шы­лы­ғында 14,0 пайызға, өнеркәсіпте 15,4 пай­ызға, құрылыста 52,8 пайызға артты. Елімізде бизнес-ахуалды жақсарту мақ­сатында және шағын және орта бизнесті қолдау үшін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Рұқсат беру жүйесін орталық және жергілікті деңгейде бірнеше ба­ғыттарда оңтайландыру жұ­мыс­тары одан әрі жалғастырылуда. Мемлекеттік органдармен бірге 335 рұқсат беру про­цеду­раларын оңтай­лан­дыру және қыс­қарту бойынша ұсы­ныстар дайындалды. Өткен жылдың 11 айымен салыс­тыр­ғанда ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет шығындарының өсімі 19,8 пай­ызды құрады. Салыстыра қарастырып отырған кезеңдегі бөлшек сауда ай­на­лымы да 12,4 пайыз өсім көрсетті. Оған шынайы табыстары мен жала­қылары­ның көбеюі есебінен халықтың төлем қабілетті­лігінің артуы себеп болып отыр. Атап айтқанда, 10 айдың қоры­тын­дысына сәйкес, 2009 жыл­дың сәй­кес кезеңімен салыстыр­ған­да еліміздегі жан басына шаққан­да­ғы орташа ақша­лай табыс – 13,4, ал шынайы табыс 6 пайызды құрады. Бір қызметкердің орташа жалақысы 15,1 пайызға, ал шынайы жалақысы 7,6 пайызға өсті. Енді ел экономикасының өсуіне дем берген негізгі салаларға тоқталсақ. Әл­ем­дік баға конъюнктурасының жақса­руы және сыртқы сұраныстың қалпына келуі мұнай мен кен өндіру көлемінің артуына ықпал етіп, 11 айдың қоры­тындысында тау-кен өндіру саласының өсім қарқынын 105,7 пайызға жеткізді. Есепті кезеңде көмір өндіру – 9,7, табиғи газ – 3,6, темір кені – 9, және мыс кені 4,1 пайызға артты. Мұнай өн­діруші ком­паниялардың алдын-ала есебі бойынша қарастырылып отырған кезеңде газ конденсатын қоса алғанда 72 млн. 488 мың тонна мұнай өнді­рілген. Ал мұнай өңдеуші компаниялар 2633,4 мың тонна бензин, 3759,3 мың тонна дизель отынын, 3436,9 мың тонна мазут және 441,3 мың тонна авиакеросин өндірді. Газ өнер­кәсібінде жаңа нә­тижелерге қол жеткізіліп, есепті кезең­дегі өнді­рілген табиғи отын 33,4 млрд. текше метрді құрады. Сондай-ақ азық-түлік тағам­да­рының, тоқыма бұйым­да­рының, мұ­най өнімдерінің, химия өнер­кәсібінің, металлургиялық өнімдер­дің және мә­шине жасау салаларының қар­қын алуы нәтижесінде өңдеуші өн­ер­кәсіптегі өсім 18,8 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың құрғақшы­лық­ты болуына қарамастан, еліміздің шаруа қожалықтары Үкімет тарапынан көрсе­тілген қаржылай қолдаудың әрі ылғал сақтау технологиясын қолдануы­ның ар­қасында біршама жақсы өнім алуға қол жеткізе алды. Дәнді дақыл­дар 15,5 млн. гектар аумақтан бас­ты­рылып, бастапқы бункерлік сал­мақта 13,9 млн. тонна астық жи­нал­ды. Өткен аптадағы Үкімет отырысын­да ағымдағы жылдың басы­нан қазіргі кезге дейінгі аралықтағы ауыл шаруа­шылығы өнім­дері өндірі­сі­нің жалпы көлемі 1,3 трлн. теңгені құра­ғанын, бұл ретте құрғақ­шылық сал­дарынан өнді­ріс көлемінің қысқаруына байланысты өсімдік шаруа­шылығынан алынатын өнімдер 22 пайызға төмен­дегенін баса айтқан Ауыл шаруашы­лығы министрі А.Күрішбаев: «Орташа өнім­ділік 1 гектардан 9 центнер болды. Бұл өткен жыл­ғы деңгейден 4,9 центнерге аз. Сонымен бірге жыл басынан бері 8,2 млн. тонна астық экспортқа жөнел­тіл­ді, бұл өткен жылғы деңгейден 34,5 пай­ыздай артық. Осы­лай­ша, астық экспор­тының жалпы көле­мінде шамамен 38 пайызды құрайтын ұн экспорты бой­ынша мемлекетіміз төр­тін­ші жыл әлемде бірінші орында келеді», – деген болатын. Жоғарыда атап өтілген астық кө­лемі және өткен жылдан қалған қор ішкі рынокты толығымен қамтамасыз етумен қатар, еліміздің 7 миллион тонна астық экспорттауына да толық мүм­кін­дік береді. Жалпы, жыл басынан бері 5,1 млн. тонна бидай және 2,1 млн. тонна ұнды сыртқы рынокқа шығаруға қол жеткіздік. Бұл орайда ұнды қоса алған­дағы астық экспорты өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыс­тырғанда 2,1 млн. тоннаға немесе 36,4 пайызға ар­тық. Сондай-ақ майлы да­қылдардың жалпы жиынтығы – 0,8 млн., көкөніс және бақша дақылдары – 3,4 млн., қант қызылшасы – 0 340 мың және картоп 2,5 млн. тоннаны құрады. Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі де өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жы­­­лы 3,1 пайыз өсім көр­сетіп, 695 млрд. теңгені құ­ра­ды. Мал басы да ар­тып келеді. Мәселен, Ауыл шаруашы­лығы минис­трлігінің деректеріне сәй­кес, 2010 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бой­ынша ірі қара саны 1 пай­ызға, қой саны 3,7 пайызға, жылқы саны 3,8 пайызға, тауық саны 2 пайызға өскен. Жыл басынан бері елдегі ет өндірісінің көлемі 3,3 пайызға, сүт өн­ді­ру 1,4 пай­ызға, ал жұмыртқа өнді­рісі 13,7 пайызға өскен. Өткен жылдың соңында құлдырап кеткен құрылыс сек­торына ағымдағы жыл­дың ақпанынан бастап жан бітіп, қазан айында біршама өрлеуге қол жеткізілді. Елі­міз­дің Үдемелі индустрия­лы-иннова­ция­лық даму бағдар­ла­масы бой­ын­ша атқарылған және тұрғын үй құ­рылы­сына салынған инвестицияны арт­тыру бағытындағы жұмыс­тар­дың жан­­дануы­ның нәтижесінде есепті ке­зең­де бұл салада 0,2 пайыз өсім бай­қалды. Атап айтқанда, қаңтар-қараша айла­рында тұр­ғын үй салу­ға 278,5 млрд. теңге ба­ғытталды, бұл өткен жылдың сәйкес ке­зеңімен салыстыр­ғанда 3,8 пайызға ар­тық. Жыл ба­сында республика бой­ынша 132 ны­санның құ­ры­­лысын аяқтау қа­жет­тігі туындаған болса, ал қазандағы деректерге сәйкес оның 40-ы пайда­лануға беріліп, 6510 үлес­кер­дің түйт­кілді про­бле­масы шешілді. Құры­лыс саласын­дағы оң үрдіске индус­трия­ландыру кар­тасы ая­сын­да инвести­циялық жоба­ларды жүзеге асыру, жаңа нысан­дар­ды, соның ішінде тұрғын үй бағытындағы нысан­дарды іске қосу елеулі әсер еткен. Үкімет қолға алған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы әрі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі көлік-коммуникация саласындағы қыз­мет­тер көлемінің өсуіне мұрындық бол­ды. Ағ­ымдағы жылдың 11 айын­да өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көліктің барлық түр­леріндегі тасымал 16 пайызға, жүк тасымалы 12,6 пайызға артты. Темір жол көлігімен тасымал­дан­ған жүк 241,5 млн. тоннаны құрады. 11 айдың қорытындысы бойынша та­сы­­мал­дан түскен темір жол саласы­ның табысы 524,6 млрд. теңгеге жетіп, өсім 39,8 пайыз болды. Жолау­шылар тасы­малы 11,8 пайызға, он­ың ішінде темір жол көлігімен 7,7 пайызға, автомобиль көлігімен 11,9 пайызға, әуе көлігімен 23,4 пайызға артты. Қазақстандық қамтуға баса назар аударып, нақты шаралар қолдана бас­таған Үкіметтің еңбегі алғашқы жемісін бере бастаған сыңайлы. Өйткені, бұған дейін 50 пайыздық межеге ма­ңай­ла­май­тын отандық тауарлар, қыз­мет­тер, жұ­мыстар көлемі 11 айдың қорытын­ды­сында 5 пайызға ілгерілегені байқала­ды. Мәселен, сөз болып отыр­ған ке­зеңдегі жер пайдалану­шы­лардың сатып алған тауарларының, қызметтерінің, жұ­мыстарының жалпы көлемі 2,5 млрд. теңгені құраса, оның ішінде қазақстан­дық қамту 1,4 млрд. теңгені құрап, 56 пайызға жетті. Сон­дай-ақ осы аралықта мемлекеттік органдармен жалпы сома­сы 185,7 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алулар туралы 569891 келісім-шарт мін­деттемесі орындалса, ондағы қазақ­стан­дық қамтудың үлесі 133,2 млрд. теңгені құрап отыр. 2010 жылғы 11 айда негізгі бағыттар бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Өңірлік жұмыспен қамту мен кадр­­ларды қайта даярлау страте­гия­сын (Жол картасы) іске асыруға 2010 жы­лы шамамен 147 млрд. теңге бөлінді. Оның негізгі бөлігі, 136,8 млрд. теңге (республикалық бюджеттен – 90,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 46,4 млрд. теңге) әлеуметтік нысан­дар мен инфрақұрылымды жөндеуге, салуға және қайта жаңғыртуға бағытталды. Қазіргі уақытта 3379 жобадағы немесе іске асыруға қабылданған барлық жобаның 94 %-дағы жұмыстар толық аяқталды, жалпы жылға бөлінген қаржы 97% игерілді. «Жол картасының» жобаларын іске асыру кезінде елімізде биылғы жылы шамамен 133 мың жұмыс орны құры­лып, оларға 129 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Бұл орайда шамамен 89 мың адам (немесе жұмысқа орналасқандардың 70%) жұмыспен қамту органдарының жолдауы бойынша орналасқан, оның ішінде 17 мың адам атаулы әлеуметтік кө­мек алатын аз қамтамасыз етілген от­басыларындағы адамдар. Жол картасы жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жа­ла­қысы 35 мың теңгені құрайды. Кадрларды даярлау және қайта даяр­лауды ұйымдастыру мақсатында өңір­лерде 2009 жылғы мемлекеттік білім тап­сырысы бойынша 20 мың адам қа­былдауды ескере отырып, 72 мың адам оқуға жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар 6,5 мың кәсіпорынмен және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарын құру ту­ралы шарт жасасқан. 2,9 млрд. теңге, яғни бір жылға бөлінген қаражаттың 95,8%-ы игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына ха­­лық­тың нысаналы топтарының іші­нен 36 мыңға жуық адам жұмыс­қа орна­ласты (бұл бір жылға жос­парланғанның 137%-ын құрайды). «Жол картасы» жоспарына сәйкес жастар практикасы бағдарламасын ке­ңей­ту шеңберінде 13,5 мың кәсіпорын, ұйымдармен шарт жасалды, жұмыспен қамту органдары жұмысқа орналас­тыру үшін оларға 38,8 мың түлекті жіберді (бұл бір жылға жоспарланғанның 145,5%-ын құрайды). Аталған жоба бойынша 2,9 млрд. теңге немесе жылдық соманың 92%-ы игерілді. Үкімет қабылдаған жүйелі шаралар еңбек рыногындағы көрсеткіштерге оң әсер етті. Бұл орайда, жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайыздық пунктке азайып, 5,6 пайызды құрады. Жұмыспен орнықты қамту және еңбек қатынастарын дамыту қандай да бір әлеуметтік қатерлер туындаған жағ­дайда халықтың әлеуметтік қорғалған­ды­ғының негізі болды және солай болып қала береді. Осыған орай биылғы жылы: 1) зейнетақының орташа мөлшерін, бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен шәкіртақыны жыл сайынғы арт­ты­ру қам­тамасыз етілді. Соңғы үш жыл­да Қа­зақстанда зейнетақы төлем­дерінің ор­таша мөлшері 1,6 еседен астам артты­рылып, бүгінгі күні 27481 теңгені құрайды; 2) мемлекеттік әлеуметтік жәрдема­қылардың орташа мөлшері 2007 жыл­мен салыстырғанда: мүгедектігі бойынша жәрдемақы 9 331 теңгеден 15282 теңгеге дейін артты­рылды; асыраушысынан айрылу жағда­йы бой­ынша 8 507 теңгеден 13709 теңгеге дейін көбейді; 3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін тө­лем­дер қосымша табыс көзі болды. Ағымдағы жылы МӘСҚ төлемдерінің мөлшері 46,3 млрд.-тан астам теңгені құрады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төртінші және одан кейінгі бала ту­ғанда берілетін біржолғы жәрдем­ақы­ның мөлшері 2009 жылмен са­лыстырғанда 1,8 есе, ал бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы орта есеппен 1,3 есе өсті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу шеңберінде со­ғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңгеден астам қа­ражат бөлінді. Ардагерлерге бір­­жолғы матери­ал­дық кө­мек төленді, со­ғысқа қа­тысушыларға тегін жол жүру құқығы берілді. Арнаулы әлеуметтік қыз­меттер жүйе­сін да­мы­ту жұмыстары би­ыл­ғы жылы да жалғасын тапты. 2009-2010 жыл­да­ры енгізілген стандарт­тар­ға қо­сым­ша қарттар мен мү­гедектерге, тірек-қимыл ап­параты бұзыл­ған бала­лар­ға арналған арнаулы әл­еуметтік қыз­мет көр­се­ту стандарты бе­кітілді, ол 2011 жыл­дан бастап іске асырылатын болады.