• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2010

Өмірдің себезгілеген сәулесі

421 рет
көрсетілді

Қостанай психоневрологиялық балалар интернат-үйінде күндізгі бө­лім ашылды. Жүйке және нев­рологиялық аурулардан зардап шегетін 1,5 және 18 жас аралы­ғын­дағы балалар таңертеңнен кешке дейінгі уақытын осында өткізуге то­лық мүмкіндік жасалды. Туған­нан мешел кішкентай бес жасар Рус­лан осы кезге дейін арбаға та­ңылып, үйінде отыратын. Анасы Елена Шепетовская ауру ұлы ту­ғалы жұмысқа да шыға алмады, шамасы жеткенше оның жағдайын жасаумен үйде отырды. Ауру бала бағудың азабын тағдыр басына салғандар жақсы біледі. – Біздің психоневрологиялық ба­­лалар интернат-үйіндегі күндізгі бө­лімге келгенімізге бір айдан ас­ты. Мен Русланның анасы болға­ным­мен, балама көп нәрсені бере алмаппын. Өсіп қалған ұлымның тамағын дайындап, оны тек көтеріп жүрумен шектеліппін. Ауру бол­ған­дықтан мазаң, етегімнен айы­рыл­май жылай беретін. Осында келгелі Руслан мультфильм көретін болды, оны түсініп те келе жатыр. Өзі теңдес балалармен ойнайды, алда­нады. Тумай жатып тағдырдың зіл батпан жүгін арқалаған балам өмірдің сәулесін сезінгендей әсер алады. Осындай жағдай жасап от­ырған мемлекетімізге де, осындағы мамандарға да менің айтар алғы­сым шексіз, – дейді Елена Анатольевна. Мұнда жүйкесі, жұлыны за­қым­данған, өзге адамның көмегіне мұқ­таж балаларды психологтар, пе­дагогтар, дефектологтар және бас­қа да мамандар лажынша жан-жақты дамытады, денсаулығын дәрігерлер бақылайды. Күндізгі бөлімде балалар дайындалатын, ойнайтын бірнеше кабинеттер жасақталған. Ол­ар­дың бірнешеуі компьютерлендірілген. Сонымен қатар науқас ба­лаларға арналған емдік массаж, физикалық жаттығу сияқты дәрі­гер­лік кабинеттер де бар. Бала­лар­дың күндіз ұйықтайтын бөлмелері де дайын. – Бұл Еңбек және әлеу­меттік қорғау министрлігіндегі жү­зеге асып жатқан реформа негізінде жасалып отыр. Сонымен қатар бұл игі іс елімізде қабылданған «Ар­найы-әлеу­меттік қызметтер туралы» заң та­лаптарының орын­да­луы да болып табылады. Күн­дізгі бөлім ауру бала баққан аналар бейнетін сәл де болса жеңілдетеді әрі баланың өзіне де жақсы. Мұнда мамандар жұмыс істеген соң, нау­қас бала көп нәрсені білетін бо­лады. Бұл оның болашағына да жақсы, – дейді облыстық ең­бекпен қамту және әл­еуметтік бағ­дар­ла­ма­лар басқарма­сы­ның бастығы Шолпан Жакитова. Қостанай психоневрологиялық балалар интернат-үйіндегі күндізгі бөлімде 20 төсек-орын дайындал­ды. Сонымен қатар он төсектік мұн­дай күндізгі бөлім Қостанай және Рудный қалаларындағы пси­хо­неврологиялық интернат үйле­рін­де де ашылды. Оларда жүйке және неврологиялық аурумен ауы­ратын 18 жастан асқан ересек жандар күндізгі уақытын өткізеді. Олар үшін де жұмыс істейтін, оқы­татын кабинеттер, демалатын ор­ындар жасақталған. Мамандардың айтуынша, алдағы жылы психо­невро­логиялық ауруларға шалдық­қан мүгедек балалар үшін мұндай күндізгі бөлімдер Рудный, Лисаков және Арқалық қалаларынан ашы­латын болады. Онда науқас бала күндіз төрт сағат болып, бір мезгіл тамақ ішіп, дайындалып, ойнап қай­татын болады. Әлеуметтік қыз­мет түрлерінің кеңеюі мүге­дек­тер­дің қоғамнан тыс қалмауына септігін тигізеді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.