• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1396

415 рет
көрсетілді

2010 жылғы 22 желтоқсан        Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы 22 желтоқсандағы №1395 қаулысына қосымша Күші жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тізбесі 1.  «Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы. 2.             «Өнеркәсіп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау субъектілерінің сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 361-құжат). 3.             «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 ақпандағы № 219 қаулысы. 4.      «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 1096 қаулысы. 5.     «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-қүжат). 6.      «Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 192-ө өкімі.